«Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексі»

Среда, 20 Июнь 2018 11:09 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 856 раз

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі (The Global Competitiveness Index) – жаһандық зерттеулер және әлем елдерінің экономикалық бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші бойынша онымен қоса жүретін оның рейтингі.

 

Жалпыға бірдей қол­же­тімді статистикалық мәліметтерге және компа­ния­лар басшыларының жаһандық сауалнама нәти­желеріне – Бүкіләлемдік экономикалық форум әріптес ұйымдар желілерімен – есепте талдау жасалатын елдердің жетекші зерттеу институттарымен және ұйымдармен бірлесіп өткізетін жыл сайынғы кең ауқымды зерттеулер комбинациясына негізделіп, Бүкіләлемдік экономикалық фо­рум­ның әдістемесіне есептелген.
Зерттеулер 2004 жылдан бері жүргізіледі және қазіргі кезде әлем­нің түрлі 140-144 елдері бойынша бәсекеге қабі­леттілік көрсеткішінің неғұрлым толық кешенін бей­нелейді. Дүниежүзілік экономикалық форумның 2017-2018 жылдардағы Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде (ЖБИ) 2017-2018 жылдар аралығында бағаланған елдер саны 137 болды (өткен жылы - 138)
Қазақстан 2012 жылдан бастап рейтингке (Ресей сияқты) экономикасы дамудың екінші кезеңінен (өнімділікке негізделген кезең) үшінші кезеңіне(инновацияларға негізделген кезең) өткен ел ретінде қатысады.
2017 жылғы 27 қыркүйекте Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) 2017-2018 жылдардағы Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы есебін жария етті.
Рейтинг нәтижесі бойынша Қазақстан өзінің рейтингтік көрсеткішін 4 позицияға төмендетіп, орташа есеппен 4,35 ұпаймен 57-ші орынға ие болды.
Биылғы жылы рейтингті қайтадан Швейцария басқарды, ол соңғы 9 жыл ішінде өзінің позициясын тұрақты түрде сақтап қалып отыр. Рейтингтің көшбасшылары АҚШ, Сингапур, Нидерланды және Германия болып қала береді.
ЖБИ  114 көрсеткіш  бойынша есептеледі, олардың 34-і статистикалық деректер негізінде есепке алынады, ал қалғандары орта және ірі кәсіпорындар басшыларының бағалауы бойынша жүргізіледі. 114 көрсеткіштің ішінен 12 бәсекеге қабілеттілік факторы шығарылады, бұл экономикалық дамудың әр түрлі деңгейлерінде орналасқан әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігін сипаттайды.
Сондай-ақ, Қазақстан мынадай факторлар бойынша оң динамика көрсетті: технологиялық дайындығы (52 орын, 2016ж. - 56 орын) және нарық көлемі (43 орын, 2016ж. - 45), жоғары білім және кәсіптік оқыту (56 орын, 2016ж. -57 орын). 
Қазақстандағы әлсіз позициялар «Қаржы нарығын дамыту», «Компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі» факторлары болып отыр.
Ең үлкен төмендеу көрсеткіші 2 фактор бойынша белгіленді: «Макроэкономикалық орта» және «Инновациялар» бойынша.
Ал, жоғарғы көрсеткішке ие болған позициялар – «Инвесторларды қорғау», «Бастауыш білім берумен қамту», «Мемлекеттік бюджеттің теңгерімі» секілді индикаторлар болып отыр.
ТМД елдерінің арасында Қазақстан Әзірбайжаннан (35-орын) және Ресейден (38-орын) кейін үшінші орынды иеленіп отыр.
Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақ мерзімді басымдықтары белгіленген. Басым бағыттар бойынша және Ел басының жолдаған жарлығына сәйкес, зияткерлік меншік саласына қатысты жұмыстарды жандандыруымыз қажет.
Сонымен қатар, 30 дамыған елдің қатарына кіру мақсатында 2020 жылға қойылған жұмыс жоспарын алға ілгерлерту бойынша, мемлекет жұмысының негізгі бөлігі қазақстан бизнесін, әсіресе шағын және орта бизнесті дамытуға барынша қолайлы жағдай жасау болмақ.
Осыған орай, зияткерлік меншік құқықтары саласы бойынша қоғамда шет елдерден заңсыз тасмалданатын тауарларға қатысты, олардың жолын кесу, болдыртпау мақсатында, жергілікті құқық қорғау органдарымен бірлескен бұйрықтың аясында тығыз тексеру іс-шаралары жасалуы қажет.
Әділет органдарының басты міндетінің бірі зияткерлік меншік құқығын қорғау болып табылады. Зияткерлік меншік адамзаттын ақыл ойымен жасалған барлық шығармалары – азаматтық мүліктік құқықтар нысаны‚ жеке немесе ұжымдық зияткерлік еңбектің нәтижелеріне айрықша меншік.
Осы Шаралар жоспарындағы көрсеткіштерге жауапкершілік мемлекеттік органдар бекітілген (ұлттық экономика, даму және инвестициялар жөніндегі, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, әділет, ішкі істер, ауыл шаруашылығы, қаржы, білім және ғылым министрліктері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктері мен Ұлттық банкке құзырет бойынша бекітілген).
Бұдан басқа, ҚР кәсіпкерлерінің «Атамекен» ұлттық палатасы ДЭФ БЖИ көрсеткіштері бойынша кәсіпкерлер арасында жүргізілетін жұмыстарды тұрақты түрде ақпараттық қолдаумен қамтамасыз етеді.
ҚР Әділет министрлігіне келетін болсақ: 119 көрсеткіштің 4 индикаторы бойынша жауапты орындаушы болса, 3 индикаторы бойынша қосымша жауапты болып табылады. Атап айтқанда:
Жауапты орындаушы болып табылатын индикаторлар:
«Әкімшілік дауларды реттеуде заңнаманың тиімділігі» индикаторы
«Даулы мәселелерді шешуде заңнаманың тиімділігі» индикаторы
«Меншік құқығы» индикаторы
«Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторы
Қосымша жауапты орындаушы болып табылатын индикаторлар:
«Мемлекеттік органдармен қабылданатын шешімдерінің айқындығы» индикаторы
«Қоғамның саясатка сенімі» индикаторы
«Мемлекеттік қызметшілер шешімдеріндегі фаворитизм» индикаторы

 

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық

әділет басқармасының басшысы

БОТАН Дина Балтабекқызы

«Қазақстан Заңгерлер Одағы»

РҚБ-ң ОҚО филиалының мүшесі

 

Последнее изменение Среда, 20 Июнь 2018 11:16
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.