– Президент сайлауы – бұл еліміз үшін аса маңызды шара. Сондықтан мен де бүгін елдің әрбір азаматы секілді, қоғамымызда бейбітшілік пен тұрақтылық болу үшін, сондай-ақ халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында жүргізіліп келе жатқан реформалардың жалғасын таба беруі және ұл-қызымыздың жарқын келешегі үшін дауыс бердім, – деді
Д. Сатыбалды.
Айта кетейік, сайлау күні Оңтүстік Қазақстанда 1029 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Оның 222-сі Шымкент қаласында орналасқан болатын.