6 нысан заң талаптарын бұзған Избранное

Пятница, 15 Январь 2016 05:33 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3697 раз

Шымкенттегі Темірлан тас жолы бойында 6 нысанның заңсыз салынғаны белгілі болды. Бұған Шымкент қаласы әкімдігі кәсіпкерлік бөлімі мен мемлекеттік сәулет және құрылыс бақылау басқармасының бірлесе ұйымдастырған рейдтік іс-шарасында көз жеткіздік. Рейд барысында Темірлан тас жолы мен Адырбеков көшесінде орналасқан заңсыз нысанның иелерімен кездесіп, оларға тиісті шара қолданылды.

 20160113 163747 20160113 165354 

 

– Қараша айынан бастап облыс әкімі Бейбіт Атамқұловтың тапсырмасы негізінде құрылыс талаптары мен заң нормаларын сақтамаған азаматтарға шара көру мақсатында рейд жұмыстары өткізіліп жатыр. Нәтижесінде Темірлан тас жолы бойында 33 нысан зерттеліп, оның 6-уы құрылыс заң талаптарын бұзғаны анықталған. Сотқа ұсыныс беріліп, қазіргі таңда бұл мәселе қаралып жатыр. Олар жерді үй салу үшін алып, коммерциялық мақсатқа пайдаланған – дейді сәулет және құрылыс бақылау басқармасының бас маманы Керімхан Шанбаев.
Бұдан бөлек басқарма мамандары мемлекеттік құрылыс нормалары мен талаптарын сақтамаған 4 нысанның иелерін сотқа берген. Оның біреуіне жақында шешім шығыпты. Заңды өрескел бұзған азаматтың иелігіндегі нысан сүріліп тасталмақ.

 

Последнее изменение Пятница, 15 Январь 2016 06:27