ӘҢГІМЕ ӨЗЕГІ – ӘКЕНІҢ ҚОҒАМ МЕН ОТБАСЫНДАҒЫ ОРНЫ Избранное

Среда, 02 Октябрь 2024 04:29 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 121 раз

Қаламыздағы «Авимед» көп салалы колледжі – жиырма жылдық тарихы бар оқу орны. Мұнда бүгінгі таңда 1 070 шәкірт арнайы білім алуда. Жұдырықтай жұмылған білім ордасында оқушыларға сапалы білім беретін білікті мамандар еңбек етуде.

ake

 

Ел Президенті Қ.Тоқаевтың дәстүрлі Жолдауы мен референдум өткізу жөніндегі саяси науқан бүгінде күн сайын қарқын алып келеді. Жақында «Әкелер мектебі» жобасы аясында қалалық ардагерлер кеңесінің бастамасымен колледж оқушыларымен ойлы кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуде Президент Жолдауынан бастау алған АЭС салу жөніндегі бүкілхалықтық референдумға қатысып, дауыс беру, қоғамдағы әкелердің орны, бабалар аманаты мен ұлттық дәстүр, ұрпақтар тәрбиесі төңірегінде келелі мәселелер мен әсерлі әңгімелер айтылды.
Бұл кездесуге Шымкент қаласы Қаратау аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Пердеш Есенбеков және ардагер-ұстаз, «Құрмет» орденінің иегері, ағарту саласының ақтаңгері Өмірхан Қозыбақ, қалалық ардагерлер кеңесінің жауапты қызметкері, Әкелер мектебінің жетекшісі Алтыбаева Гүлжамал, ардагер және қоғам белсендісі Көздібаева Абила қатысып, ой-пікірлерін ортаға салды.
Оқу орнының магистрі, мұғалім Нұрсұлтан Тұрабай жүргізген бұл кездесуді Абила апай кіріспе сөзбен ашып берді. Ал, ағарту саласының ардақты ардагері, Жетісайдағы «Алтын белгі фабрикасы» атанған Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясын ұзақ жылдар басқарған Өмірхан Қозыбақ ағамыз өнегеге толы өмір жолын, шәкірт тәрбиелеудегі мұғалімдердің ролі мен әкелердің отбасындағы тәрбиесі жөніндегі ойларын әсерлі етіп әңгімелеп берді.
Біз де оқушыларға отансүйгіштік пен патриотизм, ел мен өнерді қорғайтын білімді, білікті ұл-қыздар тәрбиелеудегі ұлттық құндылықтарды ұмытпай ұлықтауды ұғындырдық. Ұлтымыздың тарихи тағдыры мен Тәуелсіздіктің тұғырын мығым ұстауға үгіт-насихат жүргіздік. Сондай-ақ, Жолдаудағы негізгі бағыттарды түсіндіріп, референдумға қатысып, дауыс беруге шақырдық. Алтыбаева Гүлжамал апайымыз қоғамдағы, отбасындағы әкелердің алатын ерекше орнын нақты мысалдармен жеткізе отырып, әңгімеге арқау етті.

Пердеш ЕСЕНБЕКОВ,
Қаратау ауданы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « ҚАРТЫ БАР ЕЛ - ҚАЗЫНАЛЫ АДАЛ ЕҢБЕК – АДАМ КӨРКІ »