ҚАЗАҚ ӨНЕРІНІҢ ДАМУЫНА ЗОР ҮЛЕС ҚОСҚАН
Пятница, 06 Октябрь 2023 04:33Бүкіл саналы ғұмырын ұстаздыққа арнап, шәкірттеріне жан шуағы мен жүрек жылуын төгіп жүретін жандар болады. Солардың бірі де бірегейі – Райхан Мұртазақызы Каланова.
ШЫМКЕНТТЕ ҚЫЛМЫС ПЕН ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ АЗАЙДЫ
Среда, 04 Октябрь 2023 04:47Жуырда Шымкент қаласы мәслихатының жетінші сессиясы өтті. Жиынды мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов ашып, жүргізіп отырды. Сессия жұмысына Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.
БІЛІМ САЛАСЫ АРДАГЕРЛЕРІНІҢ ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМЫ ҚҰРЫЛДЫ
Среда, 04 Октябрь 2023 04:39Шымкент республикалық маңызға ие қала атанғалы шаһарда мектептер мен балабақшалар да едәуір көбейді. Оның үстіне мегаполисте белсенді, қоғамдық өмірден тыс қалмайтын, өмірлік тәжірибесі мол, өзіндік азаматтық ұстанымы бар мыңдаған ардагерлер өмір сүріп жатыр.
«ЖАҢА ӨМІР» – ЖАРҚЫН КЕЛЕШЕКТІҢ БАСТАУЫ
Среда, 04 Октябрь 2023 04:31Шымкентте шағын футболдан жастар арасында турнир өтті
Шымкент қаласында «Жаңа өмір» жобасы аясында өткен шағын футболдан пробация есебіндегі жастар арасындағы турнир мәресіне жетті.
ЖАҢА ТАРИФ САЯСАТЫ: БАҒДАРЛАМА ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТЫР?
Среда, 27 Сентябрь 2023 06:02Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тарифті инвестицияға айырбастау» саясаты белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Бұл жөнінде ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Айсұлу Әлібекова мәлімдеді.
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Среда, 27 Сентябрь 2023 05:59Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Абай ауданы тұрғындарымен кездесіп, елді мекендерде атқарылған жұмыстармен танысты. Онда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарылған жұмыстар баяндалып, алдағы жоба-жоспарлар сараланды.
ТАРИФТІ ИНВЕСТИЦИЯҒА АЙЫРБАСТАУ: КОМПАНИЯ 76 ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ГАЗ ҚҰБЫРЫН ЖАҢАРТУДА
Среда, 20 Сентябрь 2023 06:59Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Жолдауында монополиялы нарықтарда «Тарифті инвестицияға айырбастау» деген жаңа тариф саясатына көшу керегін айтқан болатын.
Президент ұсынған жаңа саясатқа сәйкес қайсы монополист инфрақұрылым желілерін жаңартуға инвестиция салса, мемлекет сол компанияға коммуналдық тарифтерді өсіруге рұқсат береді.
ШЫМКЕНТ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СЕРПІЛІС ЖАСАУЫНА ҮЛЕС ҚОСАРЛЫҚ ӘЛЕУЕТКЕ ИЕ ҚАЛА
Среда, 20 Сентябрь 2023 06:50Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында «Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету. Сондықтан өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беруіміз қажет. Біз ел тағдыры үшін айрықша мәні бар бірқатар жобаны жүзеге асыруымыз керек. Экономиканы әртараптандыру бұрынғыдан да маңызды міндетке айналуда» деді.
Бүгінде Шымкент қаласында да экономиканың нақты секторын дамыту және әртараптандыру бағыттары бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Мұны қаланың өнеркәсіп және кәсіпкерлік саласындағы дамуының 7 айдағы қорытындыларына қарап та айтуға болады.