Директорлар конкурспен тағайындалды Избранное

Пятница, 26 Октябрь 2018 05:14 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 3363 раз

Шымкентте мектеп директоры мен балабақша меңгерушісі конкурспен тағайындалды. Бұл конкурсқа қатысуға барлығы 18 үміткер өтініш берген. Бұған дейін бірқатар басшылық міндеттерді атқарған үміткерлердің 15 жылдан бастап 30 жылға дейінгі еңбек өтілі бар.

Қаламыздағы №1, 35, 45, 68, 96 және 52 мектептер және №49 «Жасұлан» бөбекжай балабақшасы басшылығына тағайындалудан үміткерлер алдымен білім мекемесін дамыту жоспарымен таныстырды. Бұдан кейін комиссия мүшелері конкурсқа қатысушыларға жаңартылған білім мазмұны, Елбасының биылғы Жолдауы, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының бағыттары және басқару қызметінің мәдениеті мен этикасы жайлы сұрақтар қойды.
Конкурс нәтижесінде №45 мектеп-гимназиясының директоры лауазымына Рамилия Искандерова тағайындалса, №46 «Жасұлан» балабақшасын енді Динара Түлкібаева басқарады.