Ұрпақтары ұлықтады

Среда, 14 Сентябрь 2022 08:32 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 727 раз

Қазақстан халқының тілдері мерекесіне орай ЮНЕСКО аясында «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша тіл танушы, кемеңгер қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай оның шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру – маңызды іс.

 

Орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесіндегі №2 комьюнити орталығында «Ұлтына ғұмырын арнаған ұлы тұлға» атты әдеби кеш өткізілді. Әдеби кешке №75 мектептің 9 в сынып оқушылары мен сынып жетекшісі А.Алтынбаева қатысты.
Кітапханашы А.Қабылова оқырмандарды тілдер мерекесімен құттықтап, тіліміздің тарихы мен қазақ тiл бiлiмiнiң негiзiн қалаушы ағартушы-педагог, сөз құдiретiн танытқан, қазақ баспасөз тiлiнiң ұлттық үлгiсiн көрсеткен талантты публицист, туған халқының рухани дүниесiн көрсетуге көп күш жұмсаған мәдениет қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы мен шығармашылығы жөнінде толық мағлұмат берді. «Ұлт ұстазы» атты бейнеролик көрсетілді. Іс-шара барысында оқушылар тіл тақырыбына өлең жазған ақын-жазушылардың шығармаларынан өлеңдер оқыды.

А.Дүйсенбекова, А.Қабылова,
Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесі №2 комьюнити орталығының қызметкерлері

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.