Көпбалалы аналарды ардақтады Избранное

Пятница, 06 Май 2016 10:17 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 5352 раз

Әл-Фараби ауданының әкімі Бауыржан Ахметәліұлы көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» табыстады. Марапаттау сәтінде аудан әкімі халық санын көбейтуде ерекше үлес қосқандары үшін алғысын айтып, гүл шоқтарын тарту етті.

Wi1HycxlHDs

Марапатқа ие болған аналардың бесеуіне, яғни, Г. Адахамоваға, Г. Жүнісоваға, А. Қамбароваға, Ж. Тағаеваға және Ш. Трояновскаяға «Күміс алқа» берілсе, ал Гүлвира Халтаеваға «Алтын алқа» табысталды. Г. Халтаева 3 қыз бен 4 ұлдың анасы. 19 жасында тұрмыс құрған ол бүгінгі таңда екі қызын қияға қондырып, бір немере сүйіп отыр. Кенжесі 2 жаста. Бірнеше айдан соң, сегізінші перзентін бауырына баспақ.
– Баланың көп болғаны жақсы, бауырмалдығы артады. Өмірдің қиын сәттерінде бір-біріне демеу бола біледі, – дейді көпбалалы ана.
Айта кетейік, Әл-Фараби ауданы бойынша 4192 көпбалалы ана бар. Олардың 436-сы «Алтын алқа», ал 1183-і «Күміс алқа» иегерлері. Жыл басынан бері 8 анаға «Алтын алқа», ал 28 анаға «Күміс алқа» ресми түрде беріліп, құрмет көрсетілді.

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

2001 жылдан бастап журналист болып жұмыс істейді.  Бұған дейін "Сайрам ақшамы", "Отырар" телеарналары мен "Юмакс" радиосында жұмыс істеген. 2012 жылдан бастап қалалық "Шымкент келбеті" газетінің тілшіcі.