Оңтүстік кәсіпкерлері Атырауда алма бағын ашпақ

Четверг, 25 Январь 2018 08:36 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2995 раз
763786377322Оңтүстікте өсірілген 18 тонна алманың алғашқы топтамасы Атыраудағы «Сарайшық» базарына 20 қаңтарда саудаға шығарылды, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
 
Жеткізушілер қалалық әкімдікпен келісімшартқа отырып, жемістерге нарық құнынан төмен баға бекіткен. «DALA-FRUIT» компаниясының басшылығы тұрғындардың отандық ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген сұранысы мен қызығушылығын арттыру мақсатында қалалық әкімдікке өтініш білдірді. Қазір Атырауға бірінші сұрыпты алманың үш түрі әкелінді, олар базар нарығынан 15-20 пайызға арзанға сатылады», – дейді қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Руслан Дәулетов.
 
Коммуналдық базарда оңтүстіктен келген алмалардың бір келісі 230 теңгеден сатылуда. Негізі алманың орташа бағасы – 400 теңге. Сатылымның алғашқы күнінен бастап тұрғындардың отандық өнімге деген сұранысы жоғары екені байқалды. Жарты күннің ішінде бір тоннаға жуық алма сатылған. Алдағы уақытта компания өкілдері алманы Атырауда да өсіруге ниетті. Облыстық әкімдік хабарлағандай, кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі.
Последнее изменение Четверг, 25 Январь 2018 09:04
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.