Әкім кубогы – «Шымкент жастар құрамасында»

Понедельник, 10 Апрель 2017 10:00 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4499 раз

Облыстық «Жайдарман» ойындарының кезекті ойыны Отырар  ауданында өтті. Көңілділер мен тапқырлар кешінде аудан әкімінің кубогі сарапқа салынды. Сайыста аудан, қалалардан келген командалар бақ сынады.

jaidarman 27«Жайдарман» ойынына ең таңдаулы «Сырдария», «Шымкент жастар» құрамасы, «Миллион», «Нағыз Джентельмендер» командалары қатысты. Қатысушылар қоғамдағы өзекті мәселелерді әзілмен әдемі жеткізіп, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. 11 құрама бақ сынаған сайыс тартысты болды. Төрешілер құрамында қазылық еткен белгілі сатирик Көпен Әмірбек жайдарманшылардың ойынын жоғары бағалады.

–Жайдарман» ең алдымен, өнер. Әзілкештер қармақпен балық аулағандай, көрерменді күлкіге жетелейді. Ақынның өлеңінен, жылдар бойы жазған жазушының кітабынан, тіпті театрдың әзілінен жастардың ойыны шапшаң. Бір ауыз сөзбен күлкіге айналдырады. Сондықтан «жайдарманшыларды» қолдаймын, – деді Көпен Әмірбек.

Күлкі күнінеорайұйымдастырылған «Жайдарманның» бас жүлдесін және Отырар ауданы әкімінің кубогын «Шымкент жастар құрамасы» жеңіп алды. Бірінші орын “Сырдария ” қомандасына бұйырса, екінші орынға «Жаным әшейін» лайық деп танылды. Ал үшінші орынды «Миллион» тобы иеленді.

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Бұған дейін республикалық «Керемет» журналының  тілшісі болып еңбек еткен. 2014 жылдан бастап қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі.  

Другие материалы в этой категории: « Өлеңге өтініш Күлкі жәрмеңкесі – Түркістанда »