Пятница, 27 Октябрь 2017 09:39

Аграрлық аймақтың әлеуеті жоғары

ОҚО-да алғаш рет «AGROFEST» ауыл шаруашылығы фестивалі өтті

agrofest-1

Оңтүстік – аграрлық өңір. Ырысын жерден іздейтін Оңтүстік халқына күз қоңыр-күрең түсімен ғана емес, алтын астығымен де қымбат. Жерді еміп өскен өңірдің еңбекқор халқы артық өнген әрбір дән үшін қуанады. Өйткені, ол – адал еңбектің, маңдай тердің жемісі.


Жыл басынан бері елімізде ауыл шарушылығы саласын дамыту, несиелендіру, шаруақожалықтарын біріктіріп, субсидия алу және кәсіпкерлікті арттырып, жаңа жұмыс орындарын көбейту мақсатында іргелі жобалар жүзеге асты. Тынымсыз еңбектің нәтижесінде өңірімізде егіс науқаны жылды жемісті қорытындылады. Бидай мен арпаның әр гектары 18,3 центнерден өнім беріп, қамбаға 400 мың тоннаға жуық астық жиналды.

Оңтүстіктің қазынасы тағы 1,3 млн тонна бақша дақылдарымен толықты. Бұдан өзге, 919 мың тонна көкөніс пен 295 мың тонна картоп, 116 мың тонна жеміс-жидек астық қорын байытты. 

agrofest-2

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай облыс әкімінің бастамасымен өңірде тұңғыш рет «AGROFEST-2017» ауыл шаруашылығы фестивалі ұйымдастырылды. Шымкент қаласындағы «Наурыз» алаңында өткен мерекелік шараға ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері, еңбек озаттары, кәсіпкерлер, халық қалаулылары мен сала мамандары бастаған жалпы 8 мыңға жуық адам қатысты. 

Фестиваль қонақтары алдымен ауыл шаруашылығы саласының жетістіктерін айшықтайтын көрмені тамашалады. Мұнда озық техника үлгілері мен асыл тұқымды төрт түлік малдың түрлерін халық назарына ұсынылды.

 

Оңтүстікте 640 кооператив бар

Шара барысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Әр ауданның табиғи таза өнімдері нарықтағы бағадан 15-20%-ға арзан бағада сатылып, әр ауданнан әкелінген шаруалардың өнімі жалпы 182 тоннаға жетті. 

Мерекелік жиынды облыс әкімі Ж. Түймебаев ашып, сала мамандарын кәсіби меркелерімен құттықтады.

agrogest-4

– Облысымыздағы ауыл шаруашылығы экспортының көлемі бүгінгі таңда 211,4 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылмен салыстырғанда 6%-ға өсті. Импорт көлемі 320 млн АҚШ долларына жетіп, 4 пайызға кеміді. Осылайша республикада облыстың үлесі 13%-ға жетіп отыр. Ағымдағы жылы мал шаруашылығы саласының еңбеккерлері де толағай табыстарға қол жеткізгенін байқауға болады, – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Облыста ірі қара мал саны биыл 5,8%-ға, ал қой мен ешкі 1%-ға, жылқы 19,5%-ға артқан. «Сыбаға» бағдарламасы аясында биылдың өзінде 13 087 бас мал сатып алынса, «Алтын асық» бағдарламасымен 23 352 бас қой, «Құлан» бағдарламасы арқылы 2 366 бас жылқы сатып алынған. Мал басын сатып алуда Оңтүстік өңірі республикада 1 орыннан көрінді. Сондай-ақ биыл облысымызда жаңадан 2 419 шағын бордақылау алаңдары мен 656 жанұялық сүт және 22 отбасылық құс фермалары, 10 балық шаруашылығы іске қосылды.

agrogest-3

– Биыл өңірімізде ауыл шаруашылығы саласында кооперативтерді құру жұмысына ерекше назар аудардық. Нәтижесінде халықтың кооператив құруға деген белсенділігі артып, өңірде министрліктің талабына толық жауап беретін 158 кооператив құрылды. Бүгінгі таңда 640 коопертиві бар Оңтүстік Қазақстан облысы республика бойынша І орынға шықты, – деді аймақ басшысы.

 

Озаттар марапатталды

«AGROFEST-2017» ауыл шаруашылығы фестивалі барысында облыс әкімі Ж. Түймебаев ауыл шаруашылығы саласының озаттарын марапаттады. Өңір шаруалары «Озат қаракөл қой шаруашылығын дамытушы», «Озат оператор сауыншы», «Озат инвестициялық жобаны іске асырушы» және «Озат механизатор» сынды тағы 27 номинация бойынша марапатқа ие болды. Атап айтсақ, «Озат астық өндіруші» Нұрлан Құралов (Қазығұрт), «Озат жүзім өндіруші» Қаршыға Ақтөреева (Мақтаарал ауданы), «Ортақ картоп өндіруші» Бақытжан Төлепов (Шымкент қаласы), «Озат жылыжай өнімін өндіруші» Ергеш Турабеков (Сарыағаш ауданы), «Озық технологияны ендірген шаруашылық» Юрий Ан (Шардара аудана) өз саласында үздік көрсеткішке ие болып, озаттар қатарынан көрінді. Ал аудан-қалалар арасында сүт, ет өндіру, тамшылатып суғару, жеміс-жидек өсіру, көкөніс, мақта, астық жинау сынды 15 бағыт бойынша І, ІІ, ІІІ орын үздіктері анықталып, сый-сияпат табысталды.

agrogest-5

Фестиваль аясында облыс орталығында аудан күндерін өткізу шарасы да қорытындыланып, Сарыағаш ауданы І орынды иемденді.

Мерекелік шара барысында мықтылар орталық атшабарда қыз қуу, теңге ілу, аударыспақтан және қазақ күресі, қошқар көтеру сынды ұлттық спорт түрлерінен бақ сынасты. Әр ауданнан жиналған білектілердің бәсекесі тартысты өтіп, үздіктерге бағалы сыйлықтар табыс етілді. 

agrogest6

«Наурыз» алаңының төріне жағалай тігілген 16 киіз үй бас сұққан қонағын қошеметтеп қарсы алып, ұлттық тағамдар мен сусындардан дәм ұсынды. Фестиваль соңы облыстық өнер жұлдыздарының гала концертіне ұласты.

Опубликовано в Қоғам

«Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы», дейді Елбасы рухани жаңғыруға үндеген мақаласында.
Рас, қазір нарықтың заңдылықтарын, қыр-сырын меңгеретін кезең. Әрі бұл орайда жастарды отансүйгіштікке баулу, төл тарихымызды танытуға да назар аударсақ. Қазір сананы оятып, салт-дәстүрімізді бойға сіңіріп, рухани кеңістігімізді ұлттық құндылықтармен толықтырар уақыт. Бұл орайда ойланатын жағдайлар жоқ емес.

IMG 20170929 131437

Жастар салт-дәстүрімізді дәріптеуде белсенділік танытты

Жас кезінде ауылдың жұмысын істемеген бала жоқ шығар. Үйдің шаруасында ата-анасына қолғабыс еткен бала ширақ болып өсері белгілі. Қазіргі жастарымыздың мұндай іс-әрекеттерге икемі қаншалықты? Интернет, телефон шырмаған қоғамда бұл өте күрделі мәселе. 

Таяуда жастардың осындай салт-дәстүрімізді қаншалықты білетіндігіне куә болудың сәті түсті. Отырар ауданының Қарақоңыр ауыл округі Бестораңғыл елдімекенінде орналасқан «Алаш» этноауылында «Ауылдағы бір күнім» жобасы қызықты жағдайлармен есте қалды. Аудан әкімдігі мен ОҚО жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы бірлесе өткізген сайысқа негізінен өңірдегі белсенді жастар қатысты. 

Сайыста ер жігіттер мал сойып, атты ерттеп, отын жарып, самаурын қойып, жүн қырықса, бойжеткендер таба нан пісіру, түйе сауу, күбі пісу, құрт жасау, бауырсақ пісіру секілді сындардан өтті. Ондағы басты мақсат– Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған міндеттерді жүзеге асыру, жастардың бойында ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғырту. 

IMG 20170929 120826

Несін айтайық, әрбірінің құлшынысы ерекше. Жігіттер де, қыздар да белсенділік танытты-ақ. Дегенмен, қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін жарыста сүйінген де, күйінген де жағдайлар болды. Бес топ та самаурын қоюдың технологиясын тәуір біледі екен. Дегенмен, сайыстың қазылар алқасының төрағасы, ауданның Құрметті азаматы Мырзахмет Темірбеков жастардың ағаш жаруда, техникалық қауіпсіздікті сақтауда кешіліктер барын айтты. «Бұл сайыста негізгі мақсат жеңу емес, қазақы қалыпты қаншалықты сақтап, ұлттық дәстүрлерімізді қаншалықты білетіндеріңді байқау», дейді ақсақал жастардың өнерлеріне баға беріп жатып. 

Әсіресе, қатысушылардың нағыз сыналар сәті – қойдың жүнін қырқу мен қой союға келгенде қарым-қабілеттері айқын аңғарылды. Алдымен жігіттерге қойдың жүнін қырқудың технологиясы көрсетілді-ақ. Сөйте тұра, жігіттер қойдың жүнін қырқуда епсіздіктерін байқатып алды. 

Бір күнге жоспарланған сайыстан осындай әсер алдық. Ауылда өскен баланың қой сойып, самаурын қайнатуды ұмытпаса екен дейміз. Ауыл – ұлт руханиятының қайнар көзі.
Елбасының мақаласында айтылғандай, біз салт-дәстүрлерімізді ұмытпай, руханиятымызды жаңғыра білсек сананың сергек болуы деген осы ғой.

IMG 20170929 121732

«Алаш» этноауылына бардыңыз ба?

Рухани жаңғыру саясатын насихаттап, нақты іске көшкен азаматтардың іс-әрекетіне қалайша риза болмассыз?! Отырар ауданының Бестораңғыл елдімекенінде ашылған «Алаш» этноауылы бірегей жоба. Атауы айқындап тұрғандай, алаш жастарының арман-аңсарын, салт-санасын сергек етер таптырмас орын. Жалпы аумағы – 4 гектар. 8 киіз үй, қолөнер шеберлері, кілем тоқушылар, теріні өңдейтіндердің бөлмесі жағалай орналасыпты. Мұнда жалпы 32 адам жұмыс істейді. 

21 мамыр күні Бакуден басталған Түріксой мемлекеттерінің делегацияларының туристік сапары барысында 11 мемлекеттен 50 шақты адам осында аялдағанын көпшілік білер. АҚШ, Сингапур, Қытай, Польша, Франция, Германия сияқты әлемнің жетекші елдерінің өкілдері таң-тамаша болған. Ұлы Жібек жолының бойындағы мемлекеттерді, қалаларды аралап, көруді мақсат еткен олар осы орынға да соға кетуді жөн санапты. 

Этноауылды қолға алған жас кәсіпкер – Алмас Сыздықбеков. Туған жерін түлетуді перзенттік парызы санаған. Өзі Қытай, Ұлыбританияда білім алып, тағы басқа елдерді аралап жүріп, әр елдің салт-дәстүрімен танысып, талай дүниелерге қаныққан. Бізде әсіресе осындай этнографиялық туризм ақсап жатқаны ойландырған. Сол ойдың жетегінде жүріп, ақыры осындай жобаны іске асырды. 

Өзінің айтуынша, негізінен, этноауыл ресми түрде 10 маусым күні жұмысын бастаған. Сол күні де АҚШ, Түркия, Польшадан, өз елімізден 9 турист келіп, тамашалапты. Содан бері, 1 қазанға дейін созылған алғашқы маусымда 500-ден астам турист қонақ болыпты. 

