Сыңғырла, күміс қоңырау

Среда, 29 Май 2019 04:11 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 3732 раз

Шымкенттегі білім ошақтарында соңғы қоңырау соғылды.

64 мектеп 5

Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиядан 74 жас түлек ересек өмірге қанат қақты.

Аққанат қарлығаштардың құрметіне ұйымдастырылған салтанатты жиынға Шымкент қаласы білім басқармасының жауапты мамандары, ардагер-ұстаздар, ата-аналар және мектеп оқушылары қатысты. Мектеп директоры Г.Сандыбаева түлектерге құттықтау сөзін жолдап, ақ жол тіледі.

Салтанатты мерекеде бітіруші түлектер ұстаздарына алғыстар айтып, өлең-ән шумақтарын арнады, вальс биледі. Бұдан кейін қимастықпен соңғы қоңырау соғылды.

«Зияткер түлек – 2019» салтанатты жиыны Шымкент қалалық химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде де өтті.

Биыл бұл білім ошағын 134 оқушы аяқтады. Олардың 20-ы шетелдік оқу орындарына шақырту алып, 14-і Назарбаев Университетінің гранттарын жеңіп алған. Мектеп директоры Балқан Қасымов алтын ұя мектебімен қоштасқалы тұрған жасөспірімдерді құттықтап, алдағы өмірлеріне сәттілік тіледі.

Толағай табыстар мен жеңісті күндерге толы болған оқу жылының қорытындысында қажырлы еңбегі еленген ұстаздар мен оқушылар марапатталып, кубоктар табыс етілді. Бірқатар мұғалімге қала әкімінің Алғыс хаты берілді.

Айгүл КЕРІМБАЙҚЫЗЫ,
Тағабай ҚАСЫМ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.