Жастар – елдің қанаты

Пятница, 30 Ноябрь 2018 04:46

Бүгінгі аға буынның ертеңгі арқасүйері – жастар. Елбасының Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында 2019 жылды жастар жылы деп жарияланғаны жастарға тың серпін, жігер беріп отыр.

152

20 жылдыққа – 20 игі іс

Среда, 28 Ноябрь 2018 05:00

«Нұр Отан» партиясы 20 жылдық мерейтойы қарсаңында игі бастаманы қолға алып отыр.

131

135 техника қар тазалауға дайын

Среда, 21 Ноябрь 2018 05:04

Биылғы қыста мегаполис көшелерін қардан тазалауға 1000-ға жуық адам жұмылдырылады. Сонымен бірге 135 техника жолдағы қарды күреуге дайын.

106

Балалар алаңшалары көбейеді

Среда, 21 Ноябрь 2018 05:02

Абай ауданында ойын алаңшалары көбейіп келеді. Аудан әкімдігі тарапынан 15 спорт алаңшасын салуға жобалық-сметалық құжат дайындалып, бүгінге дейін 3 спорт алаңшасын салуға бюджеттен қаржы бөлінген.

105

Қарияларға демеу болғандар

Среда, 31 Октябрь 2018 04:48

«Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалының өкілдері әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкері күніне орай Шымкент қаласы тұрғыны, жалғызілікті тыл ардагері Құралай Әлиқұлованың үйіне барып, қарияға қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкер Айгүл Төленованы құттықтады.

16

Шымкентте мектеп директоры мен балабақша меңгерушісі конкурспен тағайындалды. Бұл конкурсқа қатысуға барлығы 18 үміткер өтініш берген. Бұған дейін бірқатар басшылық міндеттерді атқарған үміткерлердің 15 жылдан бастап 30 жылға дейінгі еңбек өтілі бар.

Қаламыздағы №1, 35, 45, 68, 96 және 52 мектептер және №49 «Жасұлан» бөбекжай балабақшасы басшылығына тағайындалудан үміткерлер алдымен білім мекемесін дамыту жоспарымен таныстырды. Бұдан кейін комиссия мүшелері конкурсқа қатысушыларға жаңартылған білім мазмұны, Елбасының биылғы Жолдауы, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының бағыттары және басқару қызметінің мәдениеті мен этикасы жайлы сұрақтар қойды.
Конкурс нәтижесінде №45 мектеп-гимназиясының директоры лауазымына Рамилия Искандерова тағайындалса, №46 «Жасұлан» балабақшасын енді Динара Түлкібаева басқарады.

Елбасының«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауында: «Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет», – деп білім беру саласын жетілдіре түсуді тапсырды.