Қазақ ауылын ашудағы негізгі мақсат – шетел азаматтарына қазақтың салт-дәстүрін насихаттау, таныстыру, екіншіден, болашақ ұрпақты, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу. Үшіншіден, ұмытылып кеткен қолөнершілер, зергершілер, ұлттық құндылықтан ажырамаған ата-апаларымыздың тәжірибесін келешек ұрпақтың бойына сіңдіру. Бүгінде ондай бұйымдарға деген насихат аз болып тұр, қызығушылық төмен. Жас кәсіпкер сол кәсіпті қайта жаңғыртуға құмбыл.

 

Барымызды бағалай білейік

Жуырда БАҚ өкілдерімен бірге облыста жаңадан ашылған ауылшаруашылық кооперативінде болдық. Ондағы малды күтіп-баптау жұмыстарын атқарып жүрген қазақ жастарын кездестіре алмай әрі-сәрі күй кешкеніміз бар. Малды сойып, жайғастыратын қасапшылардың бәрі де өзге ұлт өкілдері.

«Қырсыздың сылтауы қырық, епсіздің сылтауы елу» дейді қазекем. Біліп айтқан. Қолы епсекті, төрт түлік малды баптаудың қыр-сырын меңгеріп өскен бала бүгінгідей нарықтық экономиканы да меңгеріп өспей ме? Сонда жұмыссыздық мәселесі де азаяр еді. 

Бүгінде елімізде салтымызды жаңғыртып, жастарды бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеудің түрлі механизмдері қолға алынуда. Облыста салт-дәстүр және әдет-ғұрып орталығы жұмысын бастады. Қалада атамұрамызды насихаттайтын сауда дүкендері жұмыс істейді.

 

IMG 20171010 103243Ғани АХМЕТБАЕВ,
қалалық мәслихаттың депутаты:

– Өткенді білмей, алға жылжу жоқ. Елбасының рухани жаңғыру мақаласы – еліміздің көркеюіне, болашағына үлкен серпіліс беретін стратегиялық бағдарлама. Осы бағдаралама ясында талай құндылықтарымызды жарыққа шығаруға зор мүмкіндігіміз бар.

Рас, қазір әлемнің дамыған елдері туризмнен, оның ішінде этнотуризмнен мол пайда тауып отыр. Халық елдің өткен ғасырдағы тарихы, этнографиялық өмірін насихаттайтын орындарға жиі барады. Мәселен, Астанада ашылған этноауылда болдым. ЭКСПО көрмесіне келген шетелдік туристер этноауылға барып, сол жердің тамағын жеуге, қызықтауға асығатынын байқадым. 

Шымкентке де мұндай этноорталықтар ашылса құба-құп. Қаланың сыртынан осындай орталықтар ұйымдастыруға әбден болады. Ең алдымен біз инфрақұрылымына, туристерге жағдай жасау жағын ойластырсақ. 

 

Бізде кәсіпкерлер негізінен қаржының тез қайтатынын есептейді ғой. Салған ақшасын тез шығарып алғысы келеді. Этноауыл салып, жұмысын жүргізуге көп уақыт, біршама шығын керек. Бірақ ол ертең он есе, жиырма есе қайтатынына мән бермей жатады. Әр нәрсенің бастамасы қиындықпен басталатынын ұмытпайық. Түптің түбінде кәсіпкерлер осындай рухани жаңғыруға бет бұрады деп сенемін.

Ендігі кезекте этнографиялық туризмді дамытуға көңіл бөлсек. Қазіргі кезде ойынхана мен сырахана көбейгенше, осындай рухани жаңғыруға мән берілсе, керемет емес пе?!

Шымкентте суретші, қолөнерші Болат Бейісбековтің де ұсынып жүрген бірқатар жобалары барын білеміз. Ол отбасымен дәстүрімізді насихаттап жүр. Олар қаладан қазақ ұлттық қолөнер орталығын ашуды жоспарлап жүргеніне біраз уақыт болды. 

IMG 20170929 120424

– Мен басынан аяғына дейін ойластырдым. Ол шеберханасы және қонақүйі, көрме залдары және галереясы бар толық кешен болады. Ғимараттың ортасын киіз үй секілді етіп жасадық. Мұнда қолөнер бұйымдары, мейманхана, киностудия, ұлттық асхана және жаттығу залы да ойластырылған. Қонақтар ашық аспан астында көрме және шеберлік сабақтарын тамашаласа. Одан кейін тәжірибелі қолөнершілер өздерінің кәсіби жұмыстарының қыр-сырын үйретсе, – дейді шебер. 

Яғни, елімізде этнографиялық туризмді дамытуға, салт-дәстүрімізді насихаттауға деген талпыныс бар. Тек қолдау болса.

Шымкентке жыл сайын мыңдаған шетелден турист келеді. Оларға ендігі ретте өз руханиятымызды таныстырып, барымызды көрсете алсақ, олардың қызығушылығы тіпті арта түсер еді. 

Көпшіліктің пікірінше, қала маңынан да осындай этноауылдар ашып, туризмді дамытса деген ұсыныстар да жоқ емес. 

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылғандай, патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Мұндайда халқымыз «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. 

Сол себепті, әрбір азамат туған жеріне, оның руханиятына, бей-жай қарамауы тиіс. Бұл орайда жергілікті кәсіпкерлер барынша туған өлкесін түлетуге атсалысса дейміз.

Опубликовано в Қала

Қалада шаруа қожалықтарына коопертив құруда барлық жағдай жасалып жатыр. Тіпті, фермерлер үшін басқа кооперативтің құрамына ауысуға да мүмкіндігі бар. Бұл – жұмыстағы мәселелердің оңай шешілуі үшін қажет.

Бірақ қалада кооперативтің пайдасын білмей жатқан азаматтар әлі де көп. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Тимур Баймұханов «Қазақстан фермерлер Одағы» РҚБ-нің ұйымдастыруымен өткен семинарда осылай деді. 

Жуырда ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінде Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жол Карталары таныстырылған еді. Оның негізгі мақсаты – шаруалардың кірісін 20%-ға көтеру, еңбек өнімділігін 1,5 есеге, өнім өндірісін 2 есеге арттыру және ауыл шаруашылығы машиналары паркін жаңарту. Шымкенттік фермелер бас қосқан семинарда да осы тақырып кеңінен талқыланды.

– Шымкенттің ауылшаруашылық жерлері қолайлы жерде орналасқан. Ауа райының ылғалдылығы, суармалы жерлеріміз бар. Қалада ауылшаруашылық кооперативтерін құрып, дамытуға барлық жағдай жасалған. Шымкент қаласында әлі де болса дұрыс пайдаланылмай жатқан жерлер бар. Соны дұрыс мақсатта игерейік, – деді қала әкімінің орынбасары. 

Қалалық мәслихат депутаты Еркін Сатқанбаев қалада субсидияны алудағы қиындықтар, құжаттарды реттеу мәселесі өзекті екенін айтты. Шаруалар болса, қайта өңдеу цехтарын ашу қажет екенін, осы бағытта қолдау көрсетуді сұрады.

Опубликовано в Қоғам

Шымкент қаласында тұтынушылардың толық қажеттілігін қамтыған ауылшаруашылығы өнімдерінің 50 пайызын жергілікті шаруа қожалықтары өндіруде. Дегенмен, бұл саладағы қожалық иелерінің 40 пайызында ауылшаруашылығы жерлері 10 гектардан аспайды. Бұл көрсеткіш азық-түлік қорын қалыптастыруда мүмкіндіктердің әлі де толық пайдаланылмай отырғанын көрсетеді.

DSC 4189

Осы өзекті мәселені зерделеген ел Үкіметі алдына жаңа бағдарды белгілеп отыр. Бұл бағытта ҚР Президенті Н. Назарбаев «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын Жолдауында алдағы бес жылда 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тарту қажеттігін ұсынған болатын. Нәтижесінде, ауылшаруашылығын әртараптандыру арқылы 2021 жылға дейін азық-түлік экспортын 40 пайызға дейін арттыру көзделуде.

Бүгінгі ахуалды бағамдайтын болсақ, жерден несібесін терген шаруа қауымының мақсат-мұраты асқақ болғанымен де, меншігіндегі жерінің көлемі де, қаржылық қоры да жеткіліксіз. Әрі жаңа техникалар алуға қауқарсыз. Нәтижесінде, мұндай ұсақ шаруашылықтар мемлекет тарапынан бөлінетін әртүрлі жеңілдіктер мен субсидияларға да ие бола алмай келді. Олардың қатарын ірілендіріп, кооперацияға біріктіру өз кезегінде, еңбек өнімділігін арттырумен қатар, жақсы табыс табуға да мүмкіндік бермек. Сондықтан да, шаруа қожалықтарын кооперативтерге біріктіруге тың талпыныс жасалуда.

 

Кооператив қызметіне қызығушылық жоғары

Қолайлы климаттық белдеуде орналасқан әрі жерінің құнарлылығы жоғары Шымкент қаласы шын мәнінде, ел аумағында жылыжайлардың отанына баланады. Ел нарығын қамтуға қабілетті ауылшаруашылығы кешендері әр жыл сайын өнім көлемін ұлғайта түсуге мүдделілік танытуда. Дегенмен, межелі міндеттерге қол жеткізу үшін шаруаға ендігі жерде мемлекет тарапынан айқын бағдар көрсетілмек.

– Бұл бастама сапалы отандық өнімдерді өндіруге, экспорт көлемін арттыруға және өзара бәсекеге қабілеттілікті жетілдіруге зор мүмкіндік бермек. Қазіргі кез жұмыла еңбек ететіндердің заманына айналуда. Кәсіпкерлер үшін көкейтесті мәселемен жалғыз айналысқаннан гөрі, бірлесе шешкен тиімді. Сондықтан шаруа қожалықтарының кооперативтерге бірігуі маңызды, – дейді қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі басшысының орынбасары Жәнібек Тоғай. 

DSC 4245

Бүгінде облыс орталығында жалпы саны 4152 ауылшаруашылығы тауарын өндіруші тіркелген. Ауылшаруашылығын әртараптандыру бағдарламасы аясында 30 кооператив құрылып, ұсақ шаруа қожалықтары біріктірілуде. Жаңа құрылған кооперативтердің мүддесін қорғау әрі қызметін жандандыру мақсатында қала кооперативтерінің қауымдастығы құрылды. 

Кооперативтердің жұмысын жандандыру мақсатында шаруа қауымға мемлекет тарапынан бірқатар жеңілдіктер қарастырылуда. Мәселен, мал бордақылау мен егін шаруашылығымен айналысатын кооперативтерге субсидиялар төленеді. Сондай-ақ, салықтық жеңілдіктер қолдануға, жеңілдікті несиелер мен ұзақмерзімді несиелерді пайдалануға, мемлекеттік көмек қаржыларды алуға, шығындарды өтеуге, лизингке техника алуға, мүлікті кепілге салу үдерісін қарапайымдатуға, т.б. процедураларды іске асыруға қол жеткізіледі. Осылайша, ұсақ шаруашылықтар бірігіп, мемлекеттен қолдау алуға зор мүмкіндік беріліп отыр.

– Кооперативтердің қажеттілігі үшін мемлекет тарапынан 6 пайыздық үстеме ақымен 7 жылға дейін несие беру мүмкіндіктері қарастырылған. Өзіндік мүмкіндіктерін екшей отырып, Оңтүстік өңіріне биыл 500 миллион теңге қаржы бағытталып отыр. Келер жылы бұл қаражаттың көлемі 700 миллион теңгеге дейін артпақ. Салыстыра қарайтын болсақ, өзге облыстардың үлесіне тиген қаражаттың көлемі 70-200 миллион теңге аралығында ғана. Яғни, біздегі шаруа қауым үшін табыс қорын ұлғайтуға қолайлы мүмкіндік бар, – дейді қала әкімінің орынбасары Тимур Баймұханов.

Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру шағын фермерлік шаруашылықтарды жандандырмақ. Қазіргі таңда Шымкент қаласында мал шаруашылығы жақсы дамып келеді. Шаруашылықтың осы түрін алдағы уақытта да дамыта түсу үшін селекциялық жұмыстар қолға алынуда. Мәселен, мамандар қымбат асыл текті бұқаларды өсірудің тиімділігі жоғары екенін айтады. Алайда, жеке шаруалар үшін мұндай кәсіптің өзіндік қиындықтары да жетерлік. Яғни, жұқпалы аурулар тарауы мүмкін. Егер алдын ала емдеу шараларын жүргізбесе, ірі қара мал зиян шегеді. Карантин шараларын жасау шағын мал шаруашығы қожалықтарының қалтасына ауыр түседі. Ал ауылшаруашылығы кооперациясы осындай мәселелерді оңды шешуге септігін тигізбек.

Шаруа қожалықтарын кооперативтерге біріктіру ең алдымен, ортақ табысты еселеу болса, сонымен қатар, жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту мәселесі де шешімін таппақ. Әрі азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

DSC 4211

17 миллиард теңгенің өнімі жиналған

Сала мамандарының айтуынша, қазіргі кезде әлем елдерінде экономикалық белсенді халықтың 45 пайызы ауыл шаруашылығымен айналысады. Бұл бағытта, мемлекеттік ауқымда қолдау көрсетіліп отырған «Агробизнес-2020» бағдарламасының аясында елдегі агроөнеркәсіптік кешендегі субъектілер саны 4,5 есеге көбейту көзделген. Бұл құжаттың басқа бағдарламаларға қарағанда ерекшелігі өте зор. Бастысы, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жайы қарастырылуда.

Шымкент қаласының ауылшаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 62 219 гектарды құрайды. Яғни, бұл көрсеткіш қала аумағының 54 пайызын иеленеді. Биыл қаладағы жылыжайлардың жалпы көлемі 123 гектарға ұлғайды. Жинап алынған өнімдерді сақтау және жыл бойы тұтынушыларға қажетінше жеткізу мақсатында сыйымдылығы 45 мың тонна болатын қоймалар дайындалған. Мәселен, «Асар» шағынауданындағы «Асар KZ» ЖШС-нің иелігінде сыйымдылығы 5 тоннаға лайықталған қойма қажетті іске жарап тұр. Себебі, аталмыш шағынаудандағы жалпы көлемі 45 гектарды құрайтын жылыжай кешендері өнімдерін ұзақ мерзімде сақтауға бейімделген.

Жалпы, қала дихандары үшін күзгі ораққа 1315 тонна жанар-жағармай жеткізіліп, толық игерілген. Күздік бидай үшін «Қаз Азот» АҚ арқылы 300 тонна аммиак селитрасы жеткізіліп, 2300 гектар жер көлемі қоректендірілді. Сондай-ақ, көкөніс, бақша, картоп, тағы басқа да дақылдар үшін жалпы көлемі 500 тонна аммиак селитрасы жеткізілген. 

Жыл бойы атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижесінде, қазіргі таңда жинап алынған өнімнің көлемі 17 миллиард теңгеге жуықтап отыр. Осы орайда, айта кетерлігі, облыс орталығындағы егістік жер көлемі санатына енетін 39 700 гектар аумақтың 27 195 гектары игерілуде. Өзге 8800 гектар жер парға айдалған.

DSC 4250

Өзге өңірлердің де сұранысын қамтиды

Бүгінде Шымкент қаласында ауылшаруашылығы жануарларының жалпы саны 65 мыңнан асып жығылады. Мемлекеттік «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары шеңберінде биыл шымкенттік фермерлер 150 ірі қара мал, 15 асыл тұқымды бұқа, 400 уақ мал, 70 жылқы сатып алыпты. Мал бордақылау алаңдарының саны 41-ге артса, 30 жанұялық сүт фермасы қызмет атқаруда. Тиісінше, «Прод&Груп» және «Марк» ЖШС-лері ет өнімдерін өңдеу көлемін жылына 1500 тоннаға дейін арттырып отыр.

Қала аумағында жалпы, 188 мың ірі және ұсақ мал, 770 мыңдай құс бар. Жыл сайын орта есеппен 8900 тонна ет, 154 миллион дана жұмыртқа өндіріледі. Талдау барысы көрсеткендей, мұндағы ет өнімдері қала тұрғындарының 25-30, сүт өнімдері 40-45 пайызын қамтамасыз етуде. Ал жұмыртқа өнімдері тұтынушыларды толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар. Бұл жерде айта кетсек, шағын құс фермаларының құрал-жабдықтарын сатып алуға кеткен шығынның 50 пайызы мемлекет тарапынан субсидиялануда. Сондай-ақ, сатып алынған асыл тұқымды етті шөжелердің әр басына 400 теңгеден демеу қаржы қарастырылған. Қазіргі таңда мемлекет қолдауын сезініп отырған жарты ғасырлық тарихы бар «Шымкент құс» ЖШС-нде 600 мыңнан астам құс өсіріледі. Тауық фермасы жылына 14 миллион дана жұмыртқа өндіреді. Өнімдер Оңтүстік өңірімен қатар, көршілес облыстарды да қамтуда.

Опубликовано в Экономика

мол өнім аламын деу бос әурешілік


«Баптай білсең жер жомарт» деген. Бүгінде облыс диқандары шаруашылықтарының ауқымын кеңейтіп, жылыжай өндірісін дамытуға бет бұрған. Облыста 1000 гектардан астам жылыжай бар. Ендігі кезекте өнімділікті арттыру – маңызды мәселе. Өнеркәсіптік жылыжай басшыларын алаңдататын да осы жағдай: бірде жақсы өнім алса, кейде түсім төмендеп кетеді. Енді ғылыми-зерттеу институттарын көбейтіп, білікті агрономдарды тарту керек. Облыс диқандары бір-бірімен тәжірибе алмасуға кіріскені белгілі. Енді одан әрі де ойланатын мәселелер бар.

agro

Тәжірибе алмасу жетістікке бастайды

Кәсіпкерлер өндірісті бірлесе дамытпақ. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасы бойынша қазір әр ауданда агроөнеркәсіпті дамыту мақсатында семинарлар ұйымдастырылуда. Тәжірибе алмасудың берері мол екеніне көз жете түскендей. Таяуда Шымкент қаласының 30-ға жуық шаруа қожалықтың төрағалары, агрономдары мен мамандары Сарыағаш ауданындағы жылыжай өнеркәсібімен танысқан-ды. Диқандардың басым бөлігі қалада жылыжай, бау, егін шаруашылығымен айналысады. 

Сарыағаш ауданының абыройын асырып тұрған мекеменің бірі – «Сарыағаш жер сыйы» ЖШС-і. Мекеме 2002 жылдан бері тұқымбақ шаруашылығын дамытып келеді. 95 гектар жердің бәрі тұқымбаққа арналған. Жылына бір миллионға жуық көшет шығарылса, оның 600 мың данасы – жүзім, 250 мыңы жеміс ағаштары. Төраға Танабай Шынтасовтың айтуынша, қазір элиталық жеміс-жидек және жүзім көшеттері, субтропикалық және декоративтік ағаш көшеттерін дайындауға мән берілуде. 40 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. 

IMG 20170310 112941

Жұмыс қауырт. Мұнда Франциядан әкелінген эндемиктен бастап, барлық көшет түрі дайындалады. Біз барғанда жұмысшылар алманы улап жатыр екен. 

– Жалпы, біздің шаруалар көшетті сатып әкеледі де, жерге тыға салады. Ол көшет өспей қалса, еңбек зая кетеді. Көшетті алып келгеннен кейін оны дайындау қажет. Біздің ғалымдар қазір көп бағытта ізденіп жатыр. Мәселен, лимонның көшетін дәннен шығарсаңыз, 6-7 жылда жеміс аласыздар. Ал көшеттен отырғызсаңыз, 2-3 жылда жеміс береді,– дейді агроном. 

Тың жаңалықтың бірі – шаруашылықтың ғалымдары жүзімді қыста сақтаудың технологиясын ойлап тауыпты. Яғни, жүзімді жерге көмбей-ақ, фальгамен орау да жеміс ағашын суықтан қорғайды. Өндірістік мекеме аграрлық университет ғалымдарымен бірлесе осы әдісті тәжірибеге енгізген. Қысқы маусымда жүзімді сақтап қалу – ОҚО, Алматы және Жамбыл облысындағы бірден-бір мәселе. 

Бұдан бөлек, сарыағаштық шаруалар кәдімгі тропикалық табиғатта өсетін бананды ауданға жерсіндіріп жатыр.

 

IMG 20170310 111111

Шынтасов айтқан сыр

Біздің диқандар бірінші жұмысты бастап, топырақты дайындауға мән бермей жатады. Көпшілігі тәуекелмен іс қылады. Задында, топырақтың барлық химиялық құрамын білмей, жұмысты бастауға болмайды. Танабай Шынтасов осы тұрғыда өз ойларын айтты. Ғалымдар бұл мәселеде Алматыдағы топырақтану институтының қызметіне жүгінеді екен. Мысалы, жеміс ағашы үшін топырақтың құрамында кем дегенде 30 түрлі химиялық элемент керек. Бір элемент кем болса, өнім алу қиын. 

– Біз Кореяда болдық. Онда топырақтың құнын анықтамайынша, жер берілмейді. Әр ауданда сондай орталық бар. Сіз егетін нәрсені тесеріп, ғылыми тұрғыда зерттеп береді. Өнім алып болғаннан кейін де топырағында қанша азот қалды, қанша калий қалғанын анықтайды. Бізге де осыған мән беру қажет, – дейді өзі. 

Тұқымбақтарды мемлекеттің субсидиясынсыз дамыту мүмкін емес. Әр сатылған көшетке мемлекет тарапынан субсидия беріледі. Бір жеміс көшетіне 140 теңге, жүзімге 90 теңге қаржы төленеді. Қазір субсидия беру ережелері де өзгеріп жатыр.

IMG 20170310 112431

 

Ғылыми-зерттеу институты ашылуы керек

Шымкентте 141 гектар жылыжай бар. Оның 30 гектары өнеркәсіптік бағытта. Бәрінде де негізгі мәселе – осы топырақты зерттеуге байланысты. Әзірге, шаруалар топырақтың құрамын тексеруге Украинаның ғылыми орталықтарына барып жүргендер жетерлік. Өйткені...шаруалардың көбісі ұсақталып кетті. Шаруа қожалықтарда агрономдар жоқ. Өзі директор, өзі бухгалтер. 

Шымкент қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Ғани Құрманбай семинар барысында осындай мәселелер көтерді. Жеке серіктес есебінен болса да, қалада осындай лаборатория ашу қажет. 

– Жаңадан диқаншылыққа өткендер 1-2 жыл егіп көреді де, одан ешқандай пайда таппаса, қолды бір сілтейді. Сол үшін жағдайды толыққанды білу керек. Кішкене қалтасынан ақша шықса да, агроном жалдаса, ұтары көп. Мәселен, ғылыми-зерттеу институтаттарымен келісімшарт жасасаңыздар, егудің алдында олардың маманы келіп, түсіндіріп берсе, жұмысты жүйелі түрде істейсіз. Осындайды ұйымдастырайық, – дейді бөлім басшысы. 

Ғ.Құрманбай осындай тәжірибе алмасу жиындарының пайдасы көп екеніне назар аударды. Қаладағы ірі жылыжайларда 40-50 адамның басын қосып, семинар өткізілсе. Оның нәтижесінде 2-3 адам әрі қарай әрекет етсе, соның өзі үлкен жетістік болмақ. Бір айта кетерлігі, семинарды түрлі секция бойынша өткізудің пайдасы ұшан-теңіз: жылыжай, мал бордақылау, сүтті және етті бағытта өнім өндірушілер және бау-бақша егушілерге жеке-жеке семинар өткізу, олардың қызығушылығын арттыра түсер еді.

