3 МЛРД ТЕҢГЕ ҮНЕМДЕЛДІ Избранное

Среда, 22 Июль 2020 05:56 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 295 раз

957c1fa5e1b0c0de96cbb07ffa1a2e69

Шымкент қаласының әкімдігі ел аумағына төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты басым емес бюджет шығыстарын оңтайландыру мақсатында 2020 жылдың бюджетін қайта қарады.

Екі рет нақтылаудың нәтижесінде 3 094,5 млн теңге оңтайландырылды. Қысқартылған шығынның ішінде техникалық құралдарды сатып алуға, түрлі іс-шараларды өткізуге, қаланы абаттандыруға арналған қаржы бар.
Үнемделген қаржы індетке қарсы күрес шараларына, ауруханаларды дәрілік заттар мен медициналық құрал-жабдықтармен қамтуға бағытталды. Нақтылап айтқанда, 1 647,5 млн теңге дәрілік заттар мен медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға, медицина қызметкерлерін уақытша баспанамен қамтамасыз етуге және көлікпен тасымалдауға, оттегі станциясын орнатуға бағытталса, 236,3 млн теңге қаланы дезинфекциялау жұмыстарына, ал 2 050,0 млн теңге қаладағы жұқпалы аурулар госпиталының құрылысына бағытталған.
Эпидемиологиялық жағдайға байланысты шілде айында бюджет шығындарына талдау жасалып, жалпы 7 214,6 млн теңге оңтайландырылады деп жоспарлануда. Нақтылау кезінде мәдени іс-шаралар өткізу, қаланы көгалдандыру – аббаттандыру, қызметтік іссапарлар, мемлекеттік мұқтажға жер телімдерін алу, құрылыс жұмыстары сияқты шығындар қысқартылады. Аталған қаржы денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.