Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Тассай» индустриалды аймағында болып, өнеркәсіптік аймақта атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

806

Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жанындағы қоғамдық кеңес мүшелерінің Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің мүшелерімен кездесуі өтті.

808

Ресейлік инвесторлардың қатысуымен Шымкентте ірі инвестициялық жобалар жүзеге асып жатыр

Шымкент пен Ресей арасындағы экономикалық байланыстар жылдан жылға артып келеді. Ресейлік инвесторлардың қатысуымен еліміздің үшінші мегаполисін дамытуда маңызды рөл атқаратын ірі инвестициялық жобалар іске асырылуда. Осы инвестициялардың арқасында Шымкентте жаңа өндірістер пайда болуда. Яғни, қалада жаңа жұмыс орындары да ашылады деген сөз. Мұның өзі қала тұрғындарының әл-ауқатының да артуына ықпал етері сөзсіз.

investisa

Шымкент қаласында 2023-2027 жылдары жүзеге асырылатын жалпы құны 1,8 трлн теңгені құрайтын 275 инвестициялық жобаның пулы жасақталған. Бұл жобалардың орындалуы жаңадан 32 мыңнан астам жұмыс орындары ашуға мүмкіндік береді.

Бұл туралы Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Біржан Әзімбердиев мәлімдеді.

– Биыл құны 128 млрд. теңгені құрайтын 48 инвестициялық жоба іске асырылып, 3 108 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда аталған жобалардың ішінде жалпы құны 40 млрд. теңгені құрайтын 20 инвестициялық жоба іске асырылып, онда 1 183 жаңа жұмыс орны пайда болды. Қала экономикасына инвестиция тарту кезінде, әсіресе, өңдеу өнеркәсібі саласына ерекше назар аударып отырмыз. Бұл секторда 2027 жылға дейін жалпы құны 401,5 млрд теңгені құрайтын 103 инвестициялық жоба іске асады. Аталған кәсіпорындарда 10 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Соның ішінде биыл жалпы құны 14,4 млрд теңгеге 14 инвестициялық жобаны іске асырып, 605 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланды. Қазірдің өзінде өңдеу өнеркәсібі саласында 3 инвестициялық жоба іске асырылып үлгерді, – дейді Біржан Қанатұлы.

Биыл іске асырылған жобалардың арасында «Shymkent Temir» ЖШС-інің болат блюм өндірісін кеңейту жобасы назар аударуға тұрарлық. Компания өндірістік қуатты арттыру үшін 5 млрд. теңге инвестиция салды. Нәтижесінде 250 жұмыс орны құрылған. Ал, «NURTAU DISTRIBUTION COMPANY» ЖШС-і дымқыл майлықтар, сұйық және қатты сабын шығаратын зауыт ашты. Зауытты салуға, оның ішкі инженерлік инфрақұрылымын жүргізуге және өндірістік қондырғыларды орнатуға 4,9 млрд. теңге инвестиция құйылған. Бұған дейін мұндай өнімдер негізінен шет мемлекеттерден импортталып келген болса, ендігі жерде 40 адам жұмыс істейтін жаңа зауыт жергілікті нарықты дымқыл майлықтар, сұйық және қатты сабынмен қамтамасыз ете бастады.

Сонымен қатар биыл «Unitex VOSTOK» компаниясы 350 млн. теңге инвестиция сала отырып, жиһаз фабрикасын ашса, ал, «ЭКО-ФАРМ» ЖШС-і медициналық бұйымдар мен жеке қорғаныс құралдарын, оның ішінде әртүрлі модификациядағы бір реттік маскаларды, қорғаныс киімдерін, обаға қарсы жиынтықтарды шығаратын зауыт салды. Бұл кәсіпорынды ашуға компания 555 млн. теңге инвестиция салған. Жаңадан ашылған зауытта қазір 40 адам еңбек етіп жатыр.

Айта кетейік, 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Шымкент қаласына 434,3 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 26,9 пайызға жоғары. Жыл соңына дейін қала экономикасына 721,7 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Демек, бұл көрсеткіш те 2022 жылмен салыстырғанда 32 пайызға артады деген сөз.

el-birligi

Қазақ тарихындағы қанды да, қасіретті оқиғаның бірі – «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама». Тәуке хан дүние салған соң, үш жүздің дербестеніп, бір-бірінен алшақтануы, яғни, орталық биліктің жойылуы Қазақ хандығының қуатын кемітті. Ал, жоңғарлар болса, бұл кезеңде өздерінің ішкі қайшылықтарын реттеп, әскерін күшті етіп жарақтады. Ресей империясымен қарым-қатынасын жақсартып, көрші мемлекеттерден қару, оқ-дәріні көптеп сатып алды. 1715 жылы орыстарда тұтқында жүрген швед шебері Ренатты қолдарына түсіріп, зеңбірек құю технологиясын меңгерді. Сөйтіп жойқын қаруына сүйенген жау 1723 жылдың көктемінде жайлауға көшуге қамданған бейқам қазақ еліне жоңғарлардың қалың қолы тұтқиылдан шабуыл жасады.

Қазақ халқының басына бұрын соңды болмаған зобалаң күн туып, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға» ұласты. Жоңғарлар Қазақ жерінің территориясын дерліктей басып алды. Үдере шегінген қазақтар Ходжент, Самарқан, Бұқара иеліктеріне дейін өтті. «Елім-айлаған» халықтың көбі Сырдан өтіп, Алқакөлге жетіп құлады. Кейбір тайпа-рулар Қызылқұм, Қарақұм ішіне сіңді. Қазақ халқына ұлт ретінде жойылып кету қаупі туды. Кейбір рулар шапқыншылықта басқа ұлттарға сіңіп кетті. Ал, жойылмай қалған қазақ ру-тайпаларының батырлары жандарын пида етіп, елін алға жіберіп, әр түрлі жанкешті ұрыс тәсілдерін қолданып, елін аман алып қалуға тырысты.