Қорытындылай келе айтсақ, топырақтың құнарын зерттеу – өзекті мәселе. Түбі осыған бет бұрмай, өнімділікті арттыру қиын іс. Мамандардың айтуынша, бүгінде шетелде топырақты бір рет тексертудің бағасы 100 АҚШ доллары. Соны өзімізде қолға алар болсақ, қаншама игілікке кенелер едік. Өнім көлемі де артар еді. Мәселен, 100 гектар жерден 10 центнер өнім аларсыз делік. Ал егер сіз топырақтың химиялық құнарын зерттесеңіз, қандай тыңайтқыш керектігін анықтасаңыз, өнім екі-үш есе артады. Сол арқылы шығынды да қайтарып аласыз. Қазіргі шаруаларға басты керегі де осы емес пе?!

Опубликовано в Қала

(Жалғасы. Басы газеттің
№26, 28, 29, 30-шы нөмірлерінде)

57430fd963854Нақты мысал

Мәселені керекті және пайдалы іске айналдыруға орай мысал ретінде, жеке қасапханалардағы жағдайларды келтіруге болады. 

2016 жылы сот шешімімен Шымкент қаласындағы Дулати көшесінің бойындағы жеке үйлерде орналасқан қасапханалар жабылды. Өйткені, осы кәсіппен айналысатын адамдардың жануарларды ұстау туралы ережеге сәйкес қасапхана ашуға рұқсаты болмағандықтан, біз оларды жаптық. Меншік иелері мал союмен айналысуды жасырын түрде жалғастырып келгендіктен, жеке қасапханаларды жабу мәселесін түбегейлі шешу керек болды. Әкімдікке «Біз малды таза және ұқыпты соя аламыз, мал сою технолгиясының барлық қыр-сырын білеміз. Бірақ сіздер біздің жұмысымыздан айырдыңыздар», – деп ондаған отбасы өкілдері өз уәждерін айтқан.

Сонда қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов оларға: «Келіңіздер, әкімдік тарапынан сіздерге жер береміз. Сіздер өздеріңіздің кооперативтеріңізді немесе ЖШС ұйымдастырыңыздар, инвестжобаларыңызды құрыңыздар, сонда деңгейі басқаша болады» деген ұсыныс жасады.

Нәтижесінде, бүгінгі күні "Бозарық" елдімекенінде қасапхана, дәлірек айтсақ, уақытша малды күтіп-бағу, бордақылау және союға арналған мамандандырылған кәсіпорын салынды. Небәрі жарты жыл ішінде бір гектар жердің аумағына барлық қажетті өндірістік және әлеуметтік-тұрмыстық үй-жайлар салынды. Кооператорлар жұмысты құны 220 млн теңгені құрайтын инвестициялық жоба аясында өз қаражатына орындады. Қазір оларға құны шамамен 16 миллион теңге заман талабына сай келетін заманауи құрал-жабдықтар сатып алу қажет. Құрал-жабдықтарды сатып алуға қаражат кооперацияның пилоттық жобасы бойынша да қаралуда. Жаңа кешенінің ашылуы жаз айларына жоспарлануда. Бұл – біз жоғарыда айтып кеткен ірі кооператив құру туралы көрнекі мысал болмақ. Енді бұрынғы ұсақ фермерлер барлық санитарлық-техникалық, тіпті өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату жағдайы жасалған ірі мал сою кәсіпорындарының иелері болды.

Айтпақшы, кооператорлар қазірдің өзінде жаңа кәсіпорынның қуаттылығын толығымен пайдаланатын мал ұстайтын жеке қосалқы шаруашылықтарды тартумен өз қызметтерін кеңейтуде. Болашақта бұл – жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктіру және ірі кооперативтер құру жоспарында, Шымкент үшін өте жақсы мысал. 

Келешекте жалпы алаңы 57 га болатын типтік жобадағы үйлерден басқа, жылыжайлар салу құрылысымен агроқалашық құру жобасы зор үміт күттіруде. Инвестицияның жалпы көлемі 15,6 млрд теңгені құрайды, ал егер, қосымша жерді қосқан жағдайда 45 млрд теңгеге дейін өседі, осы жобаға мемлекеттің қатысу мөлшері МЖӘ жағдайында және 1 млрд теңгеден аспайды. Жобаны орындаушылар, бұл жылыжайлар жабдықтары мен панельді үйлер өндіретін өнеркәсіп бойынша зауыттардың иелері, «Асар» құрылыс қонысын салуда тәжірибесі бар ірі жергілікті инвесторлар жобаның нәтижелігіне күмән туғызбайды.

Өйткені, құрылғалы отырған агроқалашықтың базасында агротехнологияның және халықты әлеуметтік қорғау талаптарына сай келетін жаңа типті кооперативтік агроқалашық көз алдымызда құрылуда. Біз осы жобаға барлық қолдау шараларын көрсетуіміз қажет, себебі, мұндай үлгідегі шаруашылық мекенін сатып алатын отбасы мүшелері тек үй-жаймен ғана қамтамасыз етіліп қоймайды, сондай-ақ несиелерін жылдам қайтаруға мүмкіндік беретін жұмыспен де қамтылатын болады.

Сонымен қатар, қаланың жүзеге асырғалы отырған Сайрам ауылында аумағы 10 га жерге мал сою цехы бар «Жібек жолы» сауда-саттық кооперативтік кешенін салу, сондай-ақ «Сандыбаев» мал базарын шекаралық аймаққа көшіру және дайындап-өткізу кооперативін құру жобалары қызығушылық танытып отыр. Қаланың аграрлық секторында тек осы жобалардың ғана жалпы құны 900 млн теңгені құрайды. 

2016 жылы қаладағы «Сайрам сыйлары» кәсіпорнында жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеу бойынша жаңа желі іске қосылған. Кәсіпорынның қуаты артып, шикізат өңдеу көлемі 9,7 мың тоннаға жетті, жобаның құны – 227 млн теңге. Осы бизнестің иесі қаланың тек фермерлік қожалықтарын ғана емес және жеке қосалқы шаруашылықтарын тарта отырып, агроөнеркәсіптік кооператив құру бойынша ұсыныс жасап келді.

Сонымен қатар, қала шекарасын кеңейту мерзімі кезінде 89 бордақылау алаңдары, 72 отбасылық сүт фермасы, үш сүт қабылдау пункті бар шағын жобалар іске қосылды. Нәтижесінде 882 жұмыс орындары құрылды. "Сыбаға", "Алтын асық", "Құлан" бағдарламаларының жүзеге асуы 2-5 есе орындалды. Осы шағын бизнес түрлерінің иелері көптеген біздің қала азаматтары сияқты (ЖҚШ, ЖК, ЖШС және кооперативтер иелері) жаңа агроөнеркәсіп кооперативтерін ұйымдастырушылар және оның негізін қалаушылар болып табылады.

Ендеше, құрметті оқырман, сіздің көз алдыңызда жаңа тарих құрылғалы отыр және сіз оның белсенді қатысушысы бола аласыз. Іске сәт!

 

Тимур БАЙМҰХАНОВ, 
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, экономика ғылымдарының докторы

Опубликовано в Қоғам

(Жалғасы. Басы газеттің №26, 28, 29-шы нөмірлерінде)

57430fd963854ШЕТЕЛ ТӘЖІРИБЕСІ

Әділдік үшін айта кету керек, ағымдағы жылдың наурыз айында Шымкент қаласында жаңа мағынадағы кооперативтер ұйымдастыруды насихаттау, «Қазагроном» жылыжай шаруашылығында кооперацияны дамыту, кооперативтер қауымдастығын құру мәселелері бойынша өткен алғашқы семинарда облыс басшылығының ұсынысы тарихи тұрғыдан ақталған және уақытылы болды. 

Кооперативтер Лигасын құру туралы бастаманы алғаш рет 1886 жылы Италия үкіметі қолдаған. Лига мемлекет қолдауы арқасында, тіпті «Италия кооперативтері» журналын шығарып, шаруа-кооператорларға оны тегін таратып отырған.

1892 жылы Лига 4173 ауылшаруашылығы кооперативтерінің басын біріктіріп Федерация болып қайта құрылды, оның құрамына 600 мың шаруа отбасы кірді.

Ауылшаруашылық кооперативтері бірнеше ғасыр бойы аграрлық азық-түлік өнімін өндіру, қайта өңдеу және сатуды басқару бойынша бай тәжірибе жинақтаған.

Мәселен, Канадада аграрлық сектордың негізгі басқару органдары өндірушілер Қауымдастығы және кооперативтік Одақтар болып табылады, олармен федералдық және провинциалдық әкімшіліктер серіктестік қарым-қатынаса жұмыс істейді.

Қауымдастықтар арқылы кооперативтер ауылшаруашылығы несие корпорациясы немесе коммерциялық банктер арқылы субсидиялар мен дотациялар, министрліктің несиелер бойынша кепілдігін алады. Бұл мамандандырылған өндірушілер қауымдастығы бүгінгі таңда толығымен Канаданың ауылшаруашылығы Министрлігінің мамандандырылған әкімшілік басқармалары мен бөлімдерін ауыстырған. Мамандандырылған қауымдастықтар құрамына бидай, сұлы, майлы рапс, картоп, сүт, етті мал тұқымы және басқа да өндірушілер жеке біріктірілген.

Қауымдастық шаруашылық құқығындағы құрылымдар болып табылады және ол нарық бағытында өндіруші саясатын айқындайды, өндірушілердің мүдделерін парламентте және үкіметте қорғайды, олардың көзқарасын қолдайды. Бұл елде 277 мың фермерлік шаруашылықтар (орташа алаңда бір шаруашылыққа - 244 га) және 506 ауылшаруашылығы кооперативтері бар. Сондай-ақ, Канадада 1980-ші жылдардың соңына дейін ауылшаруашылығы бағдарламасы аясында субсидиялар, бағаға қосылатын қосымша ақылар басымдылығы үлгі боларлықтай (май және ірімшік өндіру, астық және жем-шөп тасымалдау субсидиясы, техниканы, тыңайтқыштар, отын, құрылыс материалдары және т. б. сатып алуға өтемақы). 1990-шы жылдары халықаралық міндеттемелерді орындау және елдегі жаңа экономикалық жағдайға байланысты тікелей қосымша ақыларды (субсидиялар) төлеу тоқтатылып, оның орнына өндірушілерге қаржылық қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін сақтандыру бағдарламаларына көшті.

Нақ осындай саясатты ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында көрсетіп, онда субсидиялар бөлу принциптерін қайта қарау және өнімді сақтандыруға бірте-бірте көшу қажеттілігін белгілеп берді.

Канадада тікелей қаржылық қолдау формасы ретінде мақсатты несиелер және оларға кепілдіктер ұсынылады, жекелеген жобалар бойынша дотация бөлінеді, 50-ден 66%-ға дейін сақтандыру жарналары енгізіледі. Олар федералдық және провинциалық бюджеттерден тең үлеспен бөлінеді.

Осындай табысты жұмыстар арқасында Канада кооперативтерінің табысы жыл сайын тұрақты түрде өсіп отырады және олар өзін-өзі қаржыландыруға ауысып, ал ауылшаруашылығы Министрлігінің федералдық бюджеті жыл сайын қысқартылып келеді.

Агрокооперация саласындағы АҚШ-тың тәжірибесі де өте өнегелі. Бүгінгі таңда бұл елде өндірістік функцияларды бірте-бірте өздеріне ала бастаған жабдықтау-тұрмыстық және сервистік кооперативтер қызметі дәстүрлі түрде ұсынылуда.

Мәселен, өткізушілер, фермерлік өнімдерді, оның ішінде: дайындау, оларды өңдеу және өткізу кәсіпорындарына тасымалдауды қамтитын жұмыстармен айналысады. Сонымен қатар, олар ауылшаруашылығы шикізатын өңдеумен, фермерлер атынан сауда мәмілелерін жүргізумен, көтерме саудамен, ал едәуір ірі өткізушілер агро азық-түлік бөлшек саудасымен айналысады. Ең көп дамыған сүт-өткізу кооперативтері - 78%-ға дейін, дәнді дақылдар - 59%. Тұрақты өткізумен айналысатын кооперативтердің шекарасын кеңейту, олардың заңды түрде өндірістік секторға кіруіне жол берді.

