Шымкент қаласында мемлекеттік қызметтер бойынша кезекті онлайн жәрмеңке өтті

Пятница, 15 Апрель 2022 04:00 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1810 раз

iarmarka-vakansii 4

Ағымдағы аптада Департаменттің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтері бойынша «ОНЛАЙН ЖӘРМЕҢКЕ» өткізілді.

Жәрмеңкенің мақсаты – азаматтарды мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша сапалы ақпаратпен қамтамасыз ету, оның ішінде электронды түрде көрсетілетін қызметтерді кеңінен насихаттау, мемлекеттік орган өкілдері тарапынан салалық кеңес беру.

iarmarka-vakansii 1

Тікелей эфир барысында қала тұрғындарымен кері байланыс орнатылып, барлық сұрақтарға жауап берілді.

Сонымен қатар, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді Халықтық кеңселер және «Электронды үкімет» порталы арқылы алу тәртібі түсіндіріліп, ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді.

Айта кету қажет, аталған іс-шара алдағы уақытта да арнайы бекітілген кестеге сәйкес басқа да салалардағы мемлекеттік қызметтерді қамти отырып, өз жалғасын табатын болады.

Осыған сәйкес, арнайы бекітілген кесте алдын ала Департаменттің әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланатын болады.

Қосымша сұрақтар бойынша 87252537459 телефонына хабарласуға болады.

 

ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Шымкент қаласы бойынша департаменті.
Баспасөз қызметі.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.