×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Елдігіміз ұлықталып, тарихымыз дәріптелді

Среда, 12 Июль 2017 05:08 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 5495 раз

Шымкент қаласында жылдағы дәстүрге сай,  Астана күні айрықша аталып өтті. Іс-шаралар легі шілде айының 5 жұлдызында «Абай» саябағында өткен қылқалам шеберлерінің көрмесінен бастау алды. Онда өнер иелері өз туындыларында Астана қаласының тұнық аспаны мен сәулетті кескін-келбетін айшықты бейнеде жеткізе білді. Сондай-ақ, гүлзарда орналасқан С. Бәйтереков ескерткішінің алдында қаланың шығармашылық ұжымы мерекелік концерттік бағдарлама ұсынды.

eldigimiz-uliktap-53

Негізгі мерекелік шаралар шілде айының 6 жұлдызында қыза түсті. Күндіз ойын-сауық алаңдарында бүлдіршіндер шат-шадыман күйге бөленсе, жасөспірімдер түрлі мәдени және спорттық сайыстарда өзара сынға түсті. Ал кешқұрым Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен салтанатты кеште қала тұрғындары көңіл сергітіп, тіпті, би де биледі. 

Бұл күні бүлдіршіндер үшін есте қалар сәттің бірі зообақта өтті. «Ашық есік күнінде» зообаққа көптеп жиналған жұртшылық Астана есімді керіктің туған күнін тойлауға да мүмкіндік алды.Сонымен қатар, балалар өздерінің сүйікті мультфильмдерін тамашалап, қуыршақтармен көңілді ойындар ойнады.
Бұл мезгілде «Шымкент плаза» ойын-сауық кешенінің алдында 120 жас мерекелік флешмоб ұйымдастырды. Сондай-ақ, «Ақсу» жазғы демалыс лагерінде демалып жатқан бүлдіршіндер осы кеште қала аумағында танымдық экскурсия жасады.
Ал Орталық саябақта кітапсүйер қауым Астана қаласының бүгіні мен келешегінен сыр тартатын белгілі авторлардың жазбалары, еңбектерімен танысты. Ашық аспан астында ұйымдастырылған кітапхана қызметінде оқырманға Қазақ Елінің бас қаласы жөнінде қажетті мағлұмат берілді. Сонымен қатар, саябақта бар өнерін паш еткен жас қылқалам шеберлері туындыларын Астана қаласының құрметіне арнады.
Әл-Фараби атындағы орталық алаңға жиналған қала тұрғындары мен қонақтары кешкілік мерекелік шараның салтанатын арттырған эстрада жұлдыздарының өнерін тамашалады.
Хореографиялық қойылыммен басталған концерт барысында классикалық және халықтық әндер шырқалды. Әсіресе, елімізге белгілі эстрада жұлдызы Мөлдір Әуелбекова мен «Алау» тобының орындауындағы әндер кештің ажарын аша түсті.