Шымкентте «Достық үйі» ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің қатысуымен «Ел анасы» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. Алқалы жиынға қалалық мәслихаттың депутаттары, арнаулы әлеуметтік қызметкерлер мен жас аналар қатысты. Семинарға қатысқан қоғам белсенділері әйелдердің ел экономикасына қосып жатқан үлесі мен ұрпақ тәрбиелеудегі жетістіктерін насихаттап, тұрмыстық…
Шымкент қаласы әкімдігімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны 172-ге жетіп, биыл 7 жаңа қызмет түрі қосылды. Мемлекеттік қызметтердің 98 пайызы автоматтандырылған. 2022 жылғы статистикаға сүйенсек, 155 қызмет электронды түрде көрсетіліп келген. Осыған байланысты, Шымкент қаласының әкімдігімен ұсынылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді толығымен автоматтандыру мақсатында 2022 жылдың қаңтар…
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өткен жылы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген болатын. Атап айтқанда, барлық тіркелген азаматтық хал-актілерді өзектендіруге электронды түрде «Egov.kz» сайты арқылы өтініш жіберуге мүмкіндік қарастырылған.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) - денсаулық сақтау мүддесін әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттік жүйе болып табылады. МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, тұрғылықты жерiне және табысына қарамастан медициналық және дәрілік көмекке тең қолжетімділік жасауға кепілдік береді.
Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «№2 жеңіл атлетика мен велосипед спортынан ОРМБЖСМ» мекемесі 2023 жылдың жазғы маусымын жақсы көрсеткішпен қорытындылады. Жас спортшыларымыз шет елдерде, еліміздің түкпір-түкпірінде ұйымдастырылған додаларда топ жарды.

Астанаға саяхат жасады

Среда, 19 Июль 2023 04:48 Автор
Жуырда «Экология, өлкетану және туризм» орталығында үйірмеге қатысатын 46 білім алушы Астана қаласына саяхаттап қайтты. Танымдық экскурсияның мақсаты – туристік өлкетану бағытындағы жұмыстарды жетілдіру, жас өскіндерді Астана қаласымен таныстыру, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Жемқорлықпен күрес әрбір саналы азаматтың парызы. Кез келген өркениетті қоғам үшін жемқорлықпен күрес өзекті мәселе болып отыр. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ.
Сырт көзге олардың жұмысы оңай көрінгенмен, шынтуайтына келгенде нағыз еңбек адамы солар ма дерсің?! Иә, біз жедел жәрдем жүргізушісі туралы сөз қозғамақшымыз. Көрген жұрт «көлік жүргізушісі болу қиналатын жұмыс емес» деп айтар. Алайда ауырған адамдардың тағдыры жүргізушінің ептілігіне, жылдамдығына байланысты екенін білмей жатады. Ондай кезде…
Шымкент қаласында шалғай елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Қалалық цифрландыру басқармасының қолдауымен және жеке инвестор «Спец автоматика сервис» ЖШС тарапынан Еңбекші ауданындағы Оңтүстік тұрғын алабы талшықты-оптикалық интернет желісімен қамтылды. Елді мекенде 38 000-ға жуық тұрғын бар.

Жолда қабылдау жүргізілді

Среда, 19 Июль 2023 04:38 Автор
Шымкент полицейлері «Жолда қабылдау» акциясы аясында мыңнан астам сауалға жауап берді. Аталған шараны мегаполис полицейлері қала тұрғындары мен қонақтары көп жиналатын «Арбат» демалыс аймағында өткізді.