«Аналар – дәстүрімнің бал қаймағы» Избранное

Среда, 22 Февраль 2023 04:00 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 1953 раз

Қаратау аудандық ардегерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Аналар – дәстүрімнің бал қаймағы» атты аудандық аналар байқауы өтті.

33

 

Бастаманың басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұлттық дәстүрімізді, салтымызды жас ұрпаққа кеңінен насихаттау. Іс-шараға қатысқан аудан әкімі Рақымберді Жанысбекұлы өнерлі аналарға сәттілік тіледі.
–Ұлттық құндылықтар – халқымыздың басты байлығы. Оны өскелең ұрпақ санасына сіңіру – сіз бен біздің басты парызымыз. Оның ішінде, халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын насихаттау міндетіміз. Қазіргі қоғамда нағыз қазақ анасының бейнесін қалыптастыру, қазақ қыздарына ұлт құндылықтарын дәріптеу арқылы біз өз құндылықтарымызды өркендетуге үлес қоса аламыз, - деді өз сөзінде аудан әкімі.
Жалпы байқауда аналар ережеге сәйкес 4 кезең бойынша сынға түсті. Қорытындысында барлық қатысушы аналар арнайы номинациялармен марапатталып, аудан әкімінің сыйлықтарына ие болды.
Жалпы байқау нәтижесімен «Парасатты Ана» номинациясымен – Талиға Төлепова, «Асыл Ана» номинациясымен –
Зерхан Нұрымова, «Ақ Ана» номинациясымен – Ақмарал Жұмабаева марапатталса, «Дана Ана» номинациясының иегері атанған Болсынай Исмаилова байқаудың қалалық кезеңіне жолдама алды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Талантқа тұсау жоқ «43/38» »