ҚАУІП ЖОҚ ДЕМЕ...

Среда, 26 Июнь 2024 06:16 Автор
Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің негізгі қызметтерінің бірі – қала аумағындағы су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қаланың климатына байланысты судағы қауіпсіздік бойынша сәуір айынан бастап қарқынды түрде профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, 85 рет рейд өтті (9652 адам қамтылды). Бұл бағыттағы жұмыстар демалыс және мейрам күндері…
«Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді» демекші, ана сүті нәрлі болса, баласы әлді болады. Ана сүті сәби үшін теңдесі жоқ, құнарлы, ең таза қорек болып табылады. Баланың ағзасында табиғи иммунитеттің қалыптасуына ықпал ететін де — ана сүті.
Өткен жылы қараша айында Шымкент қаласындағы №3 қалалық емханада «Үздік тәжірибелік орталық» ашылған болатын. Мұндай орталықты ашудағы басты мақсат – халықаралық стандарттар мен жаһандануды ескере отырып, қала тұрғындарына медициналық көмек көрсетудің сапасын жақсарту.
Шымкентте 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларды іріктеу мақсатында көптеген спорттық іс-шара өткізілуде. Соның бірі – «Толағай» алыптар сайысы. Мұндай жарыс бұрын-соңды өткен емес. Бұл сайысты өткізудегі мақсат – ұлы даланың батырларын насихаттап, қазақтың этноойындарын дәріптеу.
28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай Шымкент қаласында бірқатар іс-шара қолға алынған. Солардың ішінде БАҚ өкілдері арасындағы спартакиаданың жөні бөлек. Биыл да аталған дәстүрлі спорт бәсекесіне спорттың 4 түрінен 10 команда қатысып, өзара кім мықтыны анықтады.
Шымкенттегі ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6506 әскери бөліміне Ақтөбе және Қонаев қалаларынан 80-ге жуық жас сарбаз келді. Алдағы апталарда еліміздің басқа да өңірлерінен сарбаздар келеді деп күтілуде. Жалпы, осы шақырылым аясында бригада 400-ге жуық сарбазды қабылдайды.

1300 ЖАС ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Среда, 26 Июнь 2024 06:10 Автор
Шымкентте еңбек жасақтарында еңбек етіп жүрген жастар саны жылдан-жылға артып келеді. Бұл қаладағы жұмыссыз жастар санының азаюына да ықпал етіп отыр. Қалада еңбек жасақтарының биылғы маусымында 1300 жас жұмыспен қамтылады деп күтілуде.

Бір әулеттен – 30 офицер!

Среда, 26 Июнь 2024 04:38 Автор
23 маусым – Қазақстан полициясы күні. Бұл – бейбіт күнде қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін сауысқандай сақ, қырандай қырағылық танытып жүрген полиция қызметкерлеріне, осы салада қызмет еткен ардагерлерге, қызмет барысында өз өмірлерін құрбан еткендерге құрмет көрсету күні.
«…Ажалым да ғажабым –Өлең, сені аңсадым.Тартасың-ау, азабын,Кімді сүйсең, дәл соның!Өлең таққа мінбеді.Өлең Орден тақпады!Өмірде осы күрделі,Сүйді мені! Сақтады!» – деп өлеңнің ғажабын да, азабын да тартып, оны аңсап, оны сүйіп, өзін де өлеңмен сүйікті еткен белгілі ақын, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, халықаралық «Алаш» әдеби…
Жаз мезгілі бастала салысымен қала аумағындағы өзен, су жағалауларында демалатын халықтың қарасы көбейеді. Төтенше жағдай қызметі мен полиция қызметкерлерінің судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертулеріне қарамастан, суға кету және жарақаттану жағдайлары жиі кездеседі. Суға батып кетудің негізгі себептері – қарапайым қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы, тыйым салынған…