IMG 20180925 130539

Мемлекет басшысы айтқандай, қазақстандық озық білім беру жүйесін қалыптастыру оның ұйымдастырушылық-экономикалық тетіктерін реформалаудан басталды. Бұл басқару тәсілдерін өзгертуді де қарастырады. Еліміздегі 2016-2019 жылдарға арналған білім берудің жаңартылған бағдарламасында жан басына шаққандағы нормативті қаржыландыру әдістемесі мен ережесі күшіне енді. Ол 2013 жылдан бері орта білім беру саласында апробациядан өткен болатын. Онда жұмыскерлерге еңбекақы төлеу шығындары, жұмыс берушінің салық, зейнетақы, әлеуметтік аударымдағы жарналары және оқу мен ғимарат ұстау, кеңсе, шаруашылық тауарлары, құрылыс материалдары, жуу және дезинфекциялық құралдарын сатып алу іспетті ағымдағы және коммуналдық қызметтерге, байланыс пен интернетке жұмсалатын шығындары да ескерілген. Сонымен қатар инклюзивті білім беруді ұйымдастыруға арналған шығындар, қосымша күрделі қаржы шығыны, техникалық және кәсіптік білім беру бойынша дуалды білім беру шығындары қамтылған.
Таяуда қалалық білім басқармасының ұйымдастыруымен "Орта білім беруді жан басына қаржыландыру" жобасының таныстырылымы өтті. Таныстырылымға "Қаржы орталығы" АҚ президенті Асқар Ибрагимов және Шымкент қаласы мектептерінің директорлары қатысқан болатын. Басқосуда А. Ибрагимов әр оқушы басына қаржы мектепке бөлінетіні және оның тиімді тұстарын атап өтті. Қаржы орталығы басшысының айтуынша, қазіргі таңда бүкіл әлемде білім беруге ресурсттарды бөлудің «ақша оқушының соңынан жүреді» тәсілін қолдану, яғни, сұраныс негізінде қаржыландыру әлдеқайда дұрыс болып саналады екен.
– Ол әдетте «қаражатты жан басына бөлу» немесе «нормативтік-бюджеттік қаржыландыру» деп аталады. Бұл қаржыландыру тетігінің мәні қаржыландыру көлемі ең алдымен оқушылар санына байланысты бөлінеді дегенді білдіреді. Басқа сөзбен айтқанда, бөлінетін қаражаттың көлемі оқу орнының әрбір оқушыға берілетін білімнің тиісті сапасын қамтамасыз ету қажеттілігіне сәйкес келеді,– дейді қаржы орталығының басшысы.
Асқар Ибраимовтың сөзінше, бұл жобаны енгізбес бұрын халықаралық тәжірибелер қарастырылған. Сондықтан мұны жаңа жүйе емес, білім беруде жасалып отырған жаңа қадам деп атау керек. Себебі бұл жоба әлемде танымалдыққа ие.

Мектептер дербес болады

Жан басына шаққандағы қаржыландыру кезінде мектептерде мұғалім басты тұлғаға айналады, себебі оқушылар мен мектептер жақсы мұғалімнің соңынан жүреді, сәйкесінше оқу орны неғұрлым көп оқушы жинайтын болса, оның бюджеті соғұрлым көп болмақ. Мұндай құбылыстың экономикалық және әлеуметтік әсері бар. Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы А. Абылайханның мәлімдеуінше, бұл – мектептің әкімшілік шығындарды күрт қысқарып, мұғалімдердің жалақысын арттыруға қосымша жәрдем болмақ.
– Жалпы, бюджет қаражатын тиімді әрі оңтайлы пайдалану, үнемдеу мақсатында ұйым басшысының белгілі бір дербестігі болуы қажет. Жан басына шаққандағы қаржыландыру басқарушылық және қаржылық шешімдер қабылдау үшін осындай дербестікті қарастырады. Алдағы уақытта мектеп әкімшілігі жөндеу жұмысын қалай жүргізетінін, қанша қаражат бөлетінін, қандай жалақы белгілейтінін өзі шешеді. Мектеп бухгалтериясы жариялы болып, әкімдік пен ата-аналар комитетіне оның әр іс-қимылы көрінетін болады. Сондай-ақ, жан басына шаққандағы қаржыландыру 2019 жылы қыркүйек айынан бастап Шымкент қаласындағы барлық мектептерге енгізіледі,–дейді қаланың бас ұстазы.

Шетелде мектепті қалай қаржыландырады?

