«Razum» оқу орталығы ашылды Избранное

Пятница, 16 Ноябрь 2018 05:20 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 6062 раз

Шымкентте жаңа кәсіптік білім беру орталығы жұмысын бастады. Мұнда балалар мен жасөспірімдер, ересектер қосымша білімдерін жетілдіріп, шығармашылық қабілеттерін шыңдайды. Сонымен қатар тіл үйреніп, кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік бар.

94

 

Оқу орталығында балғындарға ұзартылған күн тобы жұмыс істейді. Мұнда білікті мамандар балақайлардың қосымша үй тапсырмаларын орындауға көмектеседі. Есеп-қисаптың қыр-сырын меңгеруде ментальді арифметика оқытылса, робот құрастыруды үйрететін робототехника және мехатроника сабақтары қатар жүреді. Сонымен қатар жас бүлдіршіндер ән мен би, актерлік шеберліктен дәріс алуына болады. Қылқалам шеберлерінен сурет салу, мүсін құрастыру дәрістері де жүргізіледі.
Ал тіл үйрену курстары жастарына қарай барлық деңгейде оқыталады. Атап айтсақ, орыс, ағылшын, түрік, қытай тілдерін оңай әрі жылдам меңгеруге мүмкіндік мол. «Жас кәсіпкер» жобасы тағы бар. «Razum» кәсіптік білім беру орталығының құрылтайшысы Ақмарал Абдрахманова балалар мен жасөспірімдер, ересектерге өз саласының нағыз майталмандарынан білім алуға шақырады. Жеңілдіктер қарастырылған. 

Мекенжайы: Б.Момышұлы, 17 («Нәтім» орталығы, 3 қабат)

Байланыс тел:  8 778 115 21 06