Оңтүстікте БАҚ өкілдері арасында спартакиада ойындары басталды

Среда, 10 Июнь 2015 11:34 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5162 раз
Қазақстанның Журналистер Одағы ОҚО филиалының ұйытқы болуымен 28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай 2015 жылғы 10-13 маусым аралығында Оңтүстік Қазақстан облысындағы бұқаралық ақпарат құралдары арасында дәстүрлі спорттық ойындар спартакиадасы ұйымдастырылуда. Осыған орай, бүгін Шымкенттегі Қажымұқан атындағы орталық стадионда спартакиада ойындарының ашылу салтанаты өтті.
111111111111111111iiiСалтанатты шара барысында БАҚ өкілдерінің қатысуымен флешмоб ұйымдастырылды. Спартакиаданың ашылуына арнайы келген облыс әкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов сайысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдары мен баспа мекемелерінің қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады.
2iiiiiiiiiiiiii2222222– Бүгінгі БАҚ өкілдері арасындағы спорттық шараны Елбасымыздың бұқаралық спортты дамыту бағдарламасының жүзеге асуына серпін беріп жатқан үлкен қадам деп айтуға болады. Жалпы спорттық сайысқа 15 команда қатысып жатыр. Бұл спартакиада БАҚ өкілдері арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, әріптестік қарым-қатынасты нығайтады. Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Ортақ Отанымыз – тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі жолындағы жемісті жұмыстарыңыз жалғасын таба берсін, – деді Е. Айтаханов.
333333333333yyyyyyyyyyyСондай-ақ, спартакиаданың ашылу салтанатында сөз алған облыстық мәслихаттың депутаты Әбілқасым Досболов, Қазақстанның Құрметті журналисі Байдулла Қонысбек және Қазақстанның Журналистер Одағы ОҚО филиалының төрайымы Айгүл Қапбарова сайыстың мән-маңызына тоқталып, қатысушыларға жүрекжарды лебіздерін білдірді.
444444444hhhhhhhАйта кетейік, биылғы спартакиадаға 15 командадан құралған бұқаралық ақпарат құралдары мен баспа мекемелерінің қызметкерлері қатысуда. БАҚ өкілдері спорттың 6 түрінен (шағын футбол, волейбол, жеңіл атлетика, шахмат, бильярд, жүзу) бақ сынауда.
5ggghgggggСпартакиада ойындарының жабылуы 13 маусым күні Қажымұқан атындағы орталық стадионда сағат 12:00-де өтеді. Осы күні спорттың әр түрінен жеңіске жеткен және жүлдегер командалар бағалы сыйлықтармен, дипломдар мен кубоктармен марапатталады.
 
"Шымкент келбеті"
Последнее изменение Четверг, 11 Июнь 2015 11:20
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.