Агроөнеркәсіп – экономиканың драйвері

Пятница, 14 Июнь 2019 05:44 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 614 раз

Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешен саласына басымдық беріліп келеді. Өйткені жаһандану заманында азық-түлік қауіпсіздігі ұлттық қауіпсіздікпен қатар тұрады. Елімізде қарқынды дамып келе жатқан осы салаға білікті мамандарды дайындап келе жатқан бірегей оқу орны – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті.

Оқу орнындағы «Ауылшаруашылығы ғылымдары» жоғары мектебінің құрамында бүгінде «Мал шаруашылығы өнімдерінің технологиясы», «Ветеринариялық медицина», «Су ресурстары және суды пайдалану», «Кадастр, жерге орналастыру және ауылшаруашылық техникасы» кафедралары жұмыс істейді.

Факультет қабырғасында білікті мамандар дайындау үшін студенттерге 126 профессор мен оқытушылар, оның ішінде ҚР ҰҒА 1 академигі, 6 ғылым докторы, профессорлар, 3 ҚР мемлекеттік сыйлығының иегерлері, 50 ғылым кандидаттары мен Рһd докторлары дәріс береді.

«Мал шаруашылығы өнімдерінің технологиясы» кафедрасында 15 профессор оқытушылар дәріс береді, олардың ішінде 5 ғылым докторы, профессорлар, 3 ғылым кандидаты, 1 Рһd докторы, 6 магистрант оқытушы бар.
Оқыту үрдісінде студенттер бекітілген оқу жоспарына сай «Оңтүстік–Батыс мал және өсімдіктер ғылыми-зерттеу институты», «Сайрам сүт», «Фудмастер», «Оңтүстік құс» АҚ шаруашылықтарында өндірістік іс-тәжірибеден өтеді.

Университет әкімшілігі тарапынан жылдан жылға студенттердің әлеуметтік жағдайын жақсартуда орасан жұмыс жүзеге асырылуда. «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» жоғары мектебінің студенттері арнайы 600 орынды жатақханамен қамтылды. Онда тұрып жатқан студенттер жақсы оқып қана қоймай, түрлі мәдени шаралардың өтуіне мұрындық болуда.

Факультет студенттері университеттің қоғамдық өміріне белсене араласып, түрлі ғылыми конференция, байқау, КТК жарыстарына қатысып қана қоймай, олардың жеңімпаздары атануда.
Факультет ауыл шаруашылығы кешенінің қазіргі заман талабына сай барлық салаларына жоғары сапалы, экологиялық таза азық-түлік, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу және сақтау, шығынсыз пайдаланудың көзін білетін білікті, өз ісіне жетік мамандар дайындайды:

5В080200 – Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы (биология). Бітіруші түлектер ауыл шаруашылығын басқару мекемелері, өндірістік кооперативтер, мал өнімдерін өндіру, өңдеу және дайындау мекемелері, хайуанаттар бағы, ғылыми – зерттеу мекемелері, аграрлық колледждерде сабақ береді. 2019-2020 оқу жылынан бастап осы мамандық бойынша магистратура және докторантура ашылады.

Осы оқу орындарын бітіріп шыққан мамандар университет қабырғасында, яғни атаулы кафедрада оқытушы бола алады. Факультет студенттерінің 95% мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқиды, сонымен қатар үлгерімі жақсы студенттер 25 мың теңге стипендия алады.

Жүрегі «Елім, жерім» деп соққан, ауылдың ұлттық алтын арқауы, берік діңгегі деп түсінетін жастан ертеңгі еңсе көтеретін елжанды, айтулы азамат болып шығатынына күмән келтірмейміз.

А.Теңлібаева,
М.Әуезов атындағы ОҚМУ
«Ауылшаруашылығы
ғылымдары жоғары мектебі
«Мал шаруашылығы
өнімдерінің технологиясы»
кафедрасының меңгерушісі,
ауыл шаруашылығы
ғылымдарының кандидаты

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Танат Алибеков. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.