Сел тасқыны қауіпті

Пятница, 08 Июль 2022 07:49 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2072 раз

bolota

Сел — таулы аудандарда мұздықтардың, қардың мөлшерден артық еруінен, нөсерлі жауын-шашындардан, жер сілкінуден, тау өзендерінің арнасынан асып тасуынан, яғни климат өзгеруінен пайда болатын табиғаттың жойқын құбылысы.

Тас аралас саз-балшықтардың таудан төмен ағыла құлауымен сипатталатын, кенеттен басталып, барынша қарқынды өтетін мейлінше залалды құбылыс. Әдетте нөсер жауындар әсерінен, кейде тау шатқалдарындағы қардың не мұздықтың жаппай еруінен туындап, шағын өзенше аңғарлары мен жылғалар бойын қуалай құлайды.

Сел тасқыны құрамына қарай саз-балшықты, тасты-балшықты және сулы-тасты сел болып үш түрге бөлінеді.

Сел жолындағы борпылдақ шөгінділерді шайып, қатты тау жыныстарын бұзып, ағаштарды түбірімен қопарып, салмағы ондаған тонналық тастарды ағызып әкетеді.

Сел қаупінің белгілері:

• Сел қаупі басым аймақта нөсер жаңбырдың жиі жаууы;

• Ауа температурасының тез әрі ұзақ уақыт жылы болуының салдарынан таудағы көлдердін суға толып, сел қаупі бар өзендердің тасуы;

• Көлдегі су деңгейінің тез төмендеуі немесе оның бетінде өзен дамбысын бұзатын қуыстың (воронка) пайда болуы.

• Көл дамбысын бұзуға әкеліп соғатын жер сілкінуі.

Қазіргі таңда Шымкент қаласының аумағында:

- жалпы ауданы 933 000 м2 құрайтын, 327 нысан және 1104 адам шоғырланған 29 сел қауіпі бар аймақ анықталған.

М. Өсербаев,
ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ ОАПТБ филиалы
Шымкент ӨПБ басшысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.