Бүгінде бұл кәсіпорындардың қызметі өркендеп тұр. Мәселен, АҚШ-тың 100 тамақ өнеркәсібін өндіруші жетекші компанияларының тізіміне 21 кооперативтік бірлестігі азық-түлік шикізаттарын өңдеу бойынша кірді және олардың зауыттары 87%-ға дейін елде сатылатын құрғақ сүт, 64% – сары май, 59% – қойылтылған сарысулар, 47% – қатты ірімшік шығарады. Сондай-ақ, фермерлік шаруашылықтарды өндірістік құралдармен және қызметтермен қамтамасыз ететін жабдықтау кооперативтері тиімді жұмыс істейді. Ірі жабдықтау кооперативтерінің қызметіне: көтерме бағамен тұқым, химикаттар, жанғыш және ветеринариялық препараттарды сатып алу, комбикорм дайындау, жем құрамының сапасын бақылау, фермаға жем-шөп жеткізу, техникалар мен жабдықтарды жөндеу, қосалқы бөлшектерді жеткізу кіреді.

Ірі өңірлік жабдықтау кооперативтерінің бірнеше қоймаларымен комбикорм зауыттары бар. Олардың тауар тасмалдау үшін трейлерлер, тракторлар мен жүк көліктері парктері бар. Ең ірі бірлестіктер соңғы кездері тыңайтқыштар мен жекелеген ауылшаруашылығы жабдықтарын шығарумен айналысады.

Шымкент қаласында кооперативтер құру – бұл агротехникалық, зоотехникалық және ветеринарлық іс-шаралар өткізу үшін қажетті әжептәуір мал басымен немесе ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің үлкен алаңдарымен мақсатты түрде жұмыс істейтін сервистік компаниялардың пайда болуына мүмкіндік туындайды. Өндірістің өркендеуіне байланысты жеке сервистік компаниялар мен шаруалар өзара тиімді ынтымақтастықта жұмыс істеуге мүдделі болады. 

Мысалы, Чехияда тиімді жұмыс істейтін сервистік құрылымды көрдім. Бұл, өз уақытында сәтті жекешелендіріліп алынған, бұрынғы кеңестік кезеңіндегі ҒЗИ. Оның базасында ірі агро азық-түлік кооперативтеріне барлық қажетті консультациялық қызметтерді ұсынатын жеке кеңес беру компаниясы құрылды. Атап айтқанда, азықтандыру, ұстап-бағу, күтім жасау, асыл тұқымды малды, табын айналымын дамыту және тағы басқалар.

Бүгінде Шымкентте ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігін кепілді түрде арттыратын қызықты ғылыми әзірлемелер бар. Атап айтқанда, бұрын айтып келтірілген, Абдумәлік Ашировтың өсімдік тұқымын геологиялық ынталандыру үрдісін пайдаланумен тапқан ғылыми жұмысы. Бұл әдіс өнімнің 2-5% емес, кемінде 30%-ға және одан да артық өсуіне кепілдік береді. Бірақ, бүгінгі таңда оны ұсақ тауар өндірісінің күнделікті тәжірибесіне енгізу өте қиын. Бұл үрдіс шағын шаруашылықтарды қызықтырмайды. Ал ірі көлемде тауар өндіретін кооперативтерде бұл әбден мүмкін. Болашақта осындай шаруашылықтармен шарттар жасасу өте тиімді. Сондықтан, біздер көшпелі семинарлар өткізу кезінде қызықты ғылыми жұмыстары бар ғалымдарды үнемі шақырып отырамыз. Олардың тиімді идеяларынан кейін, ірі аграрлық шаруашылық кооперативтері бар кейбір фермерлер сол жерде олармен шарт жасасады.

Консультативтік жұмысты жүйелі түрде жүргізу үшін қаланың аграрлық секторы үшін ғылыми ұсыныстарға қажетті капиталдары бар бірқатар жетекші ҒЗИ тығыз байланыста болу қажет.

 

ҚАРЖЫ МӘСЕЛЕСІ

«Ауылшаруашылығы кооперативтері» заңына сәйкес, шаруашылық жүргізудің ауылшаруашылық кооперативтері сияқты жаңа түрлері үшін жекелеген салық түрлеріне 70%-ға дейін азайтылуға жататын арнайы салық режимі (АСР) енгізілген. Сонымен қатар, оны қолдануға шектеулер алынып, ауылшаруашылығы кооперативтері қызметінің салалары, ауылшаруашылығы кооперативі мүшелерінің құрамы кеңейтілді. Кооперативтың ішкі аудитінің құнынан 50%-ға дейін субсидиялау қаралған.

Кооперация арқасында кооператив мүшелері үшін ішкі тарифтерді қолдану есебінен қожалықтардың тасымалдау, шикізатты өңдеуге немесе дайын өнімді нарыққа жеткізу шығындары қысқарады. Бұл бөгде (делдалдық) ұйымдардың құнынан төмен. Сондай-ақ, кооператив мамандарынан ақпараттық-консультациялық көмекті өтеусіз алу мүмкіндігі пайда болды. 

Бүгінде мемлекет аграрлық және агроөнеркәсіп кооперацияларының тиімді дамуы үшін қажетті әлеуметтік, материалдық-техникалық және қаржылық жағдарларды жасауда. Жеті жылға 6% жылдық ставкамен және оларды төлеуге жарты жылдық демалыс беретін "Береке", "Бірлік", "Игілік" және "Ынтымақ", арнайы бағдарламалар ұсынылған.

Мәселен, кооператив мүшелерінің "Береке" бағдарламасы бойынша бройлерлік құс өсіруге 5 млн теңгеге дейін, өндіріс мақсаттарына сәйкес жеке кооперативтерді дамытуға "Игілік" бағдарламасы бойынша 3 млн теңгеден 5 млн теңге дейін кредит алуға мүмкіндіктері бар. "Бірлік" бағдарламасы бойынша кооператив қажеттіліктері үшін сүт қабылдау пунктінің құруға 18 млн теңгеге дейін (уақытша сақтау үшін жабдықтар және өнімдерді тасымалдауға көлік құралдарын сатып алуға); кооператив қажеттіліктері үшін өнеркәсіп ұйымдастыруға "Ынтымақ" бағдарламасы бойынша - 50 млн теңгеге дейін кредит беріледі. 

Мемлекет бұл бағдарламаларға сатып алынған жабдықтардың құнының 50%-ға дейінгі мөлшерін қайтаратын инвестициялық субсидиялау қарастырған. Сонымен қатар, кепілді 75%-ға дейін қамтамасыз ету бөлігінде мемлекеттік қолдау көрсету, елдің аграрлық секторын және оның өнімін субсидиялау жүйесі айтарлықтай сынақтан өткізу көзделген. Бұл туралы ақпарат қала әкімдігінің сайтында жеткілікті және қолжетімді болып ұсынылған.

Сонымен қатар, тәжірибе көрсеткендей, арнайы құрылған қаржы институттары кооперацияны дамыту үшін несие бөлу кезінде, тәуекел мәселелеріне қатысты бюрократиялық іркілістерді болдырмау үшін іс жүзінде ештеңе ұсына алмайды, олардың жұмысы екінші деңгейдегі банктердің схемасымен бірдей. Дәлірек айтқанда, жаңа шаруашылық жүйелері мен өндірісті ұйымдастыру түрлері, және фермерлердің білімінің әлеуетін қалыптастыру бойынша өтпелі процесінің маңыздылығын түсіндіру. Мысал ретінде барлық кооператив мүшелерінің алған кредиттері туралы анықтаманы ұсыну талабын келтіруге болады. Егерде кооперативтің бір мүшесінің әлі жабылмаған қарызы болса, онда олар бүкіл кооператив мүшелеріне несие бермейді. «Ауылшаруашылық кооперативтері туралы» заң бойынша шаруалар бірден бірнеше кооперативтердің мүшесі бола алады. Біздің ойымызша, бұл жағдайда қаржы институттарының неғұрлым икемді бағыттары болуы тиіс, қарыздың қай салада берілгенін шешіп алу керек. Мысалы, етпен айналысатын кооператор - көкөніс өндіруші кооператордың алған несиесі үшін зардап шекпеуі керек. Мұндай несие беруден бас тарту тәжірибесін қайта қарау қажет. Осындай екінші деңгейдегі банктерге арналған тәжірибе, елімізде кең ауқымды кооперацияны дамыту үшін аграрлық секторға қаржылық көмек көрсететін мамандандырылған қорлар үшін кері әсерін тигізеді. Үстіміздегі жылы Шымкент қаласында осы мәселе бойынша Қазақстанның қаржы институттарының, соның ішінде Қазагро" АҚ, Қаржылық көмек қоры, түрлі қаржы институттары және қызығушылық танытқан тұлғалардың қатысуымен ауылшаруашылық кәсіпкерлері мен кооперативтердің форумы өтеді. Онда біз, осы мәселені күн тәртібіне талқылауға ұсынатын боламыз.

(Жалғасы бар)

 

Тимур БАЙМҰХАНОВ,
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, экономика
ғылымдарының докторы

Опубликовано в Қала

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында еліміздің аграрлық секторы экономиканың жаңа драйвері болуы тиіс деп атап өтті.
Бұл ретте ауыл шаруашылығын дамыту, оның ресурстарын, бірінші кезекте жерді, материалдық мүмкіндіктерді, өндірістік қорларды, қажетті ұйымдастырушылық іс-шаралар жүргізу кезінде еңбек ресурстарын дұрыс пайдалануға үлкен үміт жүктеледі.

(Жалғасы. Басы газеттің №26, 28-шы нөмірлерінде)

57430fd963854Баламасы бар

Жеке қосалқы шаруашылықтар (ЖҚШ) бірігу жағдайында өз беттерінше кенеттен үлкен шаруашылыққа айналып кетпесі үшін, әсіресе екінші қала аймағында, біз оларға жем-шөп базасын құруға, малды жаюға арналған жеткілікті жері бар үшінші аймақта құрылған немесе ұйымдастырылатын кооператив мүшелігіне кіруді ұсынып отырмыз. Кооперативке кірушілер, онда өз капиталдарын, қорларын, малдарын, жылжымайтын мүліктерін және т. б. кіргізіп барып, өздерінің өндірістерін ұлғайтулары немесе оңтайландырулары керек.
Үшінші аймақта құрылған кооператив мүшесі Шымкент қаласының кез келген тұрғыны бола алады. Белгіленген заңға сәйкес, үлескер кооперативте жұмыс жасауы міндетті емес, ол кооперативке өзінің қаржылай үлесін енгізіп, оның толық құқықты мүшесі болуы жеткілікті. Сонымен қатар, оның кооперативке қосқан өз үлесіне мөлшерлес бөлігін пайдалануға құқығы бар. Бұл дегеніміз, тұрғындар үшін тек акционер болу ғана емес, кооператив мүшесі ретінде өздерінің капиталдарын қаланың өсіп келе жатқан аграрлық секторына тиімді орналастырумен кепілді дивидендтер алып отыру үшін жақсы мүмкіндік. Заң бойынша әрбір кооператив мүшесінің өздерінің салым сомасына қарамастан бір толық дауыс екенін ұмытпауымыз керек.
Осы ретте, «Ауылшаруашылық кооперативі туралы» заңда алғаш рет кооператив қатысушылары арасында оның пайдасын бөлуге рұқсат етілгендігін айта кету керек. Бұл – өте прогрессивті қадам. Бұрын ең алдымен кооператив мүшесі табыстың бір бөлігін жалақы түрінде ғана алатындықтан, онда жұмыс істеуге міндетті болатын. Сондықтан, егер жұмыс істемеген болса, онда табысқа құқығы болмаған.
Шымкент қаласы үшін жеке қосалқы шаруашылыққа (ЖҚШ) қатысты қолайлы жағдай, олар үшін бірден екі мәселенің шешімі туындауда. Сонымен, қаланың азық-түлік ресурсы туралы маңызды мәселесін шешуде ЖҚШ жойылмайды. Керісінше, біз қаланың екінші аймағында қосалқы шаруашылықтарының барлық нормаларын сақтай отырып жұмыс істеуімен ЖҚШ сервистік, дайындау-өткізу кооперативтеріне айналуына, олардың аграрлық тауарлық өнімдерін ірілендіруге, оларды сатып алуға кепілдік беруге жағдай жасап отырмыз.
Екіншіден, жеке қосалқы шаруашылықтар ірі аграрлық секторларды дамыту үшін барлық жағдайлар бар, қаланың үшінші аумағында кооперативтерге қосылуға немесе ұйымдастыруға мүмкіндік алып отыр. Бұл процесті түсіну – фермерлерге өздерінің мәселелерін неғұрлым икемді шешуге мүмкіндік береді. Олар ірі кооперативтік аграрлық қозғалыстың қатысушылары болады. Мәселе социалистік нысанындағы шаруашылық басқарудың бұрынғы колхозы туралы емес, өйткені кооперация – бұл экономиканы көтеру мақсатында адам, жер және материалдық ресурстарды біріктіру бойынша ерікті қозғалыс. Және бұл өте дұрыс тәсіл.

