Кітапқұмар ұлт Избранное

Среда, 03 Апрель 2024 04:22 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 1023 раз

жас ұрпақтан қалыптасады

Орталықтандырылған балалар кітапхана жүйесінде кітапханашылар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында көтерген мәселелерді талқылады. Мемлекет басшысы көтерген маңызды мәселелердің бірі – жастарды кітап оқуға баулу.

KitapKumar

 

«Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз. Ғаламторды бей-берекет пайдалану өскелең ұрпаққа кері әсерін тигізеді, сондықтан жастарды бала кезінен кітап оқуға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу керек, сонда ғана біз кітап оқитын ұлтқа айналамыз», – деді Президент.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Түркістанда өткен Ұлттық Құрылтайдың екінші отырысында тәулік бойы жұмыс істейтін заманауи кітапхана салу туралы айтқан еді. Көп ұзамай Алматы және Астанада тәулік бойы жұмыс істейтін заманауи кітапханалар бой көтеретінін жеткізді. Қоғамда кітап оқу мәдениетін орнықтыру үшін құрылтай мүшелерінің «Ұлттық кітап» күнін белгілеу ұсыныстарына қолдау білдіріп, нәтижелі өткізу керектігін айтты. «Кітап оқитын халық қана зиялы бола алады» деп есептейді Мемлекет басшысы.
Шымкент қалалық орталықтандырылған балалар кітапханасы жүйесі қызметкерлерінің міндеті – балалардың кітап оқуға қызығушылығын қалыптастыруға жағдай туғызу,
жас оқырманның, ата-аналардың қажетті ақпараттағы білім мен ғылым жетістіктерін, оқу процесіндегі соңғы жетісіктерді, озық тәжірибелерді дер кезінде жеткізіп, уақтылы толық қанағаттандыру, туған тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, халықтың салт-дәстүрін аялай, ардақтай білуге тәрбиелеу. Сондықтан Президенттің «кітапханалар өзінің тәрбиелік рөлін жоғалтпай, заман талабына сай болуын, өскелең ұрпақтың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, оқу сауаттылығын дамыту керек» деген сөзін толық қолдаймыз. Ел тарихындағы иделогиялық құндылықтарымызды әдебиет арқылы дәріптеп, жас ұрпақтың бойына рухани құндылықтарды сіңіріп, нағыз отаншылдыққа тәрбиелеуге өз үлесімізді қосамыз деген сенімдеміз.

Ж. САУҒАМБАЕВА,
Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар
жүйесінің директоры

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « «Кітап – құдіретті қару» ҒЫЛЫМ – ӨМІР ШЫРАҒЫ »