Жан басына қаржыландыру бұған дейін әлемнің озық елдерінде қалай жүзеге асқанына назар аударып көрелік. Мәселен, Ұлыбританияда жан басына қаржыландыру мектептерді оқушылар қабылдауға ынталандырады және ата-аналарға мектеп таңдауға мүмкіндік береді. Үкімет тестілер мен емтихандардың қорытындыларын жариялаумен және мектептердің жүйелі тексерістерін, білім берудің ұлттық стандарттарын, ұлттық тестілеу жүйесін енгізді. Осыдан, сапа көрсеткіштері жоғары мектептерге оқушылардың қызығушылығы айтарлықтай арта түседі. Базалық қаржыландырудың көлемі бір оқушыға шаққанда 80%-ды құрайды, ол есеппен білімнің деңгейіне (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) байланысты саналады.
Ал, АҚШ-та бастауыш мектепте қарқынды оқыту саясаты жүргізіледі. Соның нәтижесінде оқудың кейінгі сатыларында шығыстар қысқарады. Ол елдегі әр штат оқушыларды есепке алудың тәсілін өзі таңдайды. Қаржыландыру формуласы оқудағы қосымша мұқтаждықтарды, жеке пәндердің тереңдетіліп оқытылуын және орналасқан орынның ерекшеліктері мен мектеп ғимараттарын ескереді. Англиядағы қаржыландыру жүйесіне қарағанда, АҚШ-та мектептер қаражатты бөлуге қатыспайды. Өйткені өңір мектептерінің басым көпшілігінің жеке банктік шоты жоқ. Мектеп директоры мекеменің қызмет етуіне, яғни ғимараттың ұсталуы мен материалдық базасы мәселелеріне ғана жетекшілік етеді. Қаржыландыруды толықтай аймақтық басқармалар мен бөлімдер қамтамасыз етеді. Қаржыны бөлуді қамқоршылық кеңестер жүзеге асырады.

Білім және бәсекелестік

IMG 20180925 131013

Әр оқушыға мемлекет қаржы бөлу арқылы орта білім ошақтарының тапшылығын да шешеді. Мұндай қадам жекеменшік мектептер желісінің дамуына серпін бермек. Шымкент қаласының білім басқармасы осы бағыттағы жоспарлы жұмыстарды атқаруға білек сыбана кірісіп кетті.
Бүгінде Шымкент қаласында 19 мектепте өз сиымдылығынан артық оқушылар үш ауысымда білім алуда. Бұған себеп миллионды қаланың демографиясы мен миграциясы. Мұндай өзекті проблемалар мемлекеттік жан басына қаржыландыру механизмін енгізіп, алдағы жылдары жекеменшік мектептерге қаржы аудару арқылы шешілетін болады. Оған бөлінетін қаржы да қомақты. Мемлекет тарапынан жаңадан мектеп соғу үшін кәсіпкердің салған инвестициясын қайтарып беру қаражаты да қарастырылған.
Әр оқушы басына қаржыландыруда мемлекеттік мектепке жылына 224 335 теңге қарастырылса, жекеменшік мектепке 235 698 теңге қаржы бөлінеді. Ал жаңадан соғылған мектеп үшін мемлекет күрделі шығындарды өтеу және сыйақы төлеу үшін ынталандыру мақсатында 8 жыл бойы мектептің сиымдылығына қарай 242 400 теңге(235 698+ 242 400=478 098) теңге қаржы төлейді. Сонда кәсіпкер мектеп құрылысы үшін салған инвестициясын сегіз жылдың ішінде қайтарып алады.
– Жекеменшік мектеп ашудың кәсіпкерлер үшін ұтымды тұстары көп. Мәселен, білім ордасының сиымдылығы 1000 орындық болса, онда екінші ауысымға тағы мың оқушыны қабылдай алады.Ал бюджеттен мектептегі оқушы санына қарай, яғни, ондағы білім алып жатқан 2 мың оқушы басына қаржы бөлінеді. Сегіз жыл бойы төленетін қаржы оқушы санына емес, тек мектеп сиымдылығына қарай төленеді. Сондықтан мектеп ашамын деген кәсіпкерлерге мектепті жаңадан соғуға кеңес беремін,– деп түсіндірді Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Ақерке Абылайхан.