 

Ереже бойынша жұмыс істеу

Бізде жеке қосалқы, ірі және шағын шаруашылықтарды дамыту процессінде ауылшаруашылығы жерлеріне қоректік заттарды қайтару мүмкіндігі болмаған. Бір тонна тауарлы өнімді өсіру кезінде мысалы, күздік бидай – 37 кг азот, 13 кг фосфор, 23 кг – калий, тиісінше, жаздық бидай – 47, 12 және 18 кг, ал жүгеріден астыққа – 34, 12 және 37 кг шығарылады.
Кезінде академиктер Р.Елешов және А.Крамарев нәрлендіргіш заттардың ешқайсысы жеке өздері қолданылмайтынын, олар өсімдікке қажетті мөлшерде және қажетті уақытта болуы тиіс деген фактілерді бірнеше рет келтірген. Бұл үшін басымдықты бір жақты емес, кешенді тыңайтқыштарға беру қажет. Минералдық тыңайтқыштарды әлемдік тұтыну, олардың кешенді түрлерінің артықшылығын дәлелдейді. Сонымен қатар, тыңайтқыштарды қолдану және ауылшаруашылығы дақылдарының жаңа технологияларын енгізу NPK тұтыну сипатының өзін өзгертеді (қоректендіру элементтерінің мазмұнын – азот, фосфор, калий). Көп сөздің орнына мынадай мысал келтірейік: ХХ ғасырдың 80-шы жылдары NPK балансы бойынша тыңайтқыштарды тұтыну 24:51:25, 90-шы жылдары – 56:26:18, 2000-шы жылдары – 60:24:16 құрады. Оның үстіне өндірілген дақылдардың жалпы көлеміндегі кешенді тыңайтқыштардың үлестік қатынасы тұрақты түрде өсіп отырады. Мысалы, Жапонияда кешенді тыңайтқыштардың үлестік бөлігі қазірдің өзінде 66%- ды құрайды, Финляндияда және басқа да Скандинавия елдерінде – 90 %, Польшада – 75 %, және осындай оң үрдістер экономикасы дамыған басқа да елдер үшін де тән. Белгілі болғандай, оның құрамы, қолданылатын кешенді NPK жаңа түрлері құнарландырылатын өсімдіктердің химиялық құрамына сәйкес болған сайын, өндірістік жағдайларда олардың тиімділігі күштірек болып байқалады. ХІХ ғасырдың көрнекті агрохимигі
Ж.Бусенгоның «өсімдіктен осы уақытта оған не керек екенін сұрау керек», – деп айтқан пікірі бар. Ал бұл үшін, химиялық талдауды алдымен мүмкіндігінше өздігімізден немесе оны кәсіби деңгейде биохимиялық зертханаларда жасап және өсімдіктің топырағы және диагностикасы бойынша талдау жұмысын жүргізу қажет. Қазіргі кезде дамыған елдерде орташаланған химиялық құрамдағы минералды тыңайтқыштарды пайдаланбайды. Керісінше, ауылшаруашылық өндірісінде құрамында нәрлендіргіш қоспалары бар NPK өндіруге қажеттілік көп туындайды. Ең жоғары өнімді сортты немесе гибридтты өнімдер, егер құрамдарында макро және микроэлементтер және гумустар жеткілікті мөлшерде болмаса, онда олар өздерінің генетикалық мүмкіндіктерін тарата алмайтындығы аксиома болып отыр. Бұл ретте, егер топырақтағы фосфор құрамы қажетті норманың тек 20% ғана, ал кальций – барлық 80% болса, онда шектеу факторы фосфор жетіспеушілігі болып табылады. Көз алдарыңызға рейкалары әр түрлі биіктіктегі ағаш бөшкені елестетіп көріңіздерші. Оның рейкалары қандай биіктікте болғанымен, бөшкеге суды ең қысқа кесілген рейкаға дейін құясың. Қоректік заттар да дәл солай, артық бір элемент – екінші бір элементтің жетіспеушілігін ауыстыра алмайды. Осылайша, ағзаның жай-күйін минимумдағы зат айқындайды, яғни болашақ астықтың шамасы минимумдағы қоректік заттарға байланысты (Ю.Либих заңы).
Жоғалған топырақ құнарлылығын қалпына келтіру үшін, агрономның және жер иесінің ең алдымен агрохимиялық білімі болуы қажет. Академик Д.Прянишников «Білімнің тапшылығын тыңайтқыштың молшылығымен ауыстыруға болмайды», – деген болатын және бұл афоризмді жұмысы топырақ пен өсімдікке қатысты әркім есте сақтауы керек.
Кейде семинарларда, біздің жекелеген фермерлер топырақты агрохимиялық зерттеу және тыңайтқышты ғылыми негізде енгізу қажеттілігін өздеріне енді ғана жаңалық қылып ашып отырғандарын көргенде, еріксіз таңғаласың. Ал осы шаруаның жерді иеленгеніне ондаған жылдар өткен (200 га). Сондықтан агрономиялық білім беру жүйесін дамытып, оның түрлері мен әдістерін өзгертіп, түсінікті етіп жасап, мониторингке қою керек. Ал аграрлық жоғары оқу орындары, ҒЗИ мен колледждер осы бағытта өз жұмыстарын жандандыруы қажет.
Шымкентте жер құнарлылығын қалпына келтіру үшін оларды бу астына жібереді. Бірақ топырақтың тіпті екі жылдық демалысының, бұл дегеніміз бу да емес, шоғыр, әсері жеткіліксіз және экстенсивті фактор. Егіс айналымын енгізу шаруашылық алқабы көлемінің аздығынан проблемалы болып табылады. Өйткені, фермер жыл сайын өзінің бірнеше гектар жеріне еккен өнімінен өзінің пайдасын алуды қалайды. Ол үшін осы учаскеден екі-үш жыл қатарынан өнім алмауы құлдыраумен тең. Ол оған жол бермейді.
Ал кооперативпен, ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің алқабын ұлғайтқан кезде, ауыспалы егіс, химияландыру және кең ауқымды механикаландыруды енгізу үшін барлық алғышарттар бар. Дегенмен бүгінде жерлерін шағын шаруақожалықтарға жалға берген жер, учаске иелеріне егіс айналымын сақтау ұйғарылған, әдетте, оны олар, сақтамайды. Әкімдіктер бұл учаскелердің иесіз бос тұрып қалуына және оларды ауылшаруашылығы айналымынан шығармау үшін алып қоюға тәуекел етпеген. Осыған орай, жерді жалға беру мерзімін созу мәселесі көбінесе тығырыққа тіреліп келген. Енді әкімдікте баламасы бар. Бүгінде билік ауылдық өндірістік, сервистік және басқа да кооперативтер түрінде ірі тауарлы шаруашылықтарды, сондай-ақ нарыққа тауар көлемін жеткізуді өсіру үшін ЖҚШ бірлестіктерін жақтайды. Міне, сонда ғана жоспарлы ауыспалы егісті енгізу мен жерді химияландыру және механикаландырудың жаңа құралдарымен өңдеу қатаң міндеттенілетін болады.

 

Мал шаруашылығы мәселелері

Мал шаруашылығына қатысты, бүгінде ұсақ фермерлер мен жеке қосалқы шаруашылықтарда ауылшаруашылығы малдың өнімділігі өте төмен екендігі байқалады. Мысалға 1800 литрге жеткен сиыр сауымы орташа болып саналады. Дамыған елдерде бұл өте төмен көрсеткіш. Тағы бір біздің проблема – мал тұқымдылығының нашарлығы. Ғалымдардың пікірінше, бүгінде тұқымның бағалы сапасын бірнеше бағытқа бөлуге болады: ет, сүт, ет-сүт және сүт-ет. Ал бізде тұқымды жүйесіз араластыру процестері орын алған.
Мемлекет ауылшаруашылығының осы саласын қаржыландыра отырып, үлкен дайындық жұмыстарын жүргізгендігін айта кету керек. Атап айтқанда, асыл тұқымды жануарлар сатып алуға субсидия беріліп, бағалы тұқымды дамытумен айналысатындарға көмек көрсетіледі. Бірақ мәселе мынада: асыл тұқымды малды нашар тұқымды малмен будандастыру кезінде оларды тіркеуге байланысты қатаң селекциялық жұмыс жүргізілмеуінен, оның тұқымының пайдалы қасиеттерін сақтап қалу өте қиын, ал сатып алынған оның жекелеген белгілері тұрақсыз, сондықтан нәтижелі эффект бермейді. Одан әрі тұқымның қасиеттері өзінің бастапқы пайдалы қасиеттерінен де аз сақталады. Әрине, селекция бойынша мақсатты жұмыс жүргізу қажет, тағы да бұл тек ірі кооперативтерде ғана мүмкін.
Бізде асыл тұқымды шаруашылықтарды қалпына келтіру бойынша бірқатар компаниялардан ұсыныстар бар. Біз бұны қазіргі заманғы өлшем деп білеміз. Өйткені, бұл асыл тұқымды репродуктивті шаруашылықты орында ұйымдастыру үшін кооперативтер құруға және оларға таза тұқымды өнімді мал сатып алуға ынталандырады, сондай-ақ, шаруашылықтарға табын айналымын ұстауға мүмкіндік береді. Әзірге жергілікті жерлерде ретсіз тұқымаралық будандастырулар, сапасыз мал басын өсіру жұмыстары жүргізілуде. Ұсақ фермерлік шаруашылықтарда белгілі бір аналық мал басын өз төлінен өсіру үшін табын айналымы реттелмеген. Мал бордақылау үшін негізінен солтүстік өңірлерден әкелінеді, және олардың тұқымы әлсіз болып келеді.

Жалғасы бар.

 

Тимур БАЙМҰХАНОВ,
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, экономика
ғылымдарының докторы

Опубликовано в Қоғам

(Жалғасы. Басы газеттің №26-шы санында)

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында еліміздің аграрлық секторы экономиканың жаңа драйвері болуы тиіс деп атап өтті. Бұл ретте ауыл шаруашылығын дамыту, оның ресурстарын, бірінші кезекте жерді, материалдық мүмкіндіктерді, өндірістік қорларды, қажетті ұйымдастырушылық іс-шаралар жүргізу кезінде еңбек ресурстарын дұрыс пайдалануға үлкен үміт жүктеледі.

