Құрбан Айт қарсаңында санитариялық ережелерді сақтаңыз!

Пятница, 08 Июль 2022 10:03 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1020 раз

 

 

 

         Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында мал сату, сою бекеттерінде және көпшіліктің қатысуымен ұйымдастырылатын құдайы тамақтар кезінде, басқа да іс-шаралар өткізу барысында аса қауіпті жұқпалы аурулардың (сібір жарасы, Конго-Қырым қанды геморрагиялық қызбасы аурушаңдығы, т.б.), жаппай тамақтан уланудың және жедел ішек инфекцияларының алдын алу ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді.

Мереке қарсаңында қолайсыз жағдайлардың алдын алу үшін төмендегі талаптарды сақтау қажет:

-         құрбандыққа шалынатын малдарды сату мен сою ветеринарлық қызмет тарапынан ветеринариялық-санитариялық қорытындысы бар орындарда

және әрбір ауыл шаруашылығы жануарларының тиісті ветеринарлық құжаттары (вет.паспорт, ілеспе құжаттар, құлақ сырғалары) болған жағдайда ғана іске асыру;

-         мал сою барысында шыққан қалдықтарды уақтылы залалсыздандырып, шығару;

-         жеке бас гигиена қағидаларын қатаң сақтау.

Қазіргі таңда қаламызда жіті ішек инфекциялары жиі тіркелуде. Осыған орай, қоғамдық тамақтану орындарында және мешіттерде іс-шаралар өткізу барысында төмендегі ережелерге аса назар аудару керек:

-         ас дайындаушылардың медициналық тексеруден өтуі және медициналық кітапшаларының болуы;

-         тағамды арнайы киімде дайындау және дәретханаға бару алдында арнайы киімді шешу;

-         тағам дайындаумен, үлестірумен айналысатын жұмыскерлердің денесінің ашық жерлерінде, қолында іріңді жаралардың, шағын жарақаттардың болуын қарап-тексеретін және анықталған жағдайда жұмыстан шеттетуге жауапты адамды бөлу;

-         тазалау жұмыстарымен айналысатын жұмысшыны тамақ дайындау және ыдыс-аяқты жуу барысына жібермеу;

-         тағамдарды дайындау технологиясын сақтап, таза пісіру;

-         шикі етке қолданған тақтайша, пышақ, ыдыс аяқты піскен тағамға пайдаланбау;

-         үй жағдайында консервіленген өнімдерді асқа қолданбау;

-         тез бұзылатын өнімдерді сақтықпен қолдану;

-         тағам өнімдерін тоңазытқышта тауарлық көршілестігін (шикі азық түлік пен піскен тағамды бір сөреге қоюға болмайды) ескеріп, сақтау;

-         тағамдардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарының болуы.

МАҢЫЗДЫ!

Біраз уақыт бойы тіркелмеген коронавирусты инфекцияның саны соңғы екі аптада күрт өскенін ескере отырып, халық арасында індеттің тарап кетуінің алдын алу мақсатында:

-         мүмкіндігінше адамдардың көп шоғырлануының алдын алу;

-         әлеуметтік қашықтықты сақтау;

-         ауырып тұрған жағдайда бетперде киіп, көпшілік орынға бармай, үйде қалу;

-         қолды жиі антисептикпен өңдеу және басқа да сақтық шараларын ұстауға КЕҢЕС БЕРЕМІЗ.

Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын қорғаңыз!

 

Ә.ТӨЛЕБАЕВ,

Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы

 

 

Последнее изменение Пятница, 08 Июль 2022 10:07
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.