Жеке баспана – адам өмірінде маңызы зор орындардың бірі. Ол – отбасылық бақытқа бөленетін, жақын адамдарымыздың мейірім шуағын сезінетін мекен. Сондықтан мемлекет әрбір отбасының баспаналы болуына барынша қолдау көрсетіп отыр. Иә, жақында Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген еліміздің Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев…
Ынтымақ-2 шағынауданында 350 келушіге арналған емхана салынып жатыр. Қала әкімі М.Әйтенов емдеу мекемесінің құрыласын қадағалады. Жоба бойынша мұнда 7 блок, орталық және отбасылық денсаулық копрустары қарастырылған. Сондай-ақ екі стационарлық бөлімшемен қоса консультациялық-диагностикалық бөлімше бар.
САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТУ: 10 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ ЖҰМЫСТАР АЯҚТАЛДЫ
Пятница, 04 Август 2023 04:13 Автор Тағабай ҚАСЫМ
Шымкент қаласында халықты сапалы интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары қарқын алған. 2025 жылға қарай үшінші мегаполисті жүз пайыз талшықты-оптикалық және мобильді интернет желісімен қамту көзделген. Бүгінгі таңда шалғай елдімекендерге сапалы интернет жеткізу басым бағыттардың бірі. Жыл басынан бері қанша тұрғын алапта жұмыстар аяқталды? Жыл соңына дейін…
«Жас Нс» ЖШС Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Ипподром аумағы 1-құрылыс кезегі мекенжайында орналасқан «кіріктірілген, кіріктірілген-жапсарлас үй-жайлары бар көппәтерлі тұрғын үй кешені» жобасы бойынша қоғамдық талқылаулар нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер психоневрологиялық ауытқуы бар, тірек-қимыл жүйелері бұзылған мүгедек балаларға, 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар азаматтарға, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын жалғызілікті І-ІІ топтағы мүгедектер мен қарттарға стационар, жартылай стационар және үйде қызмет көрсету жағдайында жүзеге асырылады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2023 жылы мамыр айында Шымкент қаласында миграциялық халыққа қызмет көрсету орталығын (МХҚКО) ашты. Екі айда орталық 20 676 қызмет көрсетті. Мұнда еңбек мигранттары мемлекеттік қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтарының стандартына сай ала алады.
Шымкентте биылғы шілде айы ерекше ыстық болды. Мұндай ауа райында қала тұрғындарының ауыз суды қолдануы әдеттегіден көп болуы заңдылық. Өйткені ішкенде адам жанын жайландыратын, тұрмыста тіршіліктің басты қайнар көзі болған ауыз судың үздіксіз берілуі қала тұрғындарына аптаптың біршама болсын жеңіл өтуіне ықпал етеді. Ал, үшінші…
Осыдан бірнеше ай бұрын бір топ көкшелік туысқандар Шымкент қаласына барып қайттық. Шуға толы шырайлы шаһар бізді бар салтанатты болмысымен қарсы алды. Бәріміз қала орталығындағы жаңадан ашылған «Пана» деген жып-жылы аты бар қонақ үйге келіп орналастық.
Қарбаласы көп қалада қоғамдық көлікті пайдаланбайтын адам кемде-кем. Бірі – оқуға, бірі – жұмысқа, бірі – базарға баруға асық. Осындайда бізге қызмет көрсететін – қоғамдық көлік жүргізушілері. Елімізде жыл сайын тамыз айының бірінші жексенбісінде көлік саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтіледі. Бүгінде қоғам өмірін осы…
Адам құқығы кез келген құқықтық демократиялық қоғамның ең басты құндылығы болып саналады. Сондықтан, азаматтардың заңды құқықтарын қорғау – мемлекеттің қасиетті борышы. Осы орайда, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен еліміздің қолданыстағы заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, Адам құқықтары жөніндегі уәкілге бірқатар қосымша өкілеттіліктер берілген. Бүгінде…