АҚШ-тағы Президент сайлауының нәтижесі белгілі болды. Республикалық партия атынан кандидат болған Дональд Трамп саяси науқанның қорытындысы бойынша жеңіске жетті. Саяси додада ол 57 миллион халықтың дауысын жинады. 70 жастағы Д. Трамп АҚШ елінің тарихындағы ең егде Президент болмақ.

АҚШ-тың сайлау жүйесі күрделі екені белгілі. 8 қарашада америкалықтар өз дауыстарын қағаз жүзінде нақты кандидатқа емес, сайлаушыларға берді. Жалпы, Сайлаушылар алқасында 538 сайлаушы бар. АҚШ Президенті атануы үшін кандидаттарға сайлаушылардың кемінде 270 дауысын жинауы қажет еді. 40-тан астам штаттардың нәтижесі бойынша «су жаңа» Президент 276 дауыс жинады.

Осыған орай, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Дональд Трампқа Америка Құрама Штаттарының 45-ші Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады. «Сіздің басшылығыңызбен Америка Құрама Штаттары дүние жүзінде тұрақтылықты, қауіпсіздікті сақтау және өсіп-өркендеу жолында тірек болып қала беретініне сенімдімін», – делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев Дональд Трампқа табыс тілеп, оны Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

2017 жылдың қаңтар айында Дональд Трамп салтанатты түрде ант қабылдайды және алдағы төрт жылда елді басқаратын болады. Айта кетейік, Д. Трамп 1946 жылы 14 маусымда Куинсте (Нью-Йорк) дүниеге келген. Пенсильвания университетінен экономика бакалавры дәрежесін алып шыққан. Байлығы $4,1 млрд долларды құрайтын Трамп тек жылжымайтын мүліктен бөлек, спорт (реслинг, гольф, футбол), дәрумен сату сияқты кәсіп түрлерімен айналысады. Ол 2015 жылдың 16 маусымында АҚШ президенттігіне ресми түрде Республикалық партия атынан қатысатын үміткер екенін мәлімдеген болатын.

Опубликовано в Саясат
Вторник, 05 Июль 2016 04:46

Еңселi Елорда – елдiктiң тiрегi

akimҚұрметті қала тұрғындары мен
қонақтары!

Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін айғақтайтын Елордамыз Елбасы Н.Назарбаевтың ірі жобасының бірі. Астана 18 жыл ішінде ірі және заманауи мегаполиске айналды. XXI ғасырдың табалдырығында біз өз таңдауымыз – көне Сарыарқаның киелі аспаны астында қоныс тепкен жаңа астанамыз туралы мәлімдеп, бүкіл әлемге паш еттік.
Бүгінгі таңда елдің төрі – Елордамыз барша ұлт пен ұлыстың басын қосқан бірлік мекеніне айналды.
Астана – бейбітшілік пен тұрақтылық қаласы, мәдениет пен өнердің өрісті ордасы. Бас қалада келесі жылы төрткүл дүние көз тігіп отырған іргелі жобалардың бірі «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі өтеді. Әйгілі көрмеге қазірдің өзінде дүниежүзінің 91 елі мен 15 халықаралық ұйымы қатысатынын растады.
Астана мерейі – ел мерейі, Астана беделі – халық беделі. Астана тек алып қала ғана емес, мемлекетіміздің жаңаруының, жаңғыруының символы.

Қымбатты қала тұрғындары!

Қазақстанның Бас қаласы «Астана күні» мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ерекше мереке. Сіздерді «Астана күні» меркесімен шын жүректен құттықтаймын! Отбасыларыңызға амандық, бақыт-береке тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВ,
Шымкент қаласының әкімі

Опубликовано в Қоғам
Среда, 29 Июнь 2016 05:51

«Мiнсiз қызметi үшiн»...

Байланыс және ақпарат саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми БАҚ басшылары мен қызметкерлерінің, соттардың баспасөз қызметінің мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады. 

duiseniКездесуде Қ. Мәми: «Заманауи демократиялық және құқықтық мемлекет үшін қоғамның барлық өкілдерін саяси өмірге белсенді араластыру маңызды. Осы ретте БАҚ тұрғындар мен билік арасындағы «алтын көпір» тәріздес. Бір жағынан олар адамдарды толғандыратын мәселелерді айтса, екінші жағынан оларды шешудің жолдарын хабарлайды. Соттардың БАҚ пен өзара іс-қимылының жаңа тұжырымдамасы қабылданды, өңірлерде үйлестіруші-судьялар мен баспасөз қызметтері белсенді жұмыс істеуде. Мұның айғағы үстіміздегі жылы БАҚ-та 53 мыңнан астам материал жарық көрген» – деді. 

Салтанатты іс-шарада Қайрат Мәми БАҚ өкілдеріне құрмет грамоталары мен естелік сыйлықтар тапсырды. Солардың қатарында, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қабыл Дүйсенбиге ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалі табысталып, бағалы сыйлық тарту етілді.

Опубликовано в Қоғам

Әл-Фараби ауданының әкімі Бауыржан Ахметәліұлы көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» табыстады. Марапаттау сәтінде аудан әкімі халық санын көбейтуде ерекше үлес қосқандары үшін алғысын айтып, гүл шоқтарын тарту етті.