57430fd963854Кооперация жолында

Қаланың ғалым-практиктерінің ауылшаруашылығы жануарлары мүмкіндігін гендік тұрғыдан зерттеулерін қолдану жөніндегі ұсыныстары қызықты болды («Ғылым, білім және бизнесті дамыту орталығы» ЖШС). Бұл мәселені шешу ең алдымен, генетикалық популяцияның жаңа әдістерін қолдана отырып, жануарлардың генетикалық ресурстарын пайдалану есебінен қарастырылуда. 

Ұсынылған технологияның мәні – молекулалық-генетикалық селекция жүргізу үшін ДНК-технологияларын пайдалана отырып, ІҚМ-ң (ірі қара мал) болашақ тұқымдары бойынша генетикалық маркерлер құру болып табылады.

2017 жылдың қаңтарынан бастап ОҚО-да еттің тығыздығын, сүттің ірімшікке жарамдылығын, сүйек негізі және соматотропты гормоны арқылы ІҚМ-ң генотиптерін анықтау бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта шағын және орта шаруа қожалықтарының мұндай зерттеулер жүргізу мүмкіндіктері жоқ және осының салдарынан ірі қара малдың сапасын және сандық көрсеткіштерін арттыра алмай отыр. Бұл проблеманы заманауи, қымбат жабдықтармен және білікті мамандармен жарақтанған генетикалық селекция ғылыми зертханасымен ынтымақтастық жағдайда олардың базасында ірі ауылшаруашылығы кооперативтерін құру негізінде шешуге болады. 

Осындай процесстерді талқылау барысында біздер, кооперативтерді құруға мүдделі адамдарды анықтадық. Кооперация құруға ниет білдірген азаматтарды қалалық әкімдігіне шақырып, олармен кеңесу жұмыстарын жүргіздік. Осы бағытта тәжірибелі кооператив төрағаларының қатысуымен мастер-кластар ұйымдастырылды. Олар осы бағыттағы тәлімді тәжірибелерімен бөлісіп, кооперация құрудың жақсы да, қиын да тұстары туралы әңгімеледі. «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Заң ауыл шаруашылығы кооперативтеріне коммерциялық ұйым болуға мүмкіндік жасайды. Демек бұл оларға кооперативтің таза табысын оның мүшелерімен өндірістік және басқа шарушылық қызметінде теңдей бөлісуге құқық береді. Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне арнайы салық тәртібі енгізілді. Ол бойынша бірқатар салық төлемдерін 70 пайызға төмендеткен ерекше тәртіптер бар, ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызмет саласы мен отбасы мүшелерінің құрамы кеңейтілген.

Ізденіс барысында біз жұмысшы тобын құрып, болашақ төрағалармен бірлесіп нақты шаруашылықтар бойынша кооперативтер құру жөнінде концепция жасадық. Кейін олар қалалық әкімдікте бұл тұжырымдамаларды қаржы институттарының өкілдерінің қатысуымен қорғап шықты.

Расын айтсақ, ол кезде бұл жобының қаржы ресурстары, қанша қаражат бөлінетіні, субсидия, несие алу кезінде кооперативтерге жеңілдіктердің болуы, лизинг мүмкіндіктері және тағы басқа мәселелерді анық емес болатын. Материалдық-қаржылық ынталандыру механизмі де дайын болмаған.

Дегенмен, жобалар тіркеліп, кооператив мүшелерін тарту бойынша жұмыстар басталып кеткен болатын. Бұл ретте біз, егер осы кооперативтерге жеке қосалқы шаруашылықтар кірген жағдайда ғана Шымкент қаласының өзінің аграрлық болашағы болатынын жақсы түсіндік.

Бұл кезеңде жобаның даму Тұжырымдамасына қол қойылып, содан кейін Шымкент қаласын жерді аймақтарға бөлу жөніндегі ұсыныстар әзірленді.

Мәселен, кооператив мүшелері ауылшаруашылық кооперативіне, соның ішінде қызмет көрсететін (өткізу, қайта өңдеу, жабдықтау және т. б.) кірген жағдайда, өздерінің заңды және экономикалық дербестігін, яғни жердің, ауылшаруашылығы техникасының және т. б. меншік иелері болып қала береді. Бұл ретте ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерінің өнімдерін кепілді түрде тұрақты өткізіп отыру факторы сатылған (өңдеу зауытына немесе нарыққа делдалсыз өткізу). Ішкі тарифтерді пайдалану кезінде шикізатты жеткізу, тасымалдау шығындары айтарлықтай қысқарып келген. Әсіресе, кооператив құрылтайшыларының жалпы жиналысында шешімдерді талқылау және қабылдау кезінде дауыс беру құқығы, сондай-ақ кооператив мамандарынан ақпараттық-консультациялық көмек алу мүмкіндігі.

Біз бастапқыда-ақ кооператив қызметтерінің түрлерін анықтап алғанбыз. Олар мыналарға бөлінеді:

– өндірістік – өндіру, ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, сондай-ақ жерді бірлесіп өңдеу, ауылшаруашылығы техникасын пайдалану;
– өткізуші – кооператив мүшелерінің өнімдерін дайындау, сақтау және өткізу, сонымен қатар, жинау, сақтау, сұрыптау, кептіру және шикізатты жас немесе қайта өңделген күйде көтерме немесе бөлшек саудада сату және тасымалдау;
– қайта өңдеу – ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және жеке сауда желісін құру мүмкіндігімен оны көтерме немесе бөлшек саудада сату;
– жабдықтау – кооператив мүшелерін техникамен, жанар-жағар маймен, тұқыммен, тыңайтқыштармен, улы химикаттармен, жемшөппен, қосалқы бөлшектермен, құрылыс және т. б. қамтамасыз ету;
– сервистік – өздерінің мүшелерін агрохимиялық қызметпен, сумен қамтамасыз ету, электрмен жабдықтау, техникасын жөндеу, телефондандыру, асыл тұқымды және селекциялық және т. б. қызметтермен қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету.

Сонымен қатар, ауылшаруашылық өндірісінің қызмет көрсетуші кооперативтен айрықша ерекшеліктері анықталды.

Мақсаттары материалдық-техникалық базасының ресурстарын бірлесе өндіру болып табылатын ауылшаруашылық өндірістік кооперативтерінің құрылтайшылары – ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер берген ауылшаруашылық кооперативі ретінде пай жарнасының өз мүлкін, жер, а/ш техникасын, ғимараты және басқа.

Сонымен қатар, ауылшаруашылық өндірістік кооператив құрылтайшылары – бұл мақсаттары материалдық-техникалық базасының ресурстарын бірлесе өндіру болып табылатын ауылшаруашылық кооперативтеріне – жер, а/ш техникасын, ғимарат және басқа да өз мүлктерін пай жарнасы ретінде берген ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер.

Қызмет көрсетуші кооперативтердің құрылтайшылары – ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілер – өздерінің заңды және шаруашылық мәртебесін сақтайды, яғни өздерінің жерлері, а/ш техникаларын және басқа да мүліктерін біріктірмейді. Негізгі мақсат – олармен бірге бірлесіп құрылған кооперация нысанын (мал сою цехы, сүт қабылдау пункті, ТСМ) пайдалану.

Бұл ретте кооператив мүліктерін қалыптастырудың нақты көздері айқындалған. Олар өз (пай жарналары, субсидиялар, ерікті, біржолғы жарналар мен жәрдем жинау, тауарды сатудан және көрсетілген қызметтерден түскен түсім, дивидендтер), сондай-ақ қарыз қаражаты (несиелер) болып табылады. Бұл ретте, мүліктік құрамға жылжымалы және жылжымайтын құралдар, ақша, бағалы қағаздар, сондай-ақ заңнамамен тиым салынбаған басқа да нысандар кіруі мүмкін.

Кооператив пайдасын бөлудің негізгі қағидалары нақтыланды. Ең алдымен олар мерзімі өткен борыштарды өтеуге, резервтік және, мүмкін, пайлық қорларды, мүшелердің қосымша пайлық жарналарын және кооперативтің қауымдасқан мүшелерінің пайлық жарналары, дивидендтер және кооперативтік төлемдер төлеуге бағытталуы тиіс.

Заңды тұлғалар мен ауылдық өндірістік кооперативтерді мемлекеттік тіркеу (қайта ұйымдастыру) үшін құжаттар тізімі мен тәртібі нақтыланды.

Бұл, ең алдымен, заңды тұлғаның мемлекеттік (есептік) тіркеуі туралы өтініші, құрылтайшылар тізімі (жеке куәлігінің деректері, үлесі, пай), бюджетке төленгенін растайтын түбіртек немесе құжат. Сонымен қатар, ауылдық өндірістік кооперативтер болып қайта құрылған заңды тұлғалардың құжаттар тізбесі нақтыланды. Бұл заңды тұлғаның мемлекеттік (есептік) тіркеу туралы өтініші, кооператив мүшелерін ауылдық өндірістік кооператив (АӨК) қылып қайта құру туралы жалпы жиналыстың шешімі, өткізу актісі, заңды тұлғаны қайта құру туралы кредиторлардың жазбаша хабардар етілгенін растайтын құжат, бюджетке төленгенін растайтын түбіртек.

Ол кезде бұл жобының қаржы ресурстары, қанша қаражат бөлінетіні, субсидия, несие алу кезінде кооперативтерге жеңілдіктердің болуы, лизинг мүмкіндіктері және тағы басқа мәселелерді анықталмаған болатын. Ауылдық копператив шаруашылығында әлі де материалдық-қаржылық ынталандыру механизімі дайын болмаған. Дегенмен, жобалар тіркеліп, кооператив мүшелерін тарту бойынша жұмыстар басталып кеткен еді. 

Айтпақшы, ауылшаруашылығы жануарларына тұқымдық зерттеу әдісін енгізу Шымкент қаласында жаңадан құрылған "Шаңырақ-Сүт" агроөнеркәсіптік кооперативінде басталған. Оның әлеуеті сүт өнімдерін ірімшік өнімі етіп қайта өңдеуге, қуаты тәулігіне 40 тонна түйіршіктелген жем шығаратын жемцехына жинақтауға, голштинофриз тұқымды сүтті табынды Татарстан мен Алтай өлкесінен және Ресей Федерациясынан сатып алуға мүмкіндік береді.

Агронесиелік корпорациясының оң қорытындысы алынды. Өндірісті кеңейту үшін шаруашылыққа егістік жем-шөп алқаптары қажет (қала оның шешімдерінің нұсқаларын аграрлық азық-түлік белдеуінде қарайды), бүгінгі таңда жем-шөп Қазғұрт және Түркістан алқаптарынан алынуда.

Кооперацияның бастапқы даму кезеңі командалық-әкімшілік болашағына қайта келуге болмайтынын бірден көрсеткенін ерекше атап өткім келеді. Кооперация үрдісін дамыту қағидалары және кооперация туралы қабылданған заң оған саналы және кезең-кезеңмен өту барысын қамтамасыз етеді, біз оны басшылыққа алуға тиіспіз. Мемлекеттен бөлінетін қомақты қаражаттың қайтарымы барынша пайдаланылуы тиіс.

Біздің пікірімізше, алдағы уақытта Шымкенттің ірі тауар өндірісін өндіретін кооперативтерді қалпына келтіру жөніндегі ғана емес, сондай-ақ ерікті түрде өздерінің мүдделерін қорғайтын жеке қосалқы шаруашылық құрған жағдайда (жеке қосалқы шаруашылықтардағы) аграрлық болашағы бар. Қалалық аграрлық сегментін кооперациялаудың бастапқы кезеңінде, оның дамыту Тұжырымдамасы және Шымкент қаласын аймақтарға бөлу бойынша ұсыныстар әзірленді.

Тимур БАЙМҰХАНОВ, 
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, экономика
ғылымдарының докторы

(Жалғасы бар)

Опубликовано в Экономика

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында еліміздің аграрлық секторы экономиканың жаңа драйвері болуы тиіс деп атап өтті. Бұл ретте ауыл шаруашылығын дамыту, оның ресурстарын, бірінші кезекте жерді, материалдық мүмкіндіктерді, өндірістік қорларды, қажетті ұйымдастырушылық іс-шаралар жүргізу кезінде еңбек ресурстарын дұрыс пайдалануға үлкен үміт жүктеледі.

