ОРМАН ӨРТІНЕ ЖОЛ БЕРМЕЙІК

Пятница, 19 Август 2022 04:55 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1156 раз

Орманда өрт шығу себептерін сараптағанда көбінесе адамдардың өз кінәсінен болатыны белгілі. Сондықтан өрт қауіпсіздігі ережелерін үйрететін үгіт-насихат жұмыстарын тек өрт сөндіру қызметкерлері ғана емес, олармен қатар қоғамдық мекемелер де жүргізуі тиіс.

 

Орман шаруашылығының жұмысында өрт қауіпсіздігі – бірінші кезектегі мәселе. Орман шаруашылықтарының барлығында орманды өрттен қорғау жоспары болады. Жоспарда орманның түрі, ортаның рельефі, су жолының, теміржол, автомобиль жолдарының жақындығы ескеріледі. Орман шаруашылығын өрттен қорғаудың жоспары мен сызбасы жасалады.
Орман және дала өрттерінің алдын алу, оны болдырмауға бағытталған үгіт-насихат жұмыстары аудан көлеміндегі мекемелерде лекциялар, баяндамалар, аудандағы ауылдық округтер мен шаруа қожалықтарға таратылатын ескерту хаттар жатады. Орманға барар жолдарда, демалатын жерлерде, орман жұмыстары жүріп жатқан жерлерде аншлаг паннолар, хабарламалар арқылы өрттен сақтандыру шаралары жасалуы қажет. Алайда осыларды орман-тоғайлы жерлер маңында демалушылар ескере бермейді. Әр тұрғын мұндай ескертулерге байыппен қараса, халық байлығы орманды тілсіз жау өрттен қорғауға, аман сақтауға ықпалын тигізетіні анық.
Құрметті аудан тұрғындары! Өрттің тілсіз жау екенін және өрт болған жерде көптеген шығындар орын алатыны бәрімізге де белгілі. Осыған орай көктем, күз мезгілдері өртке өте қолайлы уақыт.
Орман-тоғайларда өрт орын алса оңайлықпен сөнбейді, айналасындағы бірнеше метр жерге дейінгі өсімдік ағаштарын, аң-құстардың ұяларын жояды. Сонымен қатар бау-бақша егу мақсатында егістік жерлерді дайындау кезінде өрт қауіпсіздігі шараларына онша мән бермей, шөп-шалаңды бей-берекет жағудың арты орман-тоғай өртіне айналып кетуі мүмкін.
Сол себепті табиғат берген байлықты сақтап, орман қорын қорғап, өсімін молайтуға көпшілік болып атсалысуымыз керек. Орман-тоғай өрттері орын алған жағдайда 101 немесе 112 телефонына хабарласыңыз.

Б. Әбілқасым
Абай ауданы ТЖБ инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.