Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Ұлтымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы «мұғалім – мектептің жаны» деп бекер баға бермеген. Ұстаздар күні 5 қазан болып бекітілгенімен, мұғалімге деген құрметіміз әрдайым биік тұратыны анық.
Қарапайым ғана естілетін «ұстаз» сөзінің астарында орасан білім, махаббат пен сүйіспеншілік, таудай еңбек жатқанын байқай бермейміз. «Ұстаз болу – жүректің батырлығы» – деп ақын Ғафу Қайырбековтің мұғалімді батырға теңегені де жайдан-жай емес. Себебі, бұл саланы меңгеру кез-келгеннің қолынан келе бермейді.
Бүкіл саналы ғұмырын ұстаздыққа арнап, шәкірттеріне жан шуағы мен жүрек жылуын төгіп жүретін жандар болады. Солардың бірі де бірегейі – Райхан Мұртазақызы Каланова.
Өмірде сан алуан мамандықтың түрі бар. Бірақ соның ішінде адамды жетістікке жеткізетіні сүйіспеншілікпен істелінетін іс болмақ. Бүгінде өз ісіне жауапты, сөзіне берік мамандар көп. Жұмысы оңай болмаса да мамандығына деген махаббатымен жылдар бойы өз саласында еңбек етіп жүрген жандар жетерлік. Соның бірі – бүгінгі біздің…
БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ – МӘСЕЛЕНІ БІРЛЕСЕ ШЕШУДІҢ ОҢТАЙЛЫ ЖОЛЫ
Пятница, 06 Октябрь 2023 04:30 Автор Бибайша НҰРЖАНҚЫЗЫ
Шымкент қаласында «Бейбітшілік және келісім» жобасының кезекті қоғамдық қабылдауы ұйымдастырылды. Қаладағы №133 мектеп ғимаратында өткен іс-шарада бұл жолы Абай ауданы тұрғындарының өтініші тыңдалды.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-іне 25 жыл Бүгінде Шымкент қаласының халқын тіршілік нәрімен қамтамасыз етіп отырған "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-і 1998 жылы құрылды. Ол елімізде әлеуметтік- экономикалық ахуал төмен, өндірістің дамуы тұралаған қиын кезең болатын. Соған қарамастан, кәсіпорын басшылығы күрделі міндетті қолына алды. Халықты тіршілік көзімен үздіксіз қамтып,…
Алғашқы капиталын ешкі бағып, оның сүтін сатудан бастаған Кәмшат Сүлейменова «Бастау бизнес» жобасының үлкен мүмкіндік бергенін айтады. Еңбекқор әйел басында туыстарының ешкісін сауып жүріп, ешкі сүтіне деген сұраныстың көптігін байқаған. Өзі де кәсіп ашуды жоспарлап жүргендіктен мемлекеттік грантқа үміткер болып, бизнес жоспарын қорғап шығады. Сол…
Кез келген ел экономикасының негізін шағын және орта кәсіп құрайды. Осы кәсіпкерліктің дамуында мемлекеттік қолдаудан бөлек өз мүддең мен құқығыңды қорғай білу де маңызды. Міне, осы тұста іскерлік қауымдастыққа кәсіпкерлер палатасы көмекке келеді. Кәсіпкерлердің құқығын қорғау Биыл «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылғанына 10 жыл толып…
Шымкентте академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің сарапшылары студенттермен жиын өткізді. Жиында Мемлекет басшысының халыққа арналған Жолдауындағы экономикалық реформаның негізгі бағыттары талқыланды. Университет басшылары мен профессорлар сарапшылық еткен жиында философия ғылымының кандидаты, доцент Қанатбек Бердалыұлы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Жолдаудың негізгі басым бағыттарына тоқталып…
БІЛІМ САЛАСЫ АРДАГЕРЛЕРІНІҢ ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМЫ ҚҰРЫЛДЫ
Среда, 04 Октябрь 2023 04:39 Автор Айдар Құлжанов
Шымкент республикалық маңызға ие қала атанғалы шаһарда мектептер мен балабақшалар да едәуір көбейді. Оның үстіне мегаполисте белсенді, қоғамдық өмірден тыс қалмайтын, өмірлік тәжірибесі мол, өзіндік азаматтық ұстанымы бар мыңдаған ардагерлер өмір сүріп жатыр.