Баға бақылауда болады

Пятница, 21 Август 2015 05:20 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 3973 раз

Елімізде теңге еркін айырбас бағамына көшірілді. Осы орайда, сауда үйлерінде және қаламыздағы базарларда бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу маңызды.

baga bakilauda bolady 34Шымкент қаласы әкімдігінде өткен жиналыста қала әкімі Ғабидулла Әбдірахымов сауда орындарындағы баға күнделікті бақылауға алынып, негізсіз өсіргендер жауапкершілікке тартылатынын мәлім етті. Әкімдікте негізгі әлеуметтік тауарлар мен қызмет бағасының тұрақтылығын бақылап, мониторинг жүргізетін штаб құрылды.
Өз кезегінде ірі сауда орындарының және тауар өндіруші кәсіп-орындардың басшылары жақын арада тауарлар мен қызметтердің бағасы өспейтініне сендірді.

Ә. ӘБУ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.