 

57430fd963854Жаңа үлгіні қалыптастырудың негізі

Бүгінде ауыл шаруашылығын көтеру және дамыту үшін мемлекет тарапынан қаражат жеткілікті бөлінуде. Және аграрлық салада кооперация негізінде заңды түрде дамитын жаңа кезең басталады деп батыл айтуға болады.

Агроөнеркәсіп кооперациясының үрдісі жаңалық емес, ол ауыспалы табыспен дамып отырды. Кеңес одағының билігі кезеңінде ол бізге нақты сабақтар мен қорытындылар берген күштеп ұжымдастырумен жүргізілді.

Еліміздің аграрлық секторын дамытудың жаңа кезеңі үшін осы үрдістің негізін қалаушы қағидаттар және оның ішінде шаруашылық жүргізу түрлерін, әлеуметтік-экономикалық алғышарттарды еркін таңдау құқығының, осы үрдісті қолдаудың заңдық негіздері мен тетігінің болуы маңызды. 

2016 жылдың бірінші қаңтарынан Қазақстанда кооперация туралы жаңа заң қабылданды. Осы мәселе бойынша бұдан бұрын қабылданған Заңдар, дәлірек айтсақ, оның үшеуі іс жүзінде өз күшін жойды. Бұрынғы заңда қабылданған өзекті мәселелердің бәрі соңғы кооперация туралы заңда шоғырланған. Біріншіден, онда еріктілік қағидасы тіркелген.

Шын мәнінде, қазіргі заманғы кооператив – бұл жаңа үлгідегі құралымдар құру үшін өндіріс ресурстарын біріктіру. Осы үрдіске екпінді серпін беру үшін қазіргі таңда мемлекет кооперацияны дамытуды қолдауға үлкен қаржы бөліп отыр. Ұлт Көшбасшысының айтуынша, кооперацияны дамытуға 100 миллиардтан астам теңге бөлінеді. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтың мәліметі бойынша осы жылға 51 миллиард теңгеден артық қаржы берілген. Бөлінген қаражат, соның ішінде кооперация үрдісінің даму барысын ынталандырады. Айта кету керек, шаруалар бұған үлкен қызығушылық танытуда.

Уақыт келді

Кооперация үрдісінің маңыздылығы мен қажеттілігі көптеген алғышарттарымен анықталады. Егер, кеңес уақытының ұжымдастыру және индустрияландыру кезеңін мысалға алатын болсақ, онда сол кезеңнің көптеген ғалымдары және оның бірі Алов-Лапскер » қазір, жиырмасыншы жылдары тек ертең жүзеге асыруға болатын істер атқарылуда» деп сол кездің өзінде атап өткен. Шындығында ол кездері агроиндустриалды комбинаттар құру процесін жүзеге асыру мен дамытудың жеткілікті алғышарттары болмады. Бұл қалыптасуға мәжбүрлеп енгізілген шаруаларға ауылшаруашылық шикізаттары алыстан тасып жеткізіп отырылды. Ең алдымен не материалдық, не қаржы ресурстары жеткілікті болмаған.

Біздің Президент бұрынғы жылдардың тәжірибесін ескере отырып, бұл үрдісті іске асыру бойынша үкіметке уақытылы тапсырма берді. Нақты заңнамалық негізі, өндірістің әлеуметтік-экономикалық шарттары мен материалдық-қаржы ресурстары дайындалған. Шаруалар жеке дара жұмыс атқарып, ұсақ тауарлар өндірумен айналысты және өз тәжірибелерінде ірі тауар өндірісін дамыту үшін ерікті түрде кооперативке бірігу қажет екендігіне: онда оның әрбір мүшесінің беделді дауысы бар, бір кооператив мүшесі – бір дауыс екеніне көздері жетті. Бүгінде елімізде ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілетін кооперация нысандарымен қамтылмаған 500 мыңнан астам жеке қосалқы шаруашылықтар мен ұсақ фермалар бар.

Аграрлы Шымкент

Шымкентте 3900-ге жуық жеке қосалқы шаруашылығы ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі бөлігін өндіреді, оның ішінде 65% ет пен 87% сүтін миллион халқы бар қала тұтынады. Облыс орталығында шамамен 240 жеке кәсіпкер, ауыл шаруашылығы кооперативтері мен ЖШС бар.

2012 жылмен салыстырғанда Шымкент қаласының алаңы жаңа бас жоспарға сәйкес 40 мың гектардан 117 мың гектарға дейін үш есе артқан. Оның ішінде ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы 62 мың гектарды құрайды. Бұл дегеніміз Шымкент қаласын тек Қазақстанның оңтүстігі емес, еліміздегі, сонымен қатар Орталық Азиядағы бірегей қала екенін көрсетеді. Өйткені олардың көбісінің азық-түлік қауіпсіздігі мен таза экология белдігі болып саналатын мұндай агроөнеркәсіптік потенциалы жоқ. Президентіміз дәл осындай белдеулерді мегаполистердің айналасында қалыптастыру туралы айтты.

Иә, қаланың өсу болашағы әлі алда. 2030 жылға дейін 62 мың га ауылшаруашылығы жерлерінің 20 мың гектары тұрғын-үй құрылысы мен қаланың инфрақұрылымына кетеді. Дегенмен, 42 мың га жер ауылшаруашылығы мақсатында қалады. Оларды тиімді пайдаланылған жағдайда суармалы жерлер 40 %-ға және ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігі кемінде бір жарым есеге өсуі тиіс. Демек, біз ауылшаруашылық өндірісінің көлемін арттырып қана қоймаймыз, сондай-ақ мал шаруашылығының өнімділігін арттырамыз.

Бүгінгі күні Шымкент қаласы бойынша ауылшаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 22 миллиард теңгеге жетті. Қазір Шымкент қаласы аграрлық өндірісінің көлемі және ауылшаруашылығы алқаптарының аумағы жағынан ОҚО-ның 14 аудандарының арасында жетінші орында тұр. Байқасаңыз, соңында не болмаса соңғының алдында емес, ортасында. Осыдан кейін «бұл факторды тиімсіз пайдалануға біздің құқымыз бар ма?» деген сұрақ туындайды.

Шымкенттің шекарасының ішінде аграрлық азық-түлік белдеуі өнімді жеткілікті көлемде шығарады, тамаша инфрақұрылымы бар, облыс орталығына өзін-өзі қамтамасыз етудің кең мүмкіндіктерін ұсынады. Барлығы белгілі «егістік-дүкен» формуласын біледі. Шымкентте ол жақсы жүзеге асырылуда, яғни , жақын уақытта сәтті іске аспақ.

Соның ішінде логистика

Аграрлық аймақ аумағында – Шымкент қаласының азық-түлік белдеуінде сауда-логистикалық орталығы (СЛО) орналасқан. Біз СЛО секторының иелерімен бірлесе отырып оның базасында кооперативтер құру туралы бастамалар көтеріп отырмыз. Бұл ретте сауда-логистикалық орталығы секторы иесінің сыйымдылығы 10 мың тоннаға дейін жететін тоңазытқыштары бар. Әрине, сол үшін бұл қуаттарды жеміс-көкөніс және ет өнімдерімен толтыруға мүдделілік бар.

Өткен жылдардың тәжірибесіне жүгінсек, бұл СЛО ыдыстары өте нашар толтырылған. Өнім сапасыз, түрлері жеткіліксіз болған. Жалға алушылар мардымсыз шаршы метрді алып, өздерінің азғантай өнімдерін сонда сақтап отырған. Сондай-ақ, бұл алаңдар ауылшаруашылық өнімдерін мысалы, Қазақстанның басқа өңірлерінен әкелінген картопты сақтауға пайдаланылған. Бізге бұл картоп ерте күзде әкелініп, жаңа жылдан кейін солтүстік аймақтарға қайта шығарылған.

Ал қазір біздің алдымызда өзіміздің өнімімізді өндіріп, СЛО-да сақтап, оны одан әрі таратуды жүзеге асыру міндеті тұр. Міне, бұл тиімді! Міне осыған сауда-логистикалық орталықтары қоймаларының иелері қызығушылық танытуда.

Бұрын бұл идеяны жүзеге асыру үшін қажетті көлемде және тиісті сапада өнім болмаған. Ассортимент те жеткіліксіз болған. Ал кооперация бұл жоспарды жүзеге асыру үшін өте көп кеңшілік береді.

Көптеген ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілері кооперативтері СЛО қоймалар базасында кооперативтер құруға тілек білдіруде. Бұл өте тиімді. Өндірушілер СЛО қоймалардың иелерімен шартқа отырып, өздерінің өнімдерін осы қоймаларда сақтауға тапсыратын болады. Шартта ауылшаруашылық өнімдерінің көлемі, ассортименті, сапасы, көрсетіліп, болашақта сәтті жүзеге асырылады.

Ғылым – көмекке келеді

Бұл – осы бағыттағы алғашқы қадамдар ғана. Бұл жұмыс 2016 жылдың қаңтарынан басталған болатын. 2016 жылдың соңында біз 15-тен астам кооперативтер құрдық. Осы жобаларды іске асыру үшін біз ең алдымен кооперация туралы заңның авторларын және Қазақ агроөнеркәсіп кешені экономикасы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарын шақырдық. Олардың фермерлер мен Шымкент қаласы әкімдігінің аграрлық бөлімінің қызметкерлерімен кездесулері ұйымдастырылды.

Бұл шаруа қожалықтарында көшпелі семинарлар ұйымдастыруға түрткі болатын өте қызықты және пайдалы іс-шара болды. Онда біз ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерді жеке кооперативтер құруға, сонымен бір мезетте жергілікті ғалымдарды ойлап тапқан технологиялық элементтерін өндіріске ендіру жөнінде ұсыныстар айтуға шақырдық.

Мәселен, профессор А. М. Аширов тұқымдық және отырғызылатын материалды себу алдындағы өңдеу технологиясын ойлап тапқан. Онда ол тұқым мен отырғызылатын материалды өңдеу мен себу уақытын анықтау үшін алғаш рет космогеофизикалық әдістер пайдаланған. 

Технология жан-жақты. Оның негізінде «Ауыл шаруашылығы дақылдарының биорезонансты белсенділігін күшейту заңдылықтары» мәнісін ашудың сыры жатыр және ол дәстүрлі агротехнологияны өзгертуді қажет етпейді. Ол кез келген жерде қолданылады және ауылшаруашылығы дақылдарының 11 түрінде сыналған, оның ішінде бидай, арпа, мақта өсімдігі, күріш, қызылша. Барлық жағдайларда өнімділіктің үштен бірге артқандығы тіркелген. Бұл технология Қазақстанда, Ресейде, Өзбекстанда, Украина, Германия, Түркия, Канадада сынақтан өткен.

Ресейлік және германиялық сараптамадан кейін (Ганновер) профессор А.Ашировке ғылыми жаңалықтары үшін Ресейдің дипломы берілді (10.12.2004 жылғы №272 қаулысымен), төрт патент алынды және Қазақстанның авторлық куәлігі берілді. Зерттеу нәтижелері бойынша бес монографиясы, соның ішінде шетелде де жарияланды. Ұсынылып отырған инновациялық технологиялардың ауқымдылығын ескере отырып, авторларға қалалық, облыстық әкімдіктер және мемлекет тарапынан қаржылық қолдау қажет.

Бұл технологиялардың егжей-тегжейі «Казахстанская правда» газетінің 30 сәуір 2005 жылғы санында «Открытие глобального значения», «Мегаполис» газетінде (№9 (222) 5.03.2005 ж.) «В лучах славы» және 18.04.2005 жылғы «Революционный прорыв» атты мақалаларда жарияланған.

 

Тимур БАЙМҰХАНОВ
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, экономика
ғылымдарының докторы

Опубликовано в Әлеумет