Орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесіндегі №2 комьюнити орталығында «Ұлтына ғұмырын арнаған ұлы тұлға» атты әдеби кеш өткізілді. Әдеби кешке №75 мектептің 9 в сынып оқушылары мен сынып жетекшісі А.Алтынбаева қатысты.
Кітапханашы А.Қабылова оқырмандарды тілдер мерекесімен құттықтап, тіліміздің тарихы мен қазақ тiл бiлiмiнiң негiзiн қалаушы ағартушы-педагог, сөз құдiретiн танытқан, қазақ баспасөз тiлiнiң ұлттық үлгiсiн көрсеткен талантты публицист, туған халқының рухани дүниесiн көрсетуге көп күш жұмсаған мәдениет қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы мен шығармашылығы жөнінде толық мағлұмат берді. «Ұлт ұстазы» атты бейнеролик көрсетілді. Іс-шара барысында оқушылар тіл тақырыбына өлең жазған ақын-жазушылардың шығармаларынан өлеңдер оқыды.
А.Дүйсенбекова, А.Қабылова,
Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесі №2 комьюнити орталығының қызметкерлері