Инвесторларға қызмет көрсетеді

Понедельник, 25 Январь 2016 03:40 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3423 раз

Астана қаласының 2 ХҚКО-сында пилоттық режимде
Инвесторларға қызмет көрсету секторлары жұмыс жасай бастады

a63986d97df5d35d8f051e87176e056d XLИнвесторларға қандай да бір мемлекеттік қызметті алу үшін түрлі ұйымдарға барудың қажеті жоқ, «бір терезе» қағидаты арқылы барлық рұқсаттар мен лицензияларды алуға болады, бұл инвесторларға артылатын төрешілдік және әкімшілік жүктелімдерді айтарлықтай қысқартады.

Инвесторлардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын жеңілдету инвесторларға бағытталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін «бір терезе» қағидатын енгізудің арқасында мүмкін болды.

Қазіргі уақытта, «Транспорт Тауэр» ғимаратында инвесторларға қызмет көрсету орталығы жұмыс жасайды. Енді Астана қаласында ХҚКО-лардың базасында Инвесторларға қызмет көрсету секторлары пилоттық режимде қосымша жұмыс жасайтын болады.  Қаңтардан бастап бұл жоба 19 ХҚКО-да іске қосылатын болады, олардың қатарында Астана, Алматы және облыстық орталықтардың ХҚКО-лары бар.

2015 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға арналған бұл механизм басым инвестициялық жобаларды іске асыратын инвесторлар үшін ғана қолжетімді болатын. Бірақ 2016 жылы барлық рұсқат беру құжаттарына кеңес беру мен оларды алу үшін өз бизнесін кеңейтуге шешім қабылдаған кез келген инвестор жүгіне алады.

Инвесторға өз сұрау салуы бойынша құжаттар топтамасын дайындау ғана керек, ал қалған барлық процессті Инвесторларға қызмет көрсету секторлары орындайды және бақылауға алады. Енді әкімшілік инстанцияларды өз бетінше өтудің қажеттілігі жоқ. Белгіленген уақытта барлық құжаттар дайын болады және инвесторға табыс етіледі.

Инвесторлар үшін «бір терезе» онлайн сервисін автоматтандыру мен қамтамасыз етудің ресурсы болып “isc.baseinvest.kz” сайты табылады, онда инвестор тіркеліп, ақпарат ала алады, сондай-ақ құжаттарды беру процесін online режимінде қадағалай алады.  

Сол сияқты, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Комитетінің Сall center жұмыс жасайтын болады, ол арқылы инвестор ақпараттық және консультациялық қолдау алады. Сallcenterтелефоны: 8(7172) 75-45-40. 

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.