«Өнерім – өмірім» бенефисіне шақырады

Четверг, 04 Июнь 2015 09:31 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5196 раз
yyyyqqq52Бүгінде 81-ші маусымының шымылдығын жапқалы жатқан Шымкенттегі Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында көрерменін елең еткізетін мерейлі мереке аталып өтпекші. 
 
«Марғау» бейнесін сомдап, көрерменінің естен кетпес көзайымына айналған театрдың майталман актері, ҚР Мәдениет қайраткері Мұқан Шакировтың 70 жасқа және театр сахнасындағы сан алуан кейіпкерлердің бейнесін гриммен сомдаған суретші-гримші ҚР Мәдениет саласының үздігі, Қазақстан Театр қайраткерлер одағының «Еңлікгүл» 2014 жылғы театр фестивалінде «үздік суретші-гримші» номинациясының иегері Бейсенкүл Алжанованың 60 жасқа толуына орай «Өнерім – өмірім» бенефисі өткізілмекші.
 
Қилы тағдырларды сахна төрінен тірілтіп жүрген тарлан актер Мұқан Шакировтың қойылым сәтінде көрермендер суретші-гримші Бейсенкүл Алжанованың көмегімен келбетін өзгертетін қызықты сәтке де куә болады.
 
«Өнерім – өмірім» бенефисі 10 маусым күні сағат 18.30-да Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында өтеді.
 
"Шымкент келбеті"

 

Последнее изменение Четверг, 04 Июнь 2015 09:49
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.