«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» – қазақ халқының жоңғар шапқыншылығы салдарынан басынан кешкен ауыр қасіретін, босқыншылыққа ұшыраған кезеңін бейнелейтін ұғым. Биыл бұл тарихи оқиғаға 300 жыл толып отыр. Алайда, осы күнге дейін халқымыздың басына төнген трагедия толығымен зерттеліп бітпеген сияқты. Үш ғасыр өткен қасіретті кезеңнің шындығына қатысты бүгінгі тарихшылар пікірі қарама-қайшылыққа толы. Мәселен, қазақ халқын қырып-жойып, жерін басып алуды көздеген шапқыншылық кезінде жоңғар мемлекеті мен Ресей патшалығы одақтас болды деген пікірлер де бар. Яғни, орыстар Қазақ Ордасын әлсірету үшін жоңғарларды айдап салып, сол уақытта өздері атамекенімізге әскери бекіністерін салып, отарлап алып жатқан.

el-birligi 1

Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» тарихи оқиғасының 300 жылдығына арналған «Қазақты сансыратқан қанды қасап» атты іс-шара өтті. Тағылымды басқосуда тарихшы ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері ұлт басына түскен трагедияның жай-жапсарын әңгімелеп, одан қандай сабақ алуымыз керектігі жайлы тұшымды пікірлерін айтты.

Басқосуды Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі директорының орынбасары Гүлмира Серікбаева ашып, жүргізіп отырды. Жиынға Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының аға оқытушысы, тарихшы Қабыл Алғабек, М.Әуезов атындағы ОҚУ аға оқытушысы Ғалым Қасымхан және Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының мәдениет және тарихи мәдени мұраны сақтау бөлімінің басшысы Ақбөпе Ермұханқызы қатысып, өз ойларын ортаға салды.

– Ата-бабаларымыз өздерінің көшпелі өмір салтына байланысты жайылымдарды тиімді пайдалану мақсатында бір-бірінен алшақ отыруға тырысқан. Әр рудың қыстауы бір-бірінен алыс орналасқандықтан олардың арасында қыс мезгілінде көп байланыс бола бермеген. Мұны жақсы білген жау қазақтарға қарсы жорықтарын үнемі қыстың соңғы айларында бастаған, сонда халқымыздың бас қосып, бірігіп, қуатты әскер шығара алмайтынын білген. Оның үстіне Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін орталықтандырылған хандық билік әлсіреп, әр жүздің өз ханы сайлана бастаған. Бұл да ел мен жерді қорғайтын тұтас, қуатты әскердің құралуына кедергі болған. Міне, осындай тарихи алғышарттар қазақ халқының жоңғар басқыншыларынан ойсырай жеңілуіне әкеп соқтырған, – дейді Қабыл Алғабек.

Оның айтуынша, арадан үш жыл өткенде үш жүздің басы қосылып, Ордабасы құрылтайын өткізген. Осыдан кейін ғана қазақ әскері ұлы жеңістерге жетіп, ата қонысын азат етті.

– Мемлекеттің ең басты функциясы – халықтың амандығы мен жердің тұтастығын ішкі дау мен сыртқы даудан қорғау. Яғни, қазіргі тілмен айтқанда ұлттық қауіпсіздікті сақтау. Ең жоғары дәрежедегі ұйымдастырушы аппаратымыз – тәуелсіз, дербес әрі қуатты мемлекетіміз болмаса, жеріміздің тұтастығын да, халқымыздың амандығын да қорғай алмаймыз. Демек, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атты тарихи оқиғадан алатын сабағымыз мынадай: қазіргі тәуелсіз мемлекетіміздің қадірін біліп, әрбіріміз ұлттық бірлікті нығайтуға күш салуымыз керек. Әйтпесе, еліміздің бірлігі әлсіреп, берекесі кеткен жағдайда тарихтағы қасіретті жағдайлардың қайталанбасына ешкім кепілдік бере алмайды, – дейді Қ.Алғабек.

el-birligi 2

Иә, «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, Алтау ала болса ауыздағы кетеді» деген сөз ешқашан өміршеңдігін жоймақ емес. Бабаларымыздың алауыздығы халқымыздың «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға» душар болуына әкеп соқты. Бірақ, ел басына күн туған сол қиын-қыстау сәтте қазақтың хан-сұлтандары мен би-батырлары қайта бас қосып, бірлігін қалпына келтірді. Сол бірліктің арқасында қазақ ұлты халықтың сипаты мен мемлекеттілігін сақтап қалды. Сонда үш ғасыр бұрынғы тарихи оқиғадан алатын сабағымыз біреу ғана: ел бірлігі бәрінен қымбат.

Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында «Шымкент өнімдері» атты көрме өтіп жатыр. Онда жергілікті тауар өндірушілер өздері шығаратын өнім түрлерін қала тұрғындары мен қонақтарына таныстыруда.

711

ЕР ЕСІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ

Пятница, 27 Октябрь 2023 04:07

Шымкент қаласындағы Абай саябағында тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіштің жанында еске алу шарасы өтті. Еске алу шарасы бір минут үнсіздіктен басталды. Мұнан кейін тәжік-ауған шекарасындағы қарулы қақтығыстың ардагерлері ерлікпен қаза тапқан майдандастарының рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

762

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен қалалық мәслихатының кезекті сегізінші сессиясы өтті. Сессияның күнтәртібіне сәйкес, Шымкент қаласының 2023-2025 жылдарға арналған бюджетін нақтылау мәселесі қаралды. Бұл мәселе бойынша Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Есқараев баяндама жасады.

736

Страница 2 из 41