Ұлтжандылығы Шерхан Мұртазаға тартқан

Среда, 23 Январь 2019 04:57 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 1030 раз

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шымкенттегі «Ерлік» музейінің «Ата-бабалар аманаты – елдік пен ерлік, бірлік пен ынтымақ» жобасы бойынша айтулы кәсіпкер, меценат, өңірімізге белгілі энергетика маманы Пердебай Сабитовке арналған «Ұлтжандылық Шерхан Мұртазадан жұққан» атты кеш өтті.

Сырласу кеші

Сырласу сағатын музей меңгерушісі Ақмарал Құдайбергенова мен жазушы Мархабат Байғұт жүргізді.

Пердебай Сәбитов 1963 жыл 25 желтоқсанда Сарыағаш ауданы Ошақты ауылында көп балалы отбасында дүниеге келген. Жастайынан еңбекке ерте араласқан бала Пердебай 5 сыныбынан бастап жазушы Шерхан Мұртазаның шығармаларын оқуға жаны құмар болған. Жазушының бала күнгі естеліктерінен өзіне үлкен жігер алып, өмірлік ұстанымы етіп келген.

– Шерхан Мұртазаның «Қызыл Жебе» романын оқыған кезде Тұрар Рысқұловтың бала күнінен бастан кешкен оқиғалары мені үлкен әсерге бөледі. Әсіресе, бала Тұрар болыстың баласынан таяқ жеп, әкесі Рысқұлға шағым айтқанда әкесінің айтқан ақылы өмірлік ұраныма айналды. Сонау бесінші сыныптан бастап арман мақсаттарым түбегейлі өзгеріп, сәтсіздікке ұрынған кезімде де Рысқұлдың баласына айтқан ақылы есіме түсіп, лезде өзімді жинақтадым. Мен Тұрар Рысқұловты Шерхан Мұртаза арқылы таныдым және жазушының басқа да туындыларынан бағыт алып отырдым, - деді кеш кейіпкері.

Бүгінде П.Сәбитов «Қуат жылу орталық» АҚ директоры қызметін абыройлы атқарып келеді. Сонымен бірге Шымкент қалалық WT Таеквандо федерациясының вице-президенді. 2018 жылы ел ағасының еңбегі еленіп, ҚР Президентінің Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды.

Басқосуда ардагерлер Байдулла Қонысбек, Нармахан Бегалыұлы, Ерғали Жүсіпбеков, Шерім Медеуов, Жолдыбай Ендібаев, Жеңісбек Мәуленқұлов, Исамуддин Рысбай ұлтымыздың біртуар перзенті Шерхан Мұратаза мен жазушы Тұтқабай Иманбеков жайлы сыр шертті. Сондай-ақ, Ш.Мұртаза мен Т.Иманбековтың тұрақты оқырманы әрі кітаптарын шығаруға демеушілік жасайтын
Пердебай Сабитов туралы тартымды әңгімелер айтты.

Последнее изменение Среда, 23 Январь 2019 11:03