Тазалық күнiмен бастау алды Избранное

Пятница, 20 Март 2015 04:01 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4013 раз

Наурызнама дәстүрін заманауи үлгіде қайта жаңғыртуға бағытталған мерекелік шаралар өңірімізде «Алас күні» айдарымен бастау алды.

Мерекеге орай Шымкентте сенбілік өткізіліп, қала тұрғындарының күшімен 150 магистральды көше бойлары мен 900-ге жуық көпқабатты тұрғын үй аулаларында санитарлық тазалық жұмыстары атқарылды.
Жалпыхалықтық шараға облыс орталығында орналасқан облыстық басқармалар мен орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық департаменттерінің қызметкерлері де белсене атсалысып, өз үлестерін қосты.
Ал «Абай» саябағындағы Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан 165 мың оңтүстікқазақстандықтың есімдері таңбаланған «Даңқ» мемориалының аллеясында облыс әкімі
Асқар Мырзахметов және қала әкімі Дархан
Сатыбалды арамызда жүрген соғыс ардагерлерімен бірлесе ағаш көшеттерін отырғызды. Бұл бүгінгі ұрпақтың ел амандығы мен бейбітшілігі үшін жанын қиған жеңіс жауынгерлеріне деген сый-құрметтің белгісі болып қалмақ.

 

 DSC 0208 DSC 0220 

 

Последнее изменение Пятница, 20 Март 2015 09:03
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.