Талантқа тұсау жоқ Избранное

Пятница, 17 Февраль 2023 04:53 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 1600 раз

«Көрме» орталығында Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен алғаш рет «Жігерлі жүрек» атты мүмкіндігі шектеулі азаматтардың форумы өтті.

17

 

Мақсаты – қоғамда еселі еңбегімен еленіп, өнерімен өрге жүзген, қайсарлығымен көзге түскен ерекше жандарды халыққа танытып, қолдау көрсету. Өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесін жетілдіріп, патриоттық сезімін ояту әрі жігерлендіру. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын өңірлерде насихаттау.
Форумның ұйымдастырушысы – «Бір үміт», «Өзіңе сен», «Анаға сағыныш» тәлімдік жобаларымен республикамызға танымал болған Салих Калиев. Талантты жас әнші Салих Калиев «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының мәдениет бағыты бойынша «Жігерлі жүрек» атты жобасымен 1 млн теңге грант иегері атанған.
– Тағдырыма қарай балалар үйінде тәрбиелендім. Денсаулығыма байланысты ерекше жандар қатарында болсам да, мойымай, қазақ еліне қызмет еткім келеді. Бүгінгі таңда 11 қаланы аралап, қайырымдылық концертімді бердім. Бүгінгі іс-шараның өтуіне қолдау білдірген Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасына, «Көрме» орталығына, «Түркістан» сарайының өнерпаздарына алғысым шексіз, – дейді С.Қалиев.
Жиынға қоларба биінен Азия чемпионы Е.Қалымбетов, халықаралық жүзуден спорт шебері, белгілі қолөнерші М.Сәрсембаев қонақ ретінде қатысып, өмір жолдарымен бөлісті. Жиын соңында басқарма тарапынан қатысушыларға алғыс хат пен қаржылай сертификаттар табысталды.

С.ЖАМАЛДИНОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.