«ШЫМКЕНТ ӨНІМДЕРІ» – ҚАЛАНЫҢ ӨНДІРІСТІК ҚУАТЫН ПАШ ЕТЕТІН АЛАҢ Избранное

Среда, 01 Ноябрь 2023 03:53 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 615 раз

Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында «Шымкент өнімдері» атты көрме өтіп жатыр. Онда жергілікті тауар өндірушілер өздері шығаратын өнім түрлерін қала тұрғындары мен қонақтарына таныстыруда.

711

 

Көрмеге қала экономикасының тірегі саналатын өнеркәсіп саласындағы жетекші кәсіпорындар мен қатар шағын өндіріс орындары, барлығы 100-ге жуық компания қатысып жатыр.
Көрмеге қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы келіп, кәсіпорындар шығаратын өнім түрлерімен танысты. Шаһар басшысы кілем, тоқыма өнімдері, киім мен аяқ киімнен бастап, өндірістік қондырғылар, құрылыс заттары, тұрмыстық химия және тамақ өнімдерге дейін танысып, тауар өндірушілермен пікір алмасты.
Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, өзімізден шығатын өнімдер көрмесі тұрақты түрде өтетін болады. Ондағы мақсат — дайын өнімдерді өткізу нарығын қарастыру, экспортқа бейімделген тауар түрлерін ілгерілетуге мүмкіндіктер ашу, шығарылған өнімдердің СТ-KZ отандық сапа стандарты талаптарына сай болуына ықпал ету, іскерлік байланыстарды арттыру.
Айта кетейік, Тәуелсіздік жылдарында Шымкент қаласының экономикасы едәуір түрленді. Мегаполисте құрылыс индустриясы, машина жасау, мұнай-химия, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өндірісі, текстиль өнеркәсібі, фармацевтика, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу және басқа да өндірістік салалар қалыптасты.