Мүлігіңізді заңдастырдыңыз ба?

Вторник, 02 Декабрь 2014 02:44 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 3384 раз

Шымкентте мүлікті заңдастыру жұмыстары жалғасуда. Осыған орай, қалаға қарасты үш аудан әкімдіктерінде құрылған комиссия мүшелері құжаттарды қабылдап, түсіндіру жұмыстарын  жүргізуде.  

600 77a0fb680a4e612a9a461e43b3901531Бірінші  қыркүйектен бастап Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша  елімізде мүлікті жария ету  науқаны басталғаны белгілі. Айта кетейік, заңнамада мүлік жөнінде ұсынылатын мәліметтердің толықтығы мен анықтығы үшін азаматтардың жауапкершілігіне басымдық берілген. Жария етілген мүлікті рәсімдеу қызметіне қатысты барлық шығынды жария етуші төлейді.
Шымкенттегі үш аудан әкімдіктерінде де бұл жұмыстар қызу қолға алынған. Мәселен, Еңбекші ауданы бойынша  18 өтініш келіп түскен. Оның 11-і қаралуда, ал 5 құжат кері қайтарылды. 18 миллион теңгенің  екі құжаты жария етілді.  223 келушіге  құжаттарының толық болмауына байланысты  түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары
Д.Амангелдиевтің айтуынша, Сайрам және Төлеби аудандарынан қалаға қосылған елдімекеннің 800-ден астам тұрғынына мүлікті заңдастырудың жолдары түсіндірілген.  
Абай ауданы әкімі аппараты жанынан құрылған мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссиясына науқан басталғалы  бері   81 075 000 теңгені құрайтын  10 өтініш қаралып, жылжымайтын мүлікті жария ету бойынша шешім шығарылды.  Комиссия хатшысы С.Маралбаеваның айтуынша, жалпы, 399 келушіге  мүлікті жария ету бойынша ақпараттар беріліпті. Бүгінгі таңда 323 490 000 теңгені құрайтын 43 өтініш қабылданған. Комиссия 34 өтінішті қарап, оның 23-і бойынша жария етуден бас тартты.  Қазіргі уақытта комиссия 9 өтінішті қарауда.
Ал, Әл-Фараби ауданы бойынша бүгінгі күнге дейін бірде-бір жылжымайтын мүлік заңдастырылмаған. 350 келушіге түсіндіру жұмыстары жүргізілген. 17 өтініш қабылданып, оның 10-ы комиссия қарауында.  Әл-Фараби ауданы әкімдігі жанынан құрылған комиссияның хатшысы Д.Шындалиевтің айтуынша, бірде бір мүліктің заңдастырылмау себебі- әртүрлі, әсіресе, қаланың бас жоспарына сай келмейтін  жылжымайтын мүлік саны басым екен.

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

2001 жылдан бастап журналист болып жұмыс істейді.  Бұған дейін "Сайрам ақшамы", "Отырар" телеарналары мен "Юмакс" радиосында жұмыс істеген. 2012 жылдан бастап қалалық "Шымкент келбеті" газетінің тілшіcі.