«ҚОС ҚАНАТ» БАЙҚАУЫ ТАЛАНТТЫ ӨНЕРПАЗДАРДЫ КӨПКЕ ТАНЫТТЫ Избранное

Пятница, 06 Сентябрь 2024 05:17 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 453 раз

Жақында «Қазақ соқырлар қоғамы» Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен композитор Теміржан Базарбаевтың шығармашылығына арналған зағип және нашар көретін азаматтардан құралған дуэттердің арасында «Қос қанат» республикалық ән байқауы өтті.

KosKanat

 

Байқау «'Nazar» ұлт аспаптар ансамблінің орындауындағы «Ақыртас», «Ерке сылқым» күйлерімен басталды. Бұл ансамбль 2024 жылдың наурыз айынан бастап «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалы жанынан зағип және нашар көретін қоғам мүшелерінің арасынан құрылды. Ансамблдің басты мақсаты – қазақ халқының музыкалық шығармаларын, күйлерін, әндерін дәріптеп, зағип және нашар көретін азаматтарды өнерге баулу.
Ансамбльдің ерекшелігі - ансамбль мүшелері арнайы музыкалық білім игермеген талантты жастар. Көркемдік жетекшісі – халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Ерболат Таласбай.
Ары қарай «Патриоттық қозғалыс Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының төрағасы Оспанова Гүлмира Болатқызының құттықтау сөзімен жалғасты.
Байқауға Астана, Алматы, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Шымкент, Қарағанды, Өскемен, Семей қалаларынан өнерпаздар қатысты. Жалпы 15 жұп, 30 қатысушы өнер көрсетті. Байқау екі кезеңнен тұрды: бірінші кезеңде орындаушылар композитор Теміржан Базарбаевтың авторлық әндерін орындады, ал, екінші кезеңде өнерпаздар мемлекеттік тілде еркін тақырыптағы, әртүрлі сипаттағы әндерді ұсынды.
Қазылар алқасының шешімімен әр орынға екі дуэт лайық деп танылды. Сонымен қазылар алқасының шешімі бойынша бас жүлде Шымкент қаласына бұйырды: Серікбай Әсет - ерекше орындаушылығымен сахнаның жарқын жұлдызына айналды, ал, оның сахынадағы сыңары Исаханова Назима - өзінің күшті әрі әсерлі орындауымен көзге түсті, көрермендер мен қазылар алқасын жоғары нәтижелерімен қуантты.
Атыраулық жұп Алиева Айдана мен Кенжалиева Камила байқаудың І орын иегері болып танылды. Тағы бір жүлделі І орынға атыраулық өнерпаздар Хами Талгат пен Тастанбекова Гүлжанат жұбы ие болды. ІІ орынды түркістандық қатысушылар Төребай Нұржан мен Назарқұл Құралай жұбы және Абай облысынан келген Хасенова Әсем мен Жанұзақова Жанель жұбы жеңіп алды. Ал, ІІІ орындарды астаналық Әділбекова Жанар мен Сақбосынова Алина жұбы және Қарағандыдан келген өнерпаздар Абишева Екатерина, Высочинская Эмина жұбы иеленді.
Байқау барысында қалған 8 жұпқа да ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

А.САЙЛАУҰЛЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Ж.ШАНИН ТЕАТРЫНА – 95 ЖЫЛ