«Тауар таңбалары туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік»
Понедельник, 17 Июнь 2024 04:26 Автор Редакция
Қазақстан Республикасы «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңының 4 бабының 4 тармағына сәйкес, тауар таңбасының иесі куәлікте көрсетілген тауарлар мен қызметтерге қатысты өзіне тиесілі тауар таңбасын пайдалану мен оған иелік етудің айырықша құқығына ие болады. Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар…
Ел қорғаған ерлер қатарында жүрген қаншама арнайы мамандардың ішінде жауынгер жанына шипа болып, оның дені сау сапқа тұруы жолында еңбек етіп жүрген әскери дәрігерлердің орны бір бөлек. Адам жанын ажалдан арашалаған бұл жандардың қызметтері қоғаммен қатар әскерде деқашанда жоғары құрметке ие. Сондай жандардың бірі Ұлттық…
Барша қауымға белгілі, жалпы жұртқа жария бір ақиқат бар. Еліміз кейінгі бес жылдың бедерінде мүлде өзгеріп, билік құрылымынан бастап қоғамдық-саяси санаға дейін түбегейлі жаңғырып жатыр. Бұл жаңғыру батыл қадамдарға, байыпты шешімдерге табан тірейтіні сөзсіз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған сол саяси бағдар жөнінде тарқатып айтқан жөн болар.
Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Әбдірахманов келе жатқан Құрбан айт мерекесіне орай арнайы баспасөз брифингін өткізді. Қаланың бас имамы биылғы ұлық мерекенің ерекшелігін, құрбандық шалу тәртібін түсіндіріп, дайындық барысынан хабардар етті. Биылғы Құрбан айт намазы Шымкент қаласы бойынша барлық мешіттерде 16 маусым күні таңғы сағат…
Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының 2024 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз брифингі өтті. Басқарма басшысының міндетін атқарушы Мерлан Керімжанов сәулет-құрылыс бақылау, құрылыс қызметi субъектiлерiн лицензиялау және мамандарды аттестаттау, газ-техникалық инспекция бағытында жүзеге асқан жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарлардан хабардар етті.
Тұтынушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері қандай? Жыл басынан бері тұтынушылардың құқығын қорғауда қандай жұмыстар атқарылды? «Тұтынушылардың құқықтары мен міндеттерімен таныстыру» тақырыбында өткен «дөңгелек үстел» мәжілісінде салада бірқатар мәселелер талқыға түсіп, жұмыс жоспарлары айтылды. Шымкент қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Оспан…
Шымкентте аса ауыр санаттағы қылмыстар, оның ішінде адам өлтіру, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, қарақшылық, сондай-ақ тонау, зорлау, бұзақылық және қорқытып алу бойынша ашылмай қалған қылмыс жоқ. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде полиция департаменті бастығының орынбасары Арман Бейсенбаев айтты.
Қажымұқан атындағы орталық стадионда өрт сөндіру-құтқару спортынан ерлер мен әйелдер құрама командаларының арасында Қазақстан Республикасы кубогының VII турнирі басталды. Төрт күнге жоспарланған сайыста еліміздің өңірінен келген 13 ерлер және 12 әйелдер құрама командалары жүлделі орындарды сарапқа салады.
Шымкентте аутизммен ауыратын балалардың саны жыл өткен сайын артып келеді. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ғимаратында өткен «Психиатрия мен тәуелділіктің заманауи аспектілері» атты ғылыми-практикалық семинарда қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Ережепов айтты.
Қазіргі таңда химияны таңғажайып өзгерулердің индустриясы деуге болады. Ол табиғатта болмайтын материалдарды синтездеу, яғни алу, өндіру, оларды әралуан машиналар мен құралдар жасауға қолданып, тұрғын үй салуға, халық тұтынатын бұйымдар өндіруге мүмкіндік береді.