«Көктем аруы» – Назерке Нұсқабай

Пятница, 13 Март 2015 06:10 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 5713 раз

Дәстүрлі «Көктем аруы – 2015» байқауына қаламыздағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарынан 13 ару сынға түсті. Қатысушылар сұлулығымен қатар, бойларындағы өнерлерін паш етті. Сондай-ақ, халқымыздың салт-дәстүр, әдеп-ғұрпынан хабардар екенін көрсете білді.

DSC 0448Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Арулар алдымен шығармашылық қабілеттерін ортаға салды. Екінші кезең сұрақ-жауапта өздерінің алғырлығы мен білімділігін көрсетті. Сайыстың үшінші кезеңінде сән үлгілерін көрермен назарына ұсынды. Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мұрат Базарқұлов жетекшілік еткен қазылар алқасы құрамында дизайнер, халықаралық сән үлгісінің жеңімпазы Марат Ерімбетов, «Шымкент келбеті», Панорама Шымкента» газеттерінің редакторы Айгүл Қапбарова, режиссер, актер Шапағат Орынбаев, «Көктем аруы – 2014» байқауының жеңімпазы Әсем Нұрәлиева болды.
Қазылар алқасының шешімімен бас жүлде Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Назерке Нұсқабайға (суретте ортада) бұйырды. Бірінші орын Оңтүстік Қазақ-стан политехникалық колледжінің студенті Айгерім Мырхазметоваға берілсе, үшінші орынды Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ-нің студенті Қазына Асқарбекқызы жеңіп алды.
Іс-шара барысында қала әкімінің орынбасары Нұртай Қайрат Ырзақұлұлы барша әйелдер қауымын, қала жастарын 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда үлес қосып жүрген азаматшаларды қала әкімінің Алғыс xатымен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Бұған дейін республикалық «Керемет» журналының  тілшісі болып еңбек еткен. 2014 жылдан бастап қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі.