ҒЫЛЫМ – ӨМІР ШЫРАҒЫ Избранное

Среда, 17 Апрель 2024 04:51 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 2748 раз

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде 12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні атап өтілді. Іс-шараға оқу орнының ғалымдары мен профессор-оқытушылар құрамы және қызметкерлері қатысты. Оқу орнының Басқарма төрағасы – ректор м.у.а Қайрат Нұрманбетов салтанатты шараны ашып, ғалымдарды мерекемен құттықтады.

Gilim

 

– Университетімізде 2 ғылыми-зерттеу институты, 17 ғылыми-зерттеу зертханасы, 6 ғылыми орталық жұмыс істейді. Сонымен қатар оқу ордамызда 83 ғылым докторы, 480 ғылым кандидаты, 113 PhD доктор қызмет атқарады. Университет өткен жылы 80 жылдық мерейтойын атап өтті. Мерейтой қарсаңында оқу орнымызға Зерттеу университеті мәртебесі берілді. Бұл біз үшін зор жетістік, үлкен абырой болды. Ғалымдардың зерттеулерінің тынысы ашылып, оларға тың серпін берді. Алдағы уақытта университетіміз бұдан да үлкен белестерді бағындыратынына сенімім кәміл және баршаңызды Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтаймын! – деді Қайрат Еңбекшіұлы.
Сондай-ақ техника ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Әйменов пен PhD доктор Бахыт Смайлов әріптестеріне жүрекжарды пікірлерін арнап, айшықты мерекемен құттықтады.
Салтанатты шара барысында 5 ғалымға ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің Құрмет грамотасы және 7 ғалымға Алғыс хат табыс етілді. 11 ғалымға қаржылай сыйақы берілсе, 15 ғалым Басқарма төрағасы – ректордың Құрмет грамотасымен, сондай-ақ 14-і Алғыс хатпен марапатталды.

А.КЕРІМ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Кітапқұмар ұлт Тау тұлғалы ғалым »