38 кәсіпкерге жер телімі берілді Избранное

Пятница, 06 Ноябрь 2020 04:05 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1549 раз

533

Шымкентте «1000 сауда нүктесі» жобасы аясында кәсіпкерлер жер теліміне ие болды. Жаңа жоба аясында қала аумағында кәсіпкерлерге байқау негізінде сауда және қызмет көрсетуге арналған киоскілер немесе дүңгіршіктер орнатуға жер телімдері беріледі.

Қазіргі таңда 38 кәсіпкерге жер телімдерін беру жөнінде комиссия шешімі шықты. Жалпы «1000 сауда нүктесі» жобасының ауқымын индустриялды жобамен салыстыруға болады. Мәселен, кәсіпкерлерге 1000 сауда нүктесі берілетін болса, қалаға кем дегенде 3 млрд. теңге инвестиция тартылды деуге болады, кем дегенде 2000 тұрақты жұмыс орны ашылмақ.
Жер телімдері кәсіпкерлерге қолайлы шарттармен ұсынылады. Атап айтқанда кәсіпкер жылына әр шаршы метріге 21 141 теңге төлейді. Сауда нүктелерінің көлемі 6-40 шаршы метр аралығында. Яғни орта есеппен сауда нүктесінің бағасы жылына 400-500 мың теңгені (айына 35-40 мың теңге) құрайды. Жер учаскесін пайдалану мерзімі – 10 жыл. Кәсіпкерге қойылатын басты шарт – нысан жеңіл конструкциядан салынуы қажет және кәсіп түрі бизнес-жоспарға сәйкес болуы тиіс.
Байқауға шығарылатын жер телімдері «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының ресми сайтында (www.openspk.kz) тұрақты түрде жарияланып тұратын болады (шамамен айына 1 рет). Өтінім білдіру үшін кәсіпкерлер «Shymkent Invest» кәсіпкерлерге және инвесторларға арналған үкімет» фронт-офисіне жүгіне алады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.