ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДА ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ Избранное

Среда, 04 Ноябрь 2020 04:40 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1422 раз

Шымкентте былтырғы жылыту маусымында 3 өрт оқиғасы тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш едәуір көбейіп отыр. Дегенмен, өрт салдарынан қаза болғандар мен жарақат алғандар жоқ.

822

 

Бұл жөнінде онлайн өткен Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министріне Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов баяндады.
Қала әкімінің мәлімдеуінше, тіркелген өрттің басым бөлігі жеке тұрғын үйлерде орын алған. Өрттің шығу себептерінің 60 пайызы электр сымдары мен құралдарын дұрыс пайдаланбауына байланысты.
Жылыту маусымынан бастап, төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы органдар және жергілікті полиция қызметкерлері бірлесіп, 10 мыңға жуық үйді аралады, ондағы 43 мыңға жуық тұрғынға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген. Тұрғындардың қатысуымен 47 жиын өткізілді.
Сондай-ақ, арнайы техника жұмылдырылып, дауыс зорайтқышы арқылы қала тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қаланың орталық көшелеріндегі LED-экрандарда, ірі сауда орындарында өрттің алдын алу туралы әлеуметтік бейне-роликтер көрсетілуде. Бұл жұмыстарға 100-ден астам волонтер қатысып, 5 мыңнан астам тұрғынға нұсқаулық пен ескертпелер таратылды.
Сонымен қатар, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде 31 арнайы техника сатып алынып, төтенше жағдайлар департаментіне тапсырылған. Департамент қызметкерлері арасында өртке қарсы жауынгерлік даярлық жұмыстары да күшейтіліп жатыр.
Осы орайда мамандар қала тұрғындарын үйдегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.