«43/38»

Среда, 22 Февраль 2023 05:28 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 2423 раз

Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының репертуары қазақтың ұлы тұлғалары, қоғам қайраткерлеріне арналған жаңа қойылымдармен толығып отыр. Өткен жылы ұлт жанашыры А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай «Ахмет» қойылымы мен «40 мысал – 40 мақала» көшпелі әдеби тіл керуені бастау алды. Ал, биыл көрнекті жазушы, ақын, публицист Ілияс Жансүгіровтің 130 жылдық мерейтойына орай Ілиястанушы Мұратбек Иманғазин мен Назым Өтеулинованың «43/38» туындысы сахналанбақ.

34

 

Ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылығына арналған, өскелең ұрпаққа берері мол осындай қойылымдарды көрген әрбір жас көрермен тарихқа терең бойлап, тебіреніс құшағында қайтары анық. Драма ақынның дүниеге келген сәтінен бастап, оның өмір жолы, әдебиет әлеміндегі қалыптасу кезеңі, қайраткерлігі мен өмірінің соңғы жылдарындағы трагедиясын қамтиды. Ақынның тұлғалық бейнесінің қалыптасуына ықпал еткен ұлт жанашырларының әрекеті мен махаббатқа толы өмірінің куәсі боласыздар.
Спектакльдің қоюшы режиссері — І.Жансүгіровтың туған жері Жетісу облысының тумасы, Талдықорған қаласындағы Б.Римова атындағы қазақ драма театрының режиссері Ұлан Ахметов. Режиссер әрбір кейіпкердің образын ерекше мән берген. Әсіресе, жас Ілияс пен орта жастағы Ілиястың бейнесі арқылы «тар жол, тайғақ кешуден тұратын» тарихи кезеңді ерекше суреттеген.
Театрсүйер қауымды 22-24 ақпан аралығында «43/38» қойылымының премьерасына шақырамыз.

Р.АЙҒАЗИЕВА,
Шымкент қалалық қуыршақ және
жасөспірімдер театры әдебиет бөлімінің меңгерушісі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.