Әскерге шақыруды кейінге қалдыру мемлекеттік қызметін Халыққа қызмет көрсету орталығына келмей-ақ, онлайн түрде өтініш беруге болады. Олар мұны электронды үкімет порталы арқылы жүзеге асырады. Бұл қызметті қалай онлайн алуға болатыны туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент қалалық филиалының өкілдері айтып берді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында «Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету. Сондықтан өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беруіміз қажет. Біз ел тағдыры үшін…
Шымкент қалалық Әділет департаментінде Адам құқықтары жөніндегі өкілдің қатысуымен арнайы жиын өтті. Басқосуда ерекше бала тәрбиелеп отыған аналардың әлеуметтік қамтамасыз ету мен оңалту шараларына қатысты мәселелері талқыланды. Бұл мәселені жан-жақты зерделеу үшін Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қалалық филиалы басшысының орынбасары Т.Дауытов, психикалық денсаулық…

Үнемшілдік – экономика тірегі

Среда, 20 Сентябрь 2023 06:48 Автор
«Су ресурстары-маркетинг» кәсіпорнында «АМАNAТ» партиясы «СРМ» бастауыш партия ұйымының отырысы өтті. Басқосуда Президент Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауының басым бағыттары насихатталып, түсіндірілді. «АМАNАТ» партиясы «Тұран» филиалының атқарушы хатшысы Бақтыбай Әліпов Жолдаудың негізгі басым бағыттары бойынша баяндама жасап, бірқатар мәселелерге тоқталды.
Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылауға арналған эксперттік кездесу өтті.
Шымкент қаласының ақпараттық-коммуникациялық орталығының брифинг алаңында қалалық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов, «Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығы» аумақтық бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының медиаторы Еркін Отарбаев еңбек дауларын оңтайлы шешудің жолын түсіндіріп берді.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау – мемлекеттік маңызға ие мәселе. Бүгінде Кеңестік Қазақстандағы репрессия құрбандарына қатысты құпия архив материалдары мейлінше зерттеп-зерделеніп, тасада қалған тұлғаларға қатысты мұрағат құжаттары ғылыми айналымға біртіндеп еніп келеді.

Әскери қызметшілер жарна төлей ме?

Среда, 20 Сентябрь 2023 06:38 Автор
Сақтандырылған мәртебесін алу үшін азаматтар өткен 12 айға немесе алдағы 12 айға жарна төлеуі тиіс. Сондай-ақ, жеңілдік санаттарына кіретін адамдарға мемлекет жарна төлейді. Ал әскери қызметшілер МӘМС төлемдерінен босатылған. Бұл ретте олар МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесін қалай ала алады?
«Қазақстан халқына» қоғамдық қорына бүгінге дейін 156,9 млрд теңге қаржы жиналып, оның 49 млрд теңгесі көзделген қайырымдылық бастамаларды қаржыландырған. Ал, Шымкент қаласында қор арқылы 4,7 млрд теңгенің жобасы жүзеге асырылыпты. Бұдан бөлек қордың көмегімен қандай қайырлы істер жүзеге асқаны туралы «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры төрағасының…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жылдары елімізді түпкілікті жаңғыртып, Әділетті Қазақстанды қалыптастыруға бағытталған ауқымды реформаларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Бұл реформалар Қазақстанның құқықтық, саяси, әлеуметтік-экономикалық жүйесін жетілдірумен ғана шектелмей, қоғамдық сананы да жаңғыртып, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруды көздейді.