Жекеменшік мектепке сұраныс көп

Қазірге дейін Шымкент қаласында 8 жекеменшік мектеп жұмыс істеп келді. Жаңа оқу жылында ол тағы 3 жекеменшік мектеппен толықты. Оның ішінде «Арофат» ЖШС балаларды бастауыш сыныпқа қабылдап, 1 қыркүйектен өз жұмысын бастады. Мектепте орыс тілі бағытында 250 оқушыға 20 жоғары санатты мұғалім дәріс өтуде. Мұнда 1 сыныпта -6 топ, 2 сыныпта -2, 3 сыныпта-2, 4 сыныпта -1 топтан жалпы 11 топ оқушы білім алуда. «Арофат» ЖШС-і құрылтайшысы Н. Сулаймановтың айтуынша оқушылар білім алғаны үшін ақы төлемейді. Ал, 20 балаға берген білім мен 30-35 балаға берген білімнің арасында қандай айырма бар екені айтпаса да түсінікті. Жан басына қаржыландыру әдісіне сәйкес, бастауыш сынып оқушылары үшін бір айлық шығындар үшін 13 мың теңге бөлінген. 2019 жылдан бастап мемлекеттің жекеменшік мектептерге бөлінетін жан басына қаржыландыру жобасынан үміткер.
–Сабақты білім беру бағдарламасының мемлекеттік стандарты бойынша оқытылады. Оқушылар сабақтан тыс ағылшын тілі, шахмат, музыка, спорт және пән үйірмелеріне қатысады. Мұның барлығы ақысыз жүргізіледі. Сондай-ақ оқушылар үш мезгіл ыстық тамақпен қамтылған. Ата-аналар тарапынан баласының тамағы үшін ақша төленеді,– дейді «Арофат» ЖШС -і құрылтайшысы.
Құрылтайшы бүгінде тағы 1000 орынды мектептің құрылысын бастап жіберген. 2019 жылы жаңа оқу жылына дейін толық бітетінін айтады.Өйткені жекеменшік мектепке халықтың сұранысы көп.
– Баласын мектебімізге қабылдауын сұранып, күнде бір ата-ана өтініш жасап келеді. Келер жылға жаңа мектеп ғимаратын пайдалауға берсек, ол жерде екі ауысымға 2 мың бала білім ала алады. Келесі оқу жылында орта және жоғары сыныптарды ашуды жоспарлап отырмыз,–дейді құрылтайшы.
Мамандар елімізде 199 жекеменшік мектептің бар екенін айтады. Олар жалпы білім беру мекемелерінің 2,6%-ын құрайды. Орташа есеппен әр ел балаларының 20%-ы жекеменшік мектепте білім алады. Ұлыбритания, Германия мемлекеттерінде оқушылардың 10%-ы, Чили, Индонезия, Испания, Ирландия және Нидерланды елдерінде 30%-ы, ал Қазақстанда оқушылардың 5%-ы жекеменшік мектепте білім алады екен.

Тобықтай түйін:

Уақыт дәлелдегендей, жекеменшік мектептер бәсекелестік ортаны қалыптастырып, білім берудің мазмұнын байытатыны ақиқат. Бұл- баланың мемлекеттік мектепке қарағанда жекеменшік мектепте терең білім алады дегені емес. Басты мәселе - оқушының мектеп тапшылығын көрмей, еркін білім алуына жағдай жасап беру.

Отбасы өнегесі – Отанның өнегесі

Пятница, 28 Сентябрь 2018 04:45

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарлмасы аясында «Туған жердің тұлғасы» жобасы бойынша Ерлік музейінде Сайрам ауданының Құрметті азаматы, еңбек жолын токарь қызметінен бастаған –еңбек ардагері Әзімхан қажы Қуанышбековке арналған «Отбасы өнегесі – отанның өнегесі» тақырыбында сырласу кеші өтті.

Ерлік мұражай фото

Сайрам ауданында туып, сұрапыл соғыс кезінде тылда майданмен үндесе еңбек еткен, тыл ардагері ақсақал, Әзімхан қажы бүгінде ел арасында үлкен құрметке ие. Сырласу кеші ардагердің 90-ға жуық жәдігерлерінен жасақталған көрмені тамашалаудан басталды.
Іс-шараны қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы И. Рысбеков ашып беріп,
Ә. Қуанышбековтың өмірі жайлы айтылып, атқарған еңбегі жастарға кеңінен насихатталды. Басқосуға еңбек ардагерлері, сарбаздар, жастар қатысып, тағылымы мол көріністер көрсетілді. Ардагер басып өткен жолдары жайында келелі әңгімелер қозғалып, жастар патриоттық әндер орындады.

Страница 1 из 6