Wi1HycxlHDs

Марапатқа ие болған аналардың бесеуіне, яғни, Г. Адахамоваға, Г. Жүнісоваға, А. Қамбароваға, Ж. Тағаеваға және Ш. Трояновскаяға «Күміс алқа» берілсе, ал Гүлвира Халтаеваға «Алтын алқа» табысталды. Г. Халтаева 3 қыз бен 4 ұлдың анасы. 19 жасында тұрмыс құрған ол бүгінгі таңда екі қызын қияға қондырып, бір немере сүйіп отыр. Кенжесі 2 жаста. Бірнеше айдан соң, сегізінші перзентін бауырына баспақ.
– Баланың көп болғаны жақсы, бауырмалдығы артады. Өмірдің қиын сәттерінде бір-біріне демеу бола біледі, – дейді көпбалалы ана.
Айта кетейік, Әл-Фараби ауданы бойынша 4192 көпбалалы ана бар. Олардың 436-сы «Алтын алқа», ал 1183-і «Күміс алқа» иегерлері. Жыл басынан бері 8 анаға «Алтын алқа», ал 28 анаға «Күміс алқа» ресми түрде беріліп, құрмет көрсетілді.

Опубликовано в Әлеумет
Пятница, 06 Май 2016 09:58

Ерлiк – ұрпаққа ұран

70527711

Құрметті Ұлы Отан соғысының
ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!

akimҚасиетті де ұлы мереке қарсаңында Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Жеңіс күні – тарих төрінен орын алатын, қуанышты да қайғылы, рухы биік мереке. Бұл мейрам – соңғы демі қалғанша күрескен жанқиярлық ерліктің нәтижесі, Жеңіс жалауы желбіреген күн, халқымыздың өрлігі мен даңқының жарқын көрінісі. Бүгінгі Тәуелсіздік тұғырының берік, еліміздің өркендеуі мен бірліктің бұзылмас қамалы осынау мерекенің жемісі.
Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі.
Біздің парызымыз – бұл алапат соғыстағы Жеңістің бізге қалай келгендігін ұғыну, қаза тапқандарды қадір тұтып, арамызда жүрген ардагерлерге ұдайы қамқорлық көрсету. Бүгінгі буын Жеңіс солдаттары алдында мәңгілік қарыздар, сондықтан да ардагерлерге жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсету үшін барлық мүмкіндіктер жасалуда.
Жеңіс күні қарсаңында біз тәуелсіз еліміздің айтулы мемлекеттік мерекесі – 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнін атап өтеміз. Бұл күні біз Қарулы күштер қатарында қызмет еткендер мен сапта жүргендерге құрмет көрсетеміз. Мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін қорғаушылар мен өз еліне шексіз берілгендер үлкен ілтипатқа ие. Бүгінде Отан қорғаушылар күні Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, ерлік пен жауынгерлік күшке ие нағыз ерлердің мерекесіне айналды.

Қадірлі жерлестер!

Бүгінгідей айтулы мерекеде барлық бастаған бастамалар оң жемісін беріп, Отанға адал, елге қайырымды, еңселеріңіз биік, мерейлеріңіздің үстем болуын тілеймін. Келешек еліміздің дархан даласы кең, аспаны ашық болғай! Жұдырықтай жұмылған, білектей біріккен кеңпейіл Қазақ елінің көк байрағы мәңгі бейбітшілік аспанында желбірей бергей! Мереке құтты болсын!

Ғ. ӘБДІРАХЫМОВ,
Шымкент қаласының әкімі

Опубликовано в Мәдениет

Келер ұрпаққа бүгінгі бейбіт өмірді тарту еткен Ұлы Отан соғысының және тыл ардагерлерінің ерен ерлігі – қашанда үлгі, өнеге. Кеше Шымкент қаласының әкімдігі «Grand Holiday Hall» салтанат сарайында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арнап мерекелік дастархан жайды. Шараға облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков пен Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысты.

DSC 0842

Салтанатты жиынның ашылуында қала әкімі қарт майдангерлерді Ұлы Жеңіс күні меркесімен құттықтады.
– Жеңіс мерекесі – Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігі, тыл еңбеккерлерінің қаһармандығы, бейбіт күндеріміз үшін қантөгіс майданда жанын қиған батырларымызға арналады. Отанға деген махаббат, жеңіске деген құштарлық пен қуатты рух, достық пен ынтымақ – Ұлы Жеңістің негізі болды. Сұрапыл соғыс жылдары біздің қаламыздан майданға 23 мыңнан астам азамат аттанып, соның 11 мыңнан астамы майдан даласында мәңгілікке қалды. Елге оралған ардагерлер соғыстан кейінгі күйреген шаруашылықты қалпына келтіруге үлесін қосты. Қазіргі таңда Шымкент қаласында Ұлы Отан соғысының 143 ардагері және 7 мыңға таяу тыл ардагері тұрады, – деп атап өтті Ғабидолла Рахматоллаұлы.

DSC 0837

Арада неше уақыт өтсе де, жеңімпаздардың айбынды даңқы өшпек емес. Осы орайда, қала әкімдігі тарапынан соғыс және тыл ардагерлеріне қаржылай сый-сияпат жасалды.

Опубликовано в Қоғам
Страница 2 из 2