ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУДЫ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ ҚЫЗМЕТІ ОНЛАЙН ЖҮЙЕГЕ ӨТТІ

Среда, 20 Сентябрь 2023 06:53 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 318 раз

Әскерге шақыруды кейінге қалдыру мемлекеттік қызметін Халыққа қызмет көрсету орталығына келмей-ақ, онлайн түрде өтініш беруге болады. Олар мұны электронды үкімет порталы арқылы жүзеге асырады. Бұл қызметті қалай онлайн алуға болатыны туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент қалалық филиалының өкілдері айтып берді.

 

Өтініш беру үшін бірнеше қарапайым қадам жасау керек:
- электронды үкімет порталында авторизациядан өтуі қажет;
- «Әскери есеп және қауіпсіздік» бөліміндегі «Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру» қызметін таңдау қажет;
- «Қызметке онлайн тапсырыс беріңіз» түймесін басып, өзіңіз жайлы деректерді толтырыңыз (кейінге қалдыру немесе босату себебін көрсету, құжаттардың электрондық көшірмелерін жүктеу);
- Барлық деректерді толтырғаннан кейін өтінімге ЭЦҚ көмегімен қол қойылады.
Өтінім 6 күн ішінде қаралып, жауабы қызмет алушының электронды порталдағы жеке кабинетіне түседі.
Айта кетейік, әскерге шақырушылар SMS-хабарлама арқылы әскери қызметтен босатылуы немесе кейінге қалдырылуы туралы өз мәртебесін біле алады. Осының арқасында барлық анықтамалар мен құжаттарды ұсынудың қажеті жоқ. Хабарламаны алу үшін телефон нөмірі мобильді азаматтар базасында тіркелуі қажет.
Әскерге шақырудан кейінге қалдыру отбасылық, оқуды жалғастырған жағдайда және денсаулығына байланысты себептермен негізделе отырып беріледі.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.