Волонтер болу – жүректің ісі Избранное

Среда, 26 Июнь 2024 04:28 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 308 раз

Шымкентте №2 Оқушылар сарайының медиа залында волонтерлік ұйымдар мүшелері баспасөз конференциясын өткізді. «Волонтерлік – мейірім кілті» тақырыбында өткен жиында олар еріктілер құрамында болудың артықшылығын түсіндірді. Баспасөз жиынына балалар ғана емес, олардың ата-аналары да қатысып, волонтерлік ұйымдар жайлы нақты ақпараттарға қанық болды.

VolonTer

 

– «Баланы – жастан...» дегендей, Оқушылар сарайындағы 10-12 жастағы балаларды қала тазалығына, жануарларға қамқорлық көрсетуге үйрету үшін, қоғамдық жұмыстарға қатыстыруды бастадық. Бүгін ол бала тазалыққа, мейірімділікке үйренсе, бұл қасиеттер өмір бойы оның жадынан өшпейді. Ата-аналарды шақыру себебіміз, ол кісілер балалардың қауіпсіз әрі пайдалы жұмыстармен айналысатынын білуі керек. Жазда үйірмелерден тыс уақыта олар қоғамдық жұмыстарға қатысады. Қыркүйек айынан бастап сенбі-жексенбі күндеріне арнайы тізім жасақталады, – дейді Оқушылар сарайының директоры Данияр Дүйсенбайұлы.
Жиын соңында оқушыларға тренинг ұйымдастырылып, «ASAA» жастар қоғамдық бірлестігінің президенті Данара Саранова ойындар өткізді. Жеңімпаздарға N2 Оқушылар сарайының басшылығы сыйлықтар мен сертификаттар табыстады.

Айдана СӘРСЕН,
М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың 2-курс студенті

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.