Астанада халық саны 1,5 миллионға жетті. Бұл ресми мәліметті Ұлттық статистика бюросы жариялады. 2024 жылдың 1 маусымдағы көрсеткішке сәйкес, бас шаһар Астанада 1 464 415 адам тұрады. Ширек ғасырдан астам уақытта жаңа елорда жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болып, жас мемлекеттің тәуелсіздігінің символына және жаhандық табысына…
ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келген мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйымдар жетекшілері кешкі ас форматындағы концерттік бағдарламаны тамашалады
Четверг, 04 Июль 2024 10:22 Автор Редакция
Президент орталығында өткен бейресми жиын барысында мәртебелі меймандарға қазақ халқының бай музыкалық мұрасы мен мәдениеті таныстырылып, «Достық жолы» хореографиялық композициясы ұсынылды. Қойылымға Ұлы Жібек жолы бойындағы халықтардың мәдениеттері арқау болған.
Бүгін Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы алу үшін, жыл сайын өтетін конкурсқа өтінім қабылдау басталды. Конкурстың мақсаты – ҮЕҰ әлеуетін нығайтуға және қоғамдық пайдалы жобаларды іске асыру үшін, олардың мотивациясын арттыруға бағытталған маңызды институционалдық қолдау көрсету.
Кездесу нәтижесінде 2024 жылдың күз мезгілінде Шымкент қаласында екі қаланың бизнес қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен ауқымды форум өткізу жоспарланды
Среда, 03 Июль 2024 10:34 Автор Редакция
Сондай-ақ, Қытай-Еуропа жүк пойызының, Сиань әуежайы мен шымкенттік «SCAT» әуе компаниясы мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып логистикалық хабтарды салу, әуе бағыттарын біріктіру, алмасуды және цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты тереңдету арқылы құрлықтық, әуе және цифрлық Жібек жолын құру мәселелері талқыланды.
Форум және екіжақты кездесулер нәтижесінде жалпы құны 17,6 млн АҚШ долларына келісімдер жасалып, құжаттарға қол қойылды.
Среда, 03 Июль 2024 10:33 Автор Редакция
Атап айтқанда:1. «Invest Shymkent» ЖШС және «China-Kazakhstan Enterprises Alliance Committee group» арасында өзара түсіністік туралы меморандум;
«Шымкент-Сиань қалалары кәсіпкерлерінің сауда-экономикалық форумы»
Среда, 03 Июль 2024 10:31 Автор Редакция
«Шымкент-Сиань қалалары кәсіпкерлерінің сауда-экономикалық форумы» аясында қытайлық жергілікті 30-дан астам және қазақстандық 20-дан астам кәсіпкерлер арасында денсаулық сақтау, IT, металлургия, қоғамдық тамақтану, білім, ауыл шаруашылығы, электр жабдықтарының және құрылыс материалдарының өндірісі сияқты салаларда В2В кездесулер өткізілген.
«2024 жылғы 24-26 маусым аралығында Шымкент қаласы делегациясының Қытай Халық Республикасының Сиань және Үрімші қалаларына сапары туралы»
Среда, 03 Июль 2024 10:26 Автор Редакция
Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Кәрімов Айдын Мейрамбекұлы «2024 жылғы 24-26 маусым аралығында Шымкент қаласы делегациясының Қытай Халық Республикасының Сиань және Үрімші қалаларына сапары туралы» баспасөз конференциясын берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев: «БІЗДІҢ ЕЛДЕРІМІЗ ҰЛЫ ЖЕТІСТІКТЕРДІҢ БАСТАУЫНДА ТҰР»
Среда, 03 Июль 2024 05:47 Автор Редакция
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Синьхуа» ақпараттық агенттігіне берген сұхбаты – Мемлекеттер басшыларының дипломатиясы қытай-қазақ қарым-қатынасының сенімді даму бағытын айқындайды. 2022 жылғы қыркүйек айында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Covid-19 пандемиясынан кейінгі алғашқы шетелдік сапарында ең алдымен Қазақстанға ат басын тіреді.Кейінгі жылдары Қытайға бірнеше рет сапар шегіп,…
Шымкентте Б.Момышұлы көшесіндегі заңсыз салынған кәсіпкерлік нысан бұзылуда. Сот шешіміне сәйкес, жер телімі құрылыс салуға берілмегені анықталған. Меншік иесі бұзу жұмыстарын өз еріктерімен атқаруда.
Мүгедектігі бар адамдарға қамқорлық көрсету – басты назарда
Среда, 03 Июль 2024 04:49 Автор Редакция
Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтары туралы халықаралық Конвенция қабылданып, мүгедектігі бар адамдардың мәселелерін шешуде халықаралық стандарттарға қол жеткізу үшін Шымкент қаласында бірқатар жұмыстар